І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы



бет3/7
Дата29.09.2023
өлшемі386 Kb.
#111399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дип.-Құтты-білік-дастанының-танылуы

1.2 Дастанның аударылуы

«Құтты білік» жазбасының мәдени мәні орасан зор. Х-Х1 ғасырларда араб-парсы Орта Азиядағы т‰ркі тайпаларының тілін жұтып қоюға дейін барып тұрғанда, Ж‰сіп Баласағұнның т‰ркі тілінде көлемді де к‰рделі дастан жазуы өз кезеңі ‰шін ‰лкен тарихи жаңалық болды. Дастанның көркемдік ерекшеліктері айтарлықтай биік болмаса да, осы тарихи қызметі жағынан жазба биік бағаланады. ¤йткені, «Құтты білік» Х-Х1 ғасырдағы Жетісу жерінде тұрған т‰ркі тайпаларының барлық салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың арасындағы т‰рлі жіктерді, қарым-қатынасты, мәдениетін және тілін толық қамтыған шығарма. Бұл реттен дастанды бір ғана хан-хақандар салтын жырлайтын шығарма деп бағалауға болмайды. Онда т‰ркі тайпаларының барлық салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда Қарахандар мемлекетінде тап теңсіздігінің ‰лкен орын алғаны байқалады. Бір жағынан хан сарайы, екінші жағынан бұқара халықтың өмірі суреттеледі. Сол себепті Е.Бертельс Ж‰сіп дастанындағы әділдік идеясын халық арманынан туған тілек деп дұрыс бағалайды. Ж‰сіптің өзі де ақс‰йектерден шыққан ‰стем тап өкілі емес, көбіне бұқара халыққа арқа с‰йеген ақын. Оның ақындар туралы сөзінде көшпелі елдерге тән ақындық өнерді дәріптеу салты да бар. Ақын өзін хандарға ақылшымын, халық өкілімін деп ұғындырады.


«Құтты біліктің» жарыққа шығуы Орта Азиядағы т‰ркі тілдес әдебиеттің оянуына зор әсерін тигізген. Одан кейін бұқара халыққа т‰сінікті тілде шығарма жазған ақындар аз болмаған. Солардың бастылары Қожа Ахмет Яссауи, С‰леймен Бақырғани, қыпшақ ақыны Құтып, тарихшы Мұхаммед Қайдар Дулати, Ахмет Иугнәки де Ж‰сіп ізінде «Шындық сыйы» деген дастан жазады. (Х11 ғасыр). Мұнысы жанр, стиль, тақырыбы жағынан Ж‰сіптің «Құтты білігіне» өте ұқса. Бір ғана айырма олардың кімге бағыштап жазылғандығында. Ж‰сіптің «Құтты білігі» хан-хақандарға арналса, Ахметтің өсиеттері бұқара халыққа бағышталған [19.73].
Сондай-ақ саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, оқу-ағарту, мәдениет деген мәселелерді ғұлама ақын өз дәуірінің талап тілектері тұрғысынан жырлайды. Сөйтіп Ж‰сіп Баласағұн бір жағынан - өз заманының ойшыл ақыны, ірі ғалымы, мемлекет қайраткері, тарихшысы ретінде, екінші жағынан - өз дәуірінің перзенті, феодал табының өкілі, ‰стем таптың сөзін сөйлеп, сойылын соғушы адам ретінде тарих сахнасына шықты. «Құтты білік» дастаны ақынның көзі тірі кезінде-ақ кеңінен тарап, т‰ркі тілінде жазылған ең жақсы кітап саналады. Бұл шығарма әр елде т‰рліше атпен мәлім еді. Мәселен, Шын елінің адамдары «Адабул – м‰лік» («Әкімдердің әдептілігі») деп, ал Мешін жұрты «Айнк‰л мамлакат» («Мемлекет тәртібі»), Шығыс елдерінің әкімдері «Зитнатул умаро» («Әмірлердің сән – салтанаты»), парсылар «Шаћноман туркий» («Т‰ркілердің шаћномасы»), тұрандықтар «Құтадғу біліг» («Құтты білім») деп атайды [ 17.158].
Бұл атаулардың қай - қайсысы болса да Ж‰сіп Баласағұн дастанының мемлекетті басқару істеріне, адамгершілік - мораль мәселелеріне арналғанын аңғартады.
«Құтты білік» дегенде «білік» формасының екі түрлі мән-мағынасы бар. Бірі –«білім», екіншісі – «билік ету», «басқару». Ал «құтадғу» сөзінің негізі «құт» сөзінен яғни «бақыт» екені мәлім. Сонымен бірге «құтадғу» сөзі «мәртебелі» деген мағынаны да білдіреді. Сондықтан В.В.Бартольд кезінде кітаптың атын орыс тіліне «Бақыт сыйлайтын білім» («Знание дарующее счастье»), немесе «Патшаларды ақылға шақыратын білім» («Знание образующее царей»), деп аудару жөнінде ұсыныс жасаған.
Ал, С.Е.Малов дастанды «Бақыт кітабы» («Книга счастья») яки «Бақытты етуші басқару » деп аудару жөнінде пікір айтқаны мәлім. Зерттеуші А.А.Валитова «Құтадғу білікті» - «Басқару туралы білім » деп аударады.
Бұл аудармалардың бәрі дерлік ішкі мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын деуге болады. Өйткені олар билік жүргізу хақында, түрлі әлеуьметтік топтағы адамдардың өзара қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жайында екенін аңғартады. «Құтты білік» дастанын тұңғыш рет орыс тіліне толық поэтикалық тәржіма жасаған С.И.Иванов бұл мәселеге өзінше келіп, дастанды «Құтты білім» («Благодатное знание») деп өте сәтті аударған. Өйткені бұл аударма Жүсіп Баласағұн дастанының негізгі идеясын айқын білдіріп тұр.
«Құтты білік» ежелгі түркі жұртының да поэзия түріндегі тұңғыш кітабы, адам мен қоғам хақындағы терең философиялық трактаты. Оны аудару көне түркі поэзиясының ішкі қасиеттерін бүгінге жеткізумен бірге, ежелгі тілдің қазіргі төркіндес түбірі бір тілдермен сабақтастығын, туысқандығын іс жүзінде көзге тосу деген сөз. Басқа аударма ерекшеліктеріне қарағанда көне тілден туысқан тілдерге аударудың өз тәжірибесі, өз сипат-заңдылықтары бар. Сөздердің бәз күйіндегі тұлғаларда кездесуі, мағынасы ұмытылған, ұмытыла бастаған тұлғасы таныс сөздер, тұрақты сөз тіркесиері, мақал-мәтелдер, образдар, метафоралар, жалпы поэтиканың тарихылығы – міне, осының барлығы тектес тілдерден аударудың өзіндік қиындықтары мен ерекшеліктерін түзеді. Бұл жерде еркін аударма да, мағыналық аударма да, көркемдеп, мазмұндап аударма да толық жемісті шыға бермейтіні заңды. Қазіргі тілдің ежелгі замандағы күретамыры іспетті көне түркі тілінің поэтикалық нәрін, көркемдік қуатын жасытпай, сонымен бірге дәл де тиянақты аудару бір жағы шеберлікті керек етсе, екінші жағынан үлкен жауапкершілікті жүктейді. Көптеген сөздердің тұлғалары сақталса да, мағынасы мүлде өзгеріп, түлеп шыққан, кейбір идиомдар мағынасын әлі күнге дейін өзгертпей сақтаса, кейбірі мүлде жаңа мағыналық қырынан көрінген. Оның үстіне тілдің қоғамдық-әлеуметтік факторлары бірі ретіндегі тарихылық нәрін қосыңыз. Міне, сан алуан қасиеттерін ескере келсек, әрі дастанның поэзия туындысы екенін еске алсақ, ежелгі, осыдан он шақты ғасырлар бұрынғы туындыларды қазіргі туыстас тілге аударудың барша мәселелері қордаланып шыға береді. Бұл аударма тәжірибесінде соңғы жылдары көрініс бере бастағанымен, теориялық тұрғыда тиянақталып белгілі бір зерттеу-зерделеу жұмыстары жасалып, ғылыми жағынан негізделмеген сала. «Құтты білік» секілді көне түркі мәдениетінің бірегей де бітімі берік туындыларын аударып, насихаттауда осы мәселелердің де ғылыми-тәжірибелік мәні өзгеше. Сонымен бірге мұндай сипатты аудармалар тілдің байлығын танытумен қатар, ұлттың эстетикалық таным өресінің қаншалықты таза да биік екендігін, тарихи поэтика тарапынан рухани дүниеміздің қаншалықты сан қырлы бай келетіндігінде аңғартады. Біз осынау көне түркі ескерткішінің бір жағынан өзбек, ұйғыр, қазақ, түрік тілдеріне аударылған (филологиялық, әдеби, жолма-жол аударма мәтіндерін) нұсқаларын, екінші жағынан орыс тіліндегі түрлі (еркін, жолма-жол) аударма нұсқаларын қарап, салыстыра келгенде көптеген ғылыми жайларды байқадық. Соларды түйіндей айтар болсақ, көне тілден қазіргі туысқан тілге аударғанда туындының көркемдік-эстетикалық табиғаты, тіл ерекшелігі, тілдің ғасырлар бойғы даму, түлеу, өзгеру тәжірибелері ескерілуі мүмкіндігінше толық жетуі шарт.
Бұл баға жетпес асыл қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани тіршіліктің бұрын-соңды өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, әрі тіл мәдениетіміздің ежелгі замандарда-ақ күретамыр өзегіне нәр болып, байланған бірегей қасиеттерін байыта түседі. Түрік дүниесінің құнарлы да тегеурінді өркениат әлемінің тұнық тұма, терең көмбелерінің көзін ашады. Сол арқылы біз дүниежүзілік тұтас бір өркениаттағы өз үнімізді танып, өз тінімізбен қауышатын боламыз. Жүсіп Баласағұн өмір сүріп, өлмес туындыларын жазған кезеңдердің шығармашылық құпияларына, тарихтың әлі де еркін таныла қоймаған қойнауларына жол табамыз. [10].
«Құтты білік» дастаны тарихи тынысы тереңге тартқан өркениаттың биік мұнаралары десе де саяды. Түркі әлемінің ғылымы мен мәдениетінің адам баласының рухани игілігіне қосылған парасат мәуесі.
«Құтты білік» кітабындағы тіл қазынасы, ерекшелік сипаттары, асыл мұрасы қазақ елінің де мерейін өсіреді, еңсесін көтереді деп кәміл сенеміз. Мамандар мен зерттеушілердің аз тобының ғана еншісі болып келген осынау асыл қазына, қастерлі мұра жаңа толқынның, жалпы халықтың назарына ілігіп, ұлттық игілікке айналған сайын, ұлттық қасиетіміздің ғасырлар қойнауында тұнып аққан кәусарына қана түсеміз. Таза бастауға ден қойған мәдениеттің ғана рухы биік, тынысы кең, тіні таза. Кезінде осыдан он ғасыр бұрын ұрпақ, болашақ қамын ойлап аса білікті, талантты ғұламаның мұратты мақсаты да орындалады. Қазақ тіліне аударып жариялау, зерттеу де кезі келген іс деп ойлаймыз. Оның сәті еліміз еркіндік алып, тәуелсіздік түтінін түтеткеннен кейін ғана түскендей. «Құтты білік» дастанын тұңғыш рет қазақ тіліне 1986 жылы Асқар Егеубайдың аударуымен жарық көрді.
«Кезінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» аудару үстінде сөздік ретінде пайдаланып, маңызына, құндылығына еркін көзім жеткен ұлы мұраны исі қазақ һакімдерінің қызметіне жарату іште жүрген үмітті мақсатым, әр жылдары тиіп-қашып қарастырып, аударыстырып жүрген зерттеу ісім еді. Соның реті енді келгендей болды. Бұл жерде бүкіл аудару ісіндегі ішкі тынысты түгел әңгімелеп жатудың мүмкіндігі жоқ, ол қажет те емес. Өлеңдер мен мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жырлар, аңыздар бәз күйінде еш әрлендірусіз аударылды. Кейбір мәні де, көркемдік түзілімі де үйлесіп, құйылып тұрған тұстарда болмаса, өлеңдердің аудармасын көркемдеуге әдейі ұмтылмадық, төл бітімін, мазмұн-мағынасын, тілдік түзілімін бұзбауға тырыстық. Бұл көркем шығарма емес. Ғылыми еңбек. Тіл таныту саласындағы зерттеу. Сондықтан, ғылыми-анықтамалық зерттеуге тән сипаттар сақталуы шарт. Яғни, әрбір сөздің тініндегі белгілері, қасиеттері, бітімі құбылып, өзгеріп түспеуі тиіс. Оның үстіне тарихи мұра. Тарихи деректілік сипаты да аса маңызды. Кітаптың көпшілігі қолдануына ыңғайлы, ұғынықты, барынша тұжырымды болуын қатты ескердік», - дейді Асқар Егеубай [12.139].
Жүсіп Баласағұн сынды білімі дария, өресі ен жайлау, өз заманындағы ілім-білімді жете игеріп, ілгері апарған ұлы тұлға, адамзат өркениатының жарық жұлдызы. Оның қоғамдық-әлеуметтік ойлары, ғылыми зертеулері мен тұжырымдары түркі тектес елдерді танымның таусылмайтын тұнық көздеріне бастайтын күретамыр арнасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет