І тарау. Педагогтың КӘсіби дамуының теориялық негіздері



бет13/15
Дата23.05.2022
өлшемі93,72 Kb.
#35339
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Куурсовой Аяжаннн (1) — копия

Кәсіби біліктілік - бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъектінің үнемі
өсу үстінде болатын өзін-өзі дамыту үдерісі. Осыдан келіп кәсіби
біліктілікті іс-әрекеттегі субъектінің жеке интегративті қасиеттерінің
мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды.
Әдебиеттер мен нормативтік құжаттарда: «Оқытушының кәсіби
біліктілігі ретінде оның педагогикалық қызметі, педагогикалық қарым-
қатынасы, мейлінше жоғары деңгейде жүзеге асырылатын еңбегі,
мұғалімнің жеке қасиеттерінің жүзеге асырылу көрсеткіштері,
оқушыларды тәрбиелеу және оқыту ісіндегі биік нәтижелер мен
жетістіктері ескеріледі». Өз кезегінде «білікті маман - мамандыққа
тән нормалауды меңгерген, өз бетінше кәсіби мақсаттарды жүзеге
асыра алатын, уәждемесі мен өзін-өзі жүйелеудің жоғары деңгейін
иемденген, өзін-өзі басқара білетін адам», - деп көрсетіледі.
Кез келген білім беру мекемесінде кәсіби шеберлікті көтеру
мәселесі педагогикалық ұжымды қалыптастыру кезеңінен басталады.
Оқытушының кәсіби шеберлігін, біліктілігін көтеру - білім беру сапасын
көтерудің ең маңызды шарттарының бірі.
Кәсіби шеберлікті қалыптастыру - оқытушының шығармашылық
жеке тұлғасын қалыптастыру, жаңаны қабылдауға деген дайындықты
қалыптастыру, педагогикалық инновацияларға деген қабылдауларын
дамыту.
Біліктілік - игерілген білімдер мен өмірлік тәжірибе негізінде
орындалуы тез, дәл, саналы теориялық және тәжірибелік әрекеттерге
даярлық. Жүйенің мазмұны мен мақсатын, әдіс-формаларын, ұстанымдарын,
білім алушылар мен оны ұйымдастырушылар арасындағы
қарым-қатынасты өзгерту жаңа нәтижелерге әкеледі. Бұл мәселені
шешу жолдарының бірі - осы дидактикалық жүйедегі негізгі бөлік
оқытуды жаңаша ұйымдастыру немесе технологияландыру деп
түсінеміз.
Орыстың белгілі педагог ғалымдары Н.Крупская, А.Луначарский,
A.Макаренко, В.Сухомлинский, Н.Блонский және басқалары - мұғалім
даярлаудың негізін қалаушылар. Қазіргі ғалым педагогтар, психо-
лог әдіскерлер В.Сластенин, С.Полянский, Л.Керімов, А.Қадыров,
А.Щербаков, К.Әбдімажитұлы, Н.Кузьмина, т.б. жоғары оқу орын-
дарын білім мен біліктілікті, кәсіби іскерліктерді жетілдірудің және
мұғалімдерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудың бірден-бір үдерісі
ретінде дәлелдейді.
Біздің елімізде кәсіптік білім берудің екі сатысы бар: орта мамандар
даярлайтын арнайы оқу орындары, жоғары мамандар даярлайтын
оқу орындары. Кәсіптік білімнің негізі - жалпы және политехникалық
білім.
Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет.
Сонымен, мұғалімнің кәсібилігі іс жүзінде жас ұрпақты өміргеәлеуметтік
қажеттілік деңгейінде дайындап шығаруды қамтамасызететін оның
психологиялық, педагогикалық және ғылыми-пәндікбілімдері мен оларға
сәйкес мәдени-адамгершілік бейнесі және беделіжиынтығының жоғары
сатысы болып табылады.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ -кәсібилік.
Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық
саладағы кәсібилігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет