І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы


Дастанның тақырыбы мен сюжеттік



бет5/7
Дата29.09.2023
өлшемі386 Kb.
#111399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дип.-Құтты-білік-дастанының-танылуы

2.2 Дастанның тақырыбы мен сюжеттік
құрылысы
Ежелгі әдеби мұралардың ерекшелігі көркемдік таным д‰ниесі мен әдеби тіл құнарын, шығарманың поэтикалық жаратылысын табиғи ұштастыруы. «Білікті мен біліксіз қашан тең болып еді», «Біліксіз майсыз с‰йек тәрізді», "Білікті ер өлді, аты өлмеді, Біліксіз өлген сәтте аты да өшті», - деген білік туралы т‰йінді тұжырымды ойлары Ж‰сіп Баласағұн тебіреністеріне іш тартады. Білікті бол, тілді бол. Сол білік пен тілді ұтымды қолдан. Сонда елден ерек білімді боласың, басың да амандықта, құтты, баянды ғұмыр кешесің. Ж‰сіп Баласағұн ақыл, білім тілмәші - тіл, сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар дейді.
Т‰ркі сөз өнерінің, тілінің ерекше бір дамып, жетілген тұсында жазылғандықтан болар қарахандар дәуіріндегі ескерткіштерден шығарманың бітіміне сәйкес тілдік ерекшеліктері де айқын дараланады. «Құтты білік» қалай дегенде де поэзиялық туынды; соған орай тілі көркем, бейнелі, әсерлі болып келеді. ¤лең сөздің өлшемі мен талаптары айқын.
Қай-қайсында да т‰ркі тілінің таза табиғаты адастырмайды. Кірме сөздер сирек, жоққа тән. Бола қалғанда да дәст‰рлі т‰рде жарасып, кірігіп сіңісті болған сөздер ұшырасады. Араб-парсы сөздерінің әсері бар деп ж‰рген «Құтты білік» дастанының өзінде небары 400-ге тарта иран-парсы сөздері кездеседі. Оның да дені кісі, жер аттары. Есім сөздердің бейнелілігі, мәнерлі мағыналы келетіндігі т‰ркі сөзінің табиғатындағы бар өрнектілік, ежелден келе жатқандығын байқаймыз. «Құлабыз», «Ертіс», «г‰р», «алып», «шабақ» секілді кез-келген сөзді дәлелге келтіруге болар еді. Осы сөздің әрқайсысының мағыналық астары бар [12.97].
«Құтты білік» дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп жазылған: Біріншісі, Мемлекетті дұрыс басқару ‰шін қара қылды нақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде К‰нтуды патшаны көрсетеді.
Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
‡шіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролі уәзірдің баласы ¦ғд‰лміш бейнесінде жырланады.
Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одг‰рміш бейнесі арқылы әңгіме болады.
Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Бұл 13.000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи т‰рінде жазылған [12.162]. Қорытынды іспеттес ‰ш тарау өзара ‰ндесіп келеді де, негізгі текстен ұйқас, ырғақ өлең құрылымы жағынан өзгешелеу шыққан.
«Құтты білік» дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни шығармашылық әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаћарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған. Дастанның сюжеті мейлінше қарапайым болып келеді.
К‰нтуды деген патша өзінің әділ саясатымен жер-жићанға есімі мәшћ‰р болады. Құдіретті де, әділ патшаның атақ-даңқын есітіп, оған іштей тәнті болған Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп алыс жолға аттанады.¦зақ сапарда көп қиыншылықтарға ұшырап ақыры К‰нтудыны іздеп табады. Патша алдымен Айтолдыны жан-жақты, әбден сынап көреді. Ақыры оны патша өзіне уәзір етіп алады. Патша енді мемлекеттің барлық істерін уәзіріне сеніп тапсырады. Айтолды уәзір кезінде ел-жұрттың жағдайы жақсарып, бақ-дәулеті арта т‰седі.
Жазылмас дертке шалдыққан Айтолды к‰ндердің к‰нінде жарық д‰ниемен мәңгілікке қоштасады. Уәзір ажал төсегінде жатып, К‰нтуды патшаға және жастай қалып бара жатқан ¦ғд‰лмішке өсиет-уағыз айтады. Арада талай жылдар өтеді. ¦гд‰лміш ер жетіп, К‰нтуды патшаның қарамағына қызметке кіреді. Ол жас та болса, аз уақыттың ішінде-ақ өзінің іскерлігімен, адамгершілігімен көзге т‰седі. Бірте-бірте ол әкесінің орнын басып, патшаның ең жақын, сенімді адамы болады. Патша енді мемлекет істерін соған тапсырады. ¦ғд‰лміш ел басқару ісін әкесінен де жақсы ж‰ргізеді. Ел-жұрттың бақ-дәулеті еселеп, артып, ол басқарған мемлекет жайқалған г‰лстанға айналады.
Бір к‰ні патша онымен әңгімелесіп отырып, ¦ғділмішке көмекші болуға жарайтындай білгір, іскер адам керектігін айтады. Сонда ¦ғд‰лміш іске әбден лайықты бір туысқаны бар екенін ескертеді. Ол адамның аты Одг‰рміш екен.
Патша ¦ғд‰лмішке қалайда сол кісіні тауып, маған ертіп әкел деп өтініш жасайды. ¦ғд‰лміш көп іздеп, ақыры Одг‰рмішті табады. Бірақ ол бұл өмірдің бар қызығынан безіп, тәркі д‰ние жолына т‰скен дәруіш болып, тау кезіп кеткен екен. Дана-дәруіш бес к‰ндік пәни өмірдің к‰йбең тіршілігіне қайтып оралғысы келмейтінін айтып, патша сарайындағы жоғары лауазымнан, абырой-атақтан, д‰ние-м‰ліктен бас тартады.
Жылдар жылжып өте береді. Бір к‰ні Одг‰рміш ауыр науқасқа шалдығып, ¦ғд‰лмішті шақыртады. Ол келеді. Дәруіштің жазылмас кеселге ұшырағанына ¦ғд‰лміш д‰ниеден өтеді. Ал, ¦ғд‰лміш өз ісін одан әрі жалғастыра береді. Дастанның хикясы осымен бітеді [17.162].
«Құтты білік» дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес. Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларды көмекші қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе шығарма қаћармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаћармандар арқылы айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауаптарында жатыр.
Шығарманың негізгі тематикалық бағыт-бағдарын автор дастанның басты қаћармандарымен оқушысын таныстыру арқылы аңғартады. Мәселен, ел-жұртты басқарып отырған патшаның есімі К‰нтуды болып, мұның өзі аллегориялық тұрғыдан әділдікті, шындықты бейнелеп көрсетуі тегін емес. Сондай-ақ патшаның уәзірі Айтолды да бақ-дәулеттің символы ретінде көрінеді. Шығармада аспандағы айдың дөңгеленіп, толуы - елдің бақ-дәулетінің кемеліне келгенін аңғартады. ¦ғділміш - ақыл-парасаттың бейнесі ретінде алынғаны бесенеден белгілі болып тұр. Ал, Одг‰рміш адам бойындағы қандай қасиетті бейнелеп көрсетеді? Мұны бірден т‰сіну қиын. ¤йткені оны басқа қаћармандар секілді автордың таныстыру сөзімен емес, тек шығарма текстін оқып барып қана т‰сінуге болады. Одг‰рміш бейнесі - әрбір адам қолда барға қанағат ете білу керек деген қарапайым қағиданы аңғартады.
Сонымен, «Құтты білік» дастанының сюжеттік бөлімі негізіне шығарманың бас қаћармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Айталық, дастанның 14-20 тараулары К‰нтуды мен Айтолдының өзара әңгімесі болып келеді. Ал, Айтолды мен Одг‰рміш арасындағы сұқбат шығарманың 21-22 тарауларында баяндалады. К‰нтуды мен ¦ғд‰лміштің диалогіне автор дастанның 24-38 және 72 тарауларын арнаған. ұдан кейін ¦ғд‰лміш пен Одг‰рміш (40-44, 46-67 тараулар), К‰нтуды мен Одг‰рміш әңгімелері (70-71 тараулар), Айтолдының К‰нтудыға жазған хаты (23 тарау), К‰нтудының Одг‰рмішке жолдаған екі хаты (39,45 тараулар), Одг‰рміштің К‰нтудыға арнаған сәлем хаты (44 тарау) болып келеді.
«Құтты білік» дастанын композициялық құрылысы тұрғысынан қарасақ, шығарманың әрбір тарауы белгілі бір моральдық, этикалық, философиялық мәселелерге арналған. Соның өзінде автор шығарма желісін ‰зіп алмай, дастанның бір тарауын екіншісімен жалғастырып отырады.
Сонымен, өз дәуірінің көкейтесті мәселелерін қоғамдық әлеуметтік тұрғыдан терең т‰сінген ғұлама ақынның «Құтты білік» дастанында көтерген ең басты мәселелердің бірі - ел басқару мәселесі. Елді, мемлекетті қалай басқару керек, ел басқаратын адамда қандай қасиеттер болуы шарт. Міне, автор осы сауалдарға өз заманының оқыған, көзі ашық, ойшыл азаматы ретінде әрі феодал табының м‰ддесін қорғайтын өкілі ретінде жауап береді.
«Құтты білік» дастаны Қарахан әулеті ‰стемдік ж‰ргізген орта ғасырдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселелерге арналған. Ж‰сіп Баласағұн мемлекет пен патша, әкімдер мен қарапайым халық, патша сарайының қызметкерлері, олардың праволары мен міндеттері, феодал-клерикал топ пен қалың бұқара арасындағы қарым-қатынас туралы оқырманға ой салады.
Ақын ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің т‰р-сипаты, мінез-құлқы, ақыл- парасаты,
міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.
Автор әңгімені әмірші - патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам-ақыл парасаты ұшан-теңіз, ниеті т‰зу, сөзі шырын, өнер сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнерден құр алақан жандар әділ билік ж‰ргізе алмайтынын айтады.
Ж‰сіп Баласағұн ел басқарған әкімдерді сол кезде хан сарайында кең тараған жаман қылықтардан сақтандырады:

Бек халықты тек білікпен сендірер,


Барлығын да ақылына жеңдірер.

Бек дегенің білікпенен берік тұр,


Білік кетсе, бек қалады - желік құр.

Елді ғана келсе ұзақ билегің,


Заңды ұстап, бұрсын елге б‰йрегін!

Қара ішсе- малы желге ұшады,


Ішкіш бектің- тозар елі құсалы! [14].
Алайда ел басқарған адам қанша зерек, қанша іскер болса да к‰ллі мемлекетті, барша істі жалғыз өзі ойдағыдай басқара алмайды. Мемлекеттің к‰ш-қуатын нығайтып, ұлыстар мен кенттерді г‰лдендіре т‰су ‰шін әкімшілік нығайып, ел дәулеті еселеп артуы ‰шін патшаға істің көзін білетін адал, білімді көмекшілер керек. Ақын мұндай көмекшілердің бірі - әміршінің кеңесшісі, оның көрер көзі, есітер құлағы саналатын адамы, елдегі барлық істі қадағалап отыратын уәзірі, ал екіншісі - ләшкербасы дейді.
Ақын уәзір мен ләшкербасы қандай адамдар болу керектігін сипаттап береді. Сондай-ақ ақын: есік ағасы (патша сарайында болатын т‰рлі ресми салтанаттарды басқарушы адам), саркотиб (кеңсе қағаздарын жазатын адам), жұлдызшы (астролог - астроном), ханса (аспаз), ізіщі баші (шекер-шәрбат - жасаушы), тағы басқаларға қажетті игі қасиеттерді егжей-тегжейлі сипаттап жазады.
Ж‰сіп Хас-Хажыб Баласағұн мемлекет және оны басқару істері, әкімдер мен ел билеушілер жайында пікір айтқандар ең алдымен ‰стем таптың м‰ддесін қорғап, феодалдар әкімшілігін нығайта т‰суді көздейді. Ақын дастанда идеал болатындай патшаны, автордың өз қиялынан туған ел билеуші әділ әкімдерді армандайды. Солардың көркем бейнесін жасайды.
«Құтты білік» дастанында ақын «елдің әкімдерге» қоятын және «әкімдердің елге» қоятын талаптарын ашып айтқан. Сонымен бірге, автор «әкімдер елге» мынадай ‰ш талап қоюға праволы деп есептейді: «Ей, елдің көсемі, халықтың өзіңе қойған ‰ш талабын орындағаныңнан кейін, өзің де халықтың төмендегі ‰ш нәрсені талап етуге құқықты боласың: Бірі - сен қандай жарлық шығарсаң да жұрттың бәрі оны сөзсіз тез орындауы керек. Екіншісі - мемлекет салықтарын өз уақытында жомарттықпен мемлекет қазынасына тапсырып тұрсын. ‡шіншісі - б‰кіл халық досыңа дос, дұшпаныңа - дұшпан болу керек».
Ел билеушілердің еңбекші халыққа қоятын бұл талаптардың бәрі феодалдық мемлекетті нығайта т‰суге, әрі қалың бұқараның ‰стем тапқа тәуелділігін арттыра т‰суге бағытталған.
«Құтты білік» дастанының авторы кедейлер, аш-жалаңаштар, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдерді шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты болуға, мал д‰ниесі мұқтаж жандарға ‰лестіріп беруге ‰ндейді:

Жетімге, жесірге, ‰йсізге қарайлас,


Соқырға, қартқа, ақсақ-тоқсаққа көмектес [14].

Бұл пікірлер ақынның таптық қоғамның қанаушылық табиғатын т‰сінбегендігін аңғартады. ¤з заманындағы сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғұлама-ақын Ж‰сіп Баласағұн б‰л өмірдегі барлық нәрседенде ғылымды жоғары қояды, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің барлығын біліммен тығыз байланыстырып қарайды. Қоғамда орын алған теріс құбылыстардың өзін ол адамдардың білімсіздігінен, надандығынан деп біледі.


Ақынның білімді қаншалықты жоғары бағалайтынын дастанның атынан аңғару қиын емес. Ж‰сіп Баласағұн өз шығармасын «Құтты білік» деп тегін қоймаса керек. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, король, этика деген мәселелерге арналған тараулары да білімнің к‰ш-құдіретін ардақтап ғалымдарды көкке көтере мақтайды.
Ақыл-шырақ, қара тілді ашатын,
Білім- жарық, нұрын саған шашатын.

Ақыл болса, асыл болар - болса ер,


Білім болса, бектік қылар қылса ер.

Ақыл кімде болса - болар асыл Ол,


Білім кімде болса - бек ћәм басың ол.

Кісі ұланы қара жерге қол салды,


Көтерді бәрін, білімін ол қолданды [14].

Ақын ғалымдарды мадақтай келе, олардың орны әрқашанда төрде болуы керек дейді. Ал, елді жоғары қызметке ие болып ж‰рген білімсіз, қараңғы, надан жандардың төрден алған орнының өзі босаға секілденіп қалатынын ескертеді:


Наданға төрден орын тисе, қор етеді,


Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді.

Дастанда мынадай ой-пікір бар: Патша ел-жұртын қылыштың к‰шімен қатал тәртіппен басқарып отырады, ал ғалымдар - қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқару керек.


Әрине, Ж‰сіп Баласағұн халыққа ‰стем таптың өкілі ретінде қарайды. Сондықтан ол қарапайым халықты қоралы қойға, ал білімді адамды - сол қойлардың соңына ерткен серкеге теңейді. Ақын дастанда өзі өмір с‰рген дәуір талап еткенде бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап беруге әрекет жасаған. Ж‰сіп Баласағұн өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе, тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маск‰немдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты, жаман мінез-қылықтарды өлтіре сынайды.
Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, аңқаулық пен аярлық өзара қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар пікірін тереңдете т‰седі. Мәселен, ақын: ауырмаса - денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса - тірі кездің қадірін білмейді, қайғысыз адам - қуаныш сезімінің құдіретін толық сезе алмайды деген секілді бірқатар философиялық пікірлер қозғайды.
Н.Келімбетов: «Құтты білік» дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі - адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі құрметі қандай болу керек деген сауалға жауап берілген [17].
Ж‰сіп Баласағұн әдептілікті жырлай келіп, солардың ізіндегі ең бастысы - тіл әдептілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы, дәлірек айтсақ, жетінші тарауы т‰гелдей осы мәселеге - тіл әдептілігіне, яғни мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйлей білу өнеріне арналған. Автор оқушыысын абайлап, ойланып-толғанып барып сөйлеуге, тілге сақ болуға шақырады. Қысқаша әрі мазмұнды сөйлей білу - әдептілік басы деген пікір айтады.
Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-қылықтарға көркем сөзбен сипаттама береді. Мұндай жағымсыз мінездер мал-м‰лікке тоймайтын аш көздік, сараңдық, мейірімсіздік, ашушаңдық деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады [17.171].
Сөйтіп, Ж‰сіп Хас-Хажыб Баласағұн қоғамдық-әлеуметтік көзқарасында кейбір қайшылықтары бола тұрса да өз дәуірі ‰шін прогрессивті роль атқарған бірқатар ағартушылық моральдық, этикалық принциптерді жырлап, оларды әлеуметтік мәселе ретінде көтере білген көрнекті қоғам қайраткері болды.
2.3. Дастанның көркемдік ерекшеліктері

«Құтты білік» дастаны т‰ркі тіліндегі жазба әдебиет әлі бай тәжірибе жинай қоймаған дәуірде жазылды. Әрине, бұл кезде Ж‰сіп Баласағұнға өз шығармасын араб яки парсы тілінде жазу әлде қайда жеңіл болар еді. ¤йткені осы кезде араб-парсы тіліндегі шығыстың классикалық әдебиеті мейлінше дамып, көркем образдар жасаудың ғажайып ‰лгілерін көрсетіп жатты. Оның ‰стіне, «Құтты біліктің» авторы араб және парсы тілдерін ғана емес, бұл тілдерде жазылған поэзиялық, прозалық туындылармен жан-жақты таныс болды. Алайда Ж‰сіп Баласағұн араб-парсы поэзиясының дәст‰рінен бас тартты. Ол өзінің ана тілінде, яғни т‰ркі тілінде к‰рделі, көркем шығарма жазып, өзінше жаңа соқпақ салып, жаңа дәст‰р тудырды [10.65].


«Құтты біліктің» авторы т‰ркі тектес халықтардың ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол м‰мкіндіктерін жазба әдебиеттің тәжірибесімен өзара ұштастыра білді.
Дастанның басты қаћармандарының есімі К‰нтуды, Айтолды деп аталуы да халықтың ежелгі наным-сеніміне байланысты болып келеді. Ислам діні тарағанға дейін т‰ркі тектес елдердің к‰нге, айға табынғаны мәлім. Сондықтан мұндай атаулар көне дәуірде өмірге келген ауыз әдебиеті туындыларында жиі ұшырайды. Ж‰сіп Баласағұн ғұлама-ақын ретінде ауыз әдебиетінің сан қилы жетістіктерін зор шеберлікпен пайдаланылған.
«Құтты білікті» оқи отырып, автордың шығыс классикалық поэзиясының таңдаулы ‰лгілерімен, әсіресе, ұлы Фирдоусидің "Шахнаме" дастанымен жақсы таныс екенін, одан ‰лгі-өнеге алғанын аңғару қиын емес. Мәселен, Ж‰сіп Баласағұн жырдағы әрбір сөздің мән-мағынасын құбылтып, ойнатып пайдалануды, әрбір лексикалық элементті ажарлап, айшықтап беруді ұлы ұстазынан ‰йренген секілді.
Ақын табиғаттың кейбір сиқырлы құбылыстарын, жан-жануарлардың т‰рлі қасиеттерін адамның мінез-құлқына ұқсата отырып, қаћарманның көркем бейнесін айқындай т‰седі. Сондай-ақ ол адамға тән қасиеттерді табиғат көріністеріне теңеу арқылы далаларды, асқар тауларды, тілсіз өзен-көлдерді кәдімгідей жандандырып, құбылтып, адамның өзіне ұқсатып бейнелейді. Мұның бәрін ол зор ақындық шабытпен, өз қаћармандарының ішкі жан д‰ниесіне терең поэтикалық барлау жасау арқылы суреттейді. Бұған «Құтты білік» дастанының көркем көріністерін жырлайтын өлең жолдарынан мысал келтірер болсақ:

Қара жер ағы кеті, жұпар шашаты,


Безенбек болып, д‰ние көркін ашты.

Қаћарлы қысты қуды көктем лебі


Жарқын жаз дәулет құрд, өктемдеді

Қу ағаштар жасыл тонын жамылды,


Безеніп: көк, жасыл, сары тағынды.

Қабақ т‰йіп, аспан жасын селдетті,


Г‰л ж‰з ашып, к‰лімдетті жер-көкті [14].

Ақын көгілдір көктем көріністерін осылайша жырлап отырып, көктемнің жер бетін тегіс әлем-жәлем киіндіру ‰шін келгенін, көктем самалы адамдарды әбден мезі еткен қысты әп-сәтте қуып шыққанын, кең жазира даланың қызыл-жасыл г‰лге оранғанын, аспандағы бұлттар от шашып ойнағанын, нөсер жаңбыр жерге нәр беріп жауғанын нағыз сөз зергері ретінде зор шеберлікпен суреттейді.


Ж‰сіп Баласағұн ойшыл-ақын ретінде т‰ркі тектес халықтардың тағдырын табиғаттың осындай көктемгі жандану, ояну, қайта т‰леу кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп теңейді. Сол арқылы автор ен даланы д‰рліктірген бұл көктемгі өзгерістер - т‰ркі елінің оянуы деген пікір айтпақ болады.
Дастанда әсіресе мал бағумен айналысатын ру-тайпалардың к‰нделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты афоризмдер, бейнелі сөздер, теңеулер, бейнелер көп ұшырайды. Мінез-құлқы әрт‰рлі адамдардың бейнесін жасау кезінде ақын қой, қасқыр, жылқы, сұңқар секілді жан-жануарларды, жайлаулар мен шөлдерді көбірек ауызға алады:

Адамның көңіл-к‰йі бейне бір ат секілді,


Бірде семіреді, бірде азады.

Қатардағы жауынгер - бектің қанаты мен қауырсыны,


Әй, бектердің бегі, құс қанатсыз ұша алмайды ғой. [14].

Мұндай мысалдарды дастаннан көптеп келтіруге болар еді. Ақын өз шығармасында малшылар тіршілігіне қатысты қайталанбас, оригиналды көркем бейнелер жасайды.


«Құтты білік» дастаны аруздың ықшамдалған мутакариб деп аталатын өлшем т‰рімен жазылған. Е.Э.Бертельстің айтуына қарағанда, феодализмнің енді ғана өріс алып келе жатқан алғашқы кезеңінде жыр дастандардың басым көпшілігі осы өлшеммен жазылған. ¤йткені мұның өзі халық ауыз әдебиеті өмірге әкелген он бір буынды бармақ өлшеміне мейлінше жақын болып келеді [17.175].
Ақын ойларын сол кездегі астрономия, геометрия, математика, медицина, философия тағы басқа ілімдер саласындағы мағлұматтармен безендіріп отырады. Оларға қатысты тараулар да бар.Белгілі бір ойды айтқаннан кейін оны бір дананың, қарияның, не елбасының, не ғалымның сөздерін келтіріп, дәлелдеп, т‰йіп тастайды. Кейіпкерлердің атының, к‰н, ай сынды аспан денелеріне орайластырып қойылуының өзінде мән бар. Бұл тәңіріні пір тұтқан т‰ркі жұртының космологиялық наным-танымына қатысты есімдер. Т‰ркі атаулар мен қоса араб, парсы, иран есімдері де кездеседі. К‰ллі шығыс елдеріне мәлім Нұшырбан, Фаридун, Заххақ, Афрасиаб есімдер қазаққа да мағлұм. Бірақ бұлар өте аз қолданған. Кейіпкерлері мен қоса бір рет те болса аталып қалатын адам аттарының ұзын саны отыз екі, ал соның жиырмасы (ішінде Құранның келтірілген де есімдер бар) араб-иран есімдері. Жер,су, ел аттары аталады. Бірқатар ғұлама ғалымдардың, жићанкез батырлардың , билеушілердің аттары ауызға алынады, немесе мифтер мен аңыздардағы кең тараған белгі қасиеттері арқылы меңзеледі (4710, 4718, 6547, 6548, 6550 тағы басқа бәйіттер). Демек поэзия туындысы, иә философиялық туынды дегенмен, осындай нақты деректілік белгілері ғылыми, ақындық ой-толғамның негізділігін к‰шейте т‰скен. Осы сипаттарының өзі-ақ өркендеген іргелі мәдениеттің, қалыптасқан жазба мәдениеттің мәуесі екендігігнің дәлелі. Жалпы дастанның тексінде шамамен төрт ж‰здей ғана кірме сөздер кездесті. Араб, парсы тілдерінің синтаксистік т‰зілуіне бейім жолдар жоққа тән. Мұны назар аудара санап, т‰степ отырғанымыз «Құтты білікке» араб, парсы әдебиетінің, мәдениетінің ықпалы, әсері к‰шті деген кейбір ертеректе айтылған әр алуан пікірлердің негізсіз екенін білдіру ғана. Сондықтан да «хан тілі» десек те, «қарлұқ-қыпшақ», «оғыз-қыпшақ», «т‰ркі тіл» десек те, «Құтты біліктің» қоспасы аз, таза т‰ркі тіліндегі шығарма екендігі ш‰бәсіз. Жаратылыстану, математика ілімдеріне қатысты терминдер, ел-жер, кісі аттары да ерте ортағасыр сипаттарын көзге тосады. Дидактикалық сарындағы ақылман дастанның жанрлық табиғаты тереңнен, әрідегі ғасырлар қойнауындағы өркениет топырағынан тамыр байлағанын атап айтқан жөн.
Бұл ежелгі Мысыр еліне, ‰нді жұртына, араб, парсы әлеуметіне ежелден-ақ мәлім өсиет, даналық сөз т‰ріндегі жанр [11.98].
Шығарманың образдар ж‰йесі, көркемдігі жөнінде сөз еткенде қанатты, бейнелі сөздердің, мақал-мәтелдердің жиі ұшырасатынын айтудың артықшылығы жоқ. Текстің кез-келген жолдарынан афоризмге тән ұшқырлық, қанатты сөзге тән ұтымдылық көрініп тұрады. Троптардың басым көпшілігі ежелгі т‰ркілердің нанымына, дәст‰ріне, көшпенді жұрттың тіршілік-санасына жақын ұғымдардан туындайды. Заман бояуларын қанық т‰сіреді. Бәйіттердің структуралық т‰зілімдері, ырғақ-сазы қанатты сөздерге, мақал-мәтелдердің поэтикалық бітіміне іш тартып тұрады. Ішкі ұйқастар мен ‰ндестік ‰йлесім, сөздің поэтикалық трансформациясына, жалпы ой ‰лгілерінің ұшқырлығы және қанатты сөздердің, шешендік сөздердің бітіміне, философиялық т‰йіндеулеріне жақын, келуі шығарманың тұтас стиліне, бейнелеу ж‰йесіне ерекшелік, белгілі бір поэтикалық тұтастық, заңдылық береді. ¦йқастары берік, теңеулері де дәл де нақты. Бұл т‰ркі өлеңінің тарихи қағидасы.
Мақал, нақыл сөздер көбінесе ауыспалы келер шақпен айтылып, әр уақытқа да тән әрекет, ой-тұжырымды білдіріп тұрады. Бәйіттерде баяндауыштар әмәнда бастауыштан кейін т‰сіп отырса да, ішкі ‰ндестік тәртібіне қарай инверсияға т‰скен шумақтар да баршылық.
Поэма ассонанс, аллитерация, анафора, символика, эпифора, қала берді полиптотон сынды суреткерлік айшықтарға бай.ақын ішкі ұйқасқа, ішкі ‰ндестікке жиі барады. Бәйіттің басындығы ассонанс, аллитерация ауық-ауық сөз арасындағы, сөз ішіндегі аллитерацияға ұласып кетеді. Кейде 187-бәйіттегідей:

Сеңә сөзлә дім мен сөз‰м ай оқұл,


Сеңә берді бұ пәнд өз‰м ай оқұл,-

алдыңғы, әрі соңғы сөздерді, бунақтарды тұтас, қаусыра ұйқастырады. ¤лең техникасы аса жетік, әрі еркін барынша табиғи таланттылықпен т‰рлендіреді. Алғашқы тармақтың басында қайыра қайталау арқылы поэтикалық экспрессия тудыру ‰лгісін де кездестіреміз [10.63].


Аллегория, гипербола, контраст, лаконизм, символ секілді әдеби мәнердің кесімді классикалық ‰лгілеріне ‰ндесетін ақындық өрнектер уақыт көшінде жасымай, тотығып к‰ңгір тартпай, сара алтындай сақталып жеткендігі өлең сөздің өлмейтіндігінің бір дәлеліндей.
Образдың т‰зу әдітерінде де өзіндік ерекшеліктер басым. Көне дастан бір қарағанда қарапайым тілмен жазылғандай көрінгенмен, жалпы көркемдік әсері тегеурінді, өзінше поэтикалық ойлау ж‰йесі көзге ұрып тұрған ескерткіш. Бейнелеп ойлап, бейнелеп сөйлеу, бейнелеп көру - эстетикалық талғам биігінің, терең де тебіреністі философиялық толғаныстың жемісі. Негізінде лаконизм кездессе де, бұл көргенді көргендей жеткізетін қара-д‰рсін көшірме емес, к‰рделі бейнелердің астасуынан туған поэтикалық сурет. «Арыстан мінсең, қылышыңды қамшы қыл!» (2354), «Жас кезде у ішсем де шырын еді. У қылды ішкен асты б‰гін енді» (370) - деп ойын сомдап т‰сірген. Мұндай мысалдарды әр беттен-ақ тізіп т‰сіру қиынға т‰спейді. Бұл бәйіттер поэзия шығармасының ғана зерлері емес, көркем ойлап, келістіріп сөйлеудің көрнекті ‰лгісі. Ел тұрмысы мен тарихи мәдени танымның жанды көрінісі. Керек жерінде градация, гипербола, гротеск, литота, ирония, сарказм сипаттарын астастыра бірін-бірімен к‰шейте қолданады. К‰рделі шеберлік. Сондай-ақ, дәст‰рлі троптардан, дәст‰рлі заңдылықтардан шығып, өзінше тың өрнектер т‰зуімен шығарманың көркемдік-эстетикалық құдіретін, өміршеңдігін к‰шейте т‰скен.
Әсірелеу, ірілендіру тәсілдерін тілге тиек еткенде, ашып айтатын ерекшелік – «Құтты білікте» орынсыз әсірелеу , өмір шындығынан алыс толғамдардың әсте кездесе бермейтіні. «Құтты білік» поэзия туындысы болса да, реалистік қалыптарды қатаң сақтай алған, тіршілік диалектикасына негізделгеен, мейлінше табиғи шыншыл шығарма [10].
Дастанның көркемдік қасиеттерінің ішінде к‰рделі троптармен қатар лаконизмнің де мол ұшырасатынын білдіре отырып, образдардың автологиялық жаратылысы да атап көрсетілген .
Дастан бәйіттерінде сараланған әлеуметтік троптардың бірегей портеттері, қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың өзекті өрнектері, сан қырлы философиялық кескіндеулер уақыт озса да тозбайтын, бояуы солғындамайтын таланттылықпен бедерленген суреттер екендігі к‰мәнсіз. Солардың бәрінің тұғырындай тұтас дәуір тұрқы туралы толғаныстары көркемдік қуатымен де, ширыққан шиеленісті к‰йімен де, шыншылдығымен де б‰кіл дастанның идеясын меңзейді. Тағы да заман азған, парықсыздық жайлап, надандық талаған тұста қайтіп ел болмақты к‰ңірене, к‰йзеле жырлаған.
Құтты ел құру ‰шін не істемек жөн, адам қандай, қоғам қандай болмағы ләзім, бәрін де жіпке тізгендей ақындық тілмен т‰гендеп шыққан Ж‰сіп көзі көріп, көкірегін өртеген заманның ащы шындығын ашына ақтарады.
Қорытынды тараулардағы осынау әлеуметтік толғамдар 85 тарау бойы насихатталып, уағыздалып шыққан моральдық-этикалық тебіреністердің астарын ақтарып, тәрбиелік мағынасын м‰лде тереңдетіп жібереді.
Халықта Құт, Дәулет, Ырыс, Несібе деген құдіретті ұғымдар бар. Сол сөздің қат-қабат мағыналық астарын ұлт д‰ниетанымымен астастыра алуан қырынан ашқан кенеулі толғам, келісті тілек, ықыластар, ырым-нанымдар қаншама. Атамыз қазақ «Құт қонған», «Құт дарыған» деп с‰йінеді елге, жерге, текті кісі тәңірлі шаңыраққа мейірімі т‰скенде. Қаншама тілге ж‰йрік, сөзге сергек дегенмен қазақ жұртының кез-келген жерде оңды-солды сапырып шашып-төге бермейтін, қадірін кетірмей қастерлеп қолданатын ұғымдарының бірі де осы. Бақ - Дәулет, Береке! Т‰ркі жұртының ұлы ойшыл ақыны, энциклопедияшы ғұламасы Ж‰сіп Хас-Хажыб Баласағұн әлемге әйгілі «Құтты білік» дастанынан осы дәулет, құт-береке, ырыс ұғымын басты толғамдардың бірі етіп алғаны тегін болмаса керек.
Ел санасындағы сан сырлы құт, дәулет сымбатының ежелгі дәуірден бейнелі келісті т‰скен тұсы да осы «Құтты білік» дастаны. Д‰ниедегі ғаламат тарихи-мәдени, әдеби ескерткіштегідей бірегейі, иісі т‰ркі жұртының рухани мақтанышы «Құтты біліктегі» ұлағатты төрт ұғым К‰нтуды, Айтолды, Огд‰лміш, Оғдұрміш сынды төрт бас бас кейіпкердің бірі осы Даулет. Оған Айтолды аты берілген. К‰нтуды Айтолдымен алғаш жолыққанда өзінің д‰ниеге нұрын бірдей т‰сіретін әділетті де, мейірімді екендігін, тұрақтылығын, ақ жол әділ заңды ұстанатындығын айғақтап, атамыз қазақ атын к‰нге балап К‰нтуды қойғандығын т‰сіндіріп, дәулеттің есімі неге Айтолды екендігін сұрайды.



  1. Айтолды айтты: - Дана кісі атымды,

Қойған екен Айға меңзеп атымды.

Ай туғанда, көзі ашылған әлемнің,


Ж‰зі жайнар жаћандағы әр елдің.

Толған айда қарасаңыз шетінен,


Бозаң тартып, ажары азып кетілер.

Нұры сөніп, семіп м‰лде жоғала,


Қайта туы, қайта толар, оңалар [14].

«Құтты білік» - халықтың құтына, ырысына айналған ілім. ¦рпақтан-ұрпаққа, адамға құт берген, береке-ырыс әкелетін білім. Көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа ғасырлар бойы адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-салихалылық дәст‰рін сіңірген дастан. Дала төсінде не өтпеді, не болмады.





  1. Қанша берік бекет, орда қаланы,

Жермен жексен етіп ажал тонады.

6435. Қанша шәћар, қаншама бау жайнаған,


Қалған Құра, бағын өлім байлаған [14].

Талай шәћарлар, талай сарайлар із-тозсыз жоғалды, талай баћад‰рлер, асыл-задалар құмға айналып құрдымға жұтылды. Талай ғалымдар, ғұлама бекзадалар, ақ иінін ай с‰ймеген арулар ескерусіз, елеусіз өтті, кәдірсіз кетті. «Оған да тек екі кез бөз бұйырған!» (6443). «Құтты білік» қана он ғасырға жуық ұланасуды асып жаңғыруға бет алған ұлыстың алдынан шығып отыр. Кітапты қолға алған сайын, өлең жолдарына ‰ңілген сайын ұлы даланың ұлы тарихына таңданып, туған ел, өскен жердің рухани қазынасының қайнар бұлақтарының таңдайға балдай тиетін мұздай мөлдір кәусәрінен татқандай боласыз.


«Әділдік-құт. Құт құрығы - кішілік. Әділдіктің заты - тұнған кісілік!»- дейді ғұлама. Әділет - әділ хан, елбасы. Жаћанға жарығын тең шашқан к‰ндей К‰нтуды:
Заң алдында бәрі бірдей мен ‰шін,
Кесем әділ. Болмайды ешбір келісім.

Біл, әділ заң - басқарудың тұғыры,


Бегі әділ ме! - Берік елдің жұлыны!

Бек елінде тура заңды ұстаса,


Бар тілекке жетер қолы, қысқасы! – [14].

дейді өзін таныстырғанда


Айдай бірде толып, бірде солып ортайып тұратын ай дидарлы Айтолды, дәулет уәзірі. Осынау төрт бас кейіпкердің портреттері, әдеби көркем тұлғалары арқылы-ақ ел өмірінің төрт діңгегі Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат жайлы ұлағатты ғибрат айтылады [11.182].
Құтты ел құру ‰шін не істемек жөн, адам қандай, қоғам қандай болмағы ләзім, бәрінде жіпке тізгендей ақындық тілмен т‰гендеп шыққан Ж‰сіп көзі көріп, көкірегін өртеген заманның ащы шындығын ашына ақтарады. «Ащы айтты деп кінәлама ақынды, ащы сөздің т‰бі балдай татымды» дей отыра жан к‰йзелісін жасырмайды. Ж‰сіп Хас-Хажыбтың ақындық мұң-зарын тарихқа жетік қазіргі оқырман да т‰сініп қабылдайтынына к‰мәнданбаймыз. Тура бастап, тік сөйлейтін ақиқатшыл арқалы талант осы бір т‰йінді тарауларда барынша серпіліп, ашыла да ашына т‰скендей.

6451. Ай, білікті, бақсақ заман сыңалын


Бәрі өзгерген, өзгерткен ел райын

Біліктіге есе бермей қорлады


Ақылдылар тілін ашпай сорлады!
Көбейді елде қорлаушы да, зорлар да,
Бас көтермес сорлы болды қорланған.

Жаћан құлқы м‰лдем бөлек болды, көр!


Кісі жаны тілден бөбөлек болды, көр!- [14].

деп ғұлама заманның бар кейпін өлең жолына толық т‰сіріп кеткен [11.189].


Қоғамның тіршілік-танымның әр сәтіне, әр құбылысына Ж‰сіп Баласағұнның өз т‰йіні, айқын көзқарасы, байсалды, байламы бар. Адалдық, тіл, білім, ерлік, ездік, байлық, махаббатсынды терең мағыналы астарлармен, аллегориялық парықтаулармен өмірдің мәні зерделене т‰седі.Сипаты айқын, сырлары қанық. Тіл өнеріне жеке бір тарау арнаған ғұлама көлемді дастанның әр тұсында т‰ркі тіліне деген ерекше құрмет сезіммен тебіренеді. Дастанның соңғы қорытынды тарауларында да «т‰ркі тілін ‰ркек, тағы киіктей» сылап, сипап қолыма ‰йреттім, мәнерлеп зерледім, тіздім, сөйтіп осы сөздерді жаздым дейді.
Кітаптың сексен бес тарауының әрқайсысы бір-бір мәнді-мағыналы тақырыпқа арналған да, сол тақырып аясы, ақынның көзқарасы ұтымды тіл, бедерлі оймен нақышталған. «Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылатын» алтыншы тарауда:



  1. Ақылды ұға, білімділер біледі,

Т‰гел болар білімді есті тілегі! - [14].
деп қайырады. Білімсіздік надандық - кесел дерт. Дертіңді емде, еөзің ашылсын дейді. Ал жетінші тарауда тұтастай «Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда, зияны айтылады».
Алдыңғы тарауда ақыл, білім мәні сөз болса, енді сол ақыл мен білімнің тілмәші тіл хақында небір зерлі ой кестесін төгеді. Бірде қазіргі қазақ халық әдебиетіндегі мақал-мәтел, қанатты сөздерге етене жақын құлаққа жылы тиетін ұшқыр тіркестермен жаныңды баураса, бірде тіл туралы тосын да, тапқыр ой ұшқырлығымен тәнті етеді.

Тілімнен көп жапа шектім, есебім:


Бас кесілмес ‰шін, тілді кесемін!

Көп сөйлесең, езбесің! - деп жек көрер,


Сөйлемесең, «Мылқау екен!» - деп, сөгер.

Біліп сөйле, сөзіңді сөл, оң болшсын,


Сөзің т‰псіз қараңғыға көз болсын! - [14]

дейді дана ақылы. Сол асыл сөзді, толғамды тілді ұлына өсиет етіп, атадан балаға мирасқа тапсырады.


К‰ллі сөзді жисаңда, ақылды асырмас,


Керек сөзді сөйлер кісі, жасырмас.

Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым,


¤сиетімді қабыл алғын, құлыным!

К‰місті іске, тұтсақ бітіп қалады,


Сөзімді іске, тұтсақ к‰міс батады [14].

Осы шағын ‰зінділерден-ақ, ойшыл ақынның, сол кезеңдегі оқымысты ћакімдердің орта ғасырлардың өзінде тіл өнеріне қаншалықты мән бергендігін аңдауға болар. Шығарма ел басыларына, хан құзырына ақыл-кеңес ретінде жазылғанын, мемлекет т‰зуге аса қажетті мәселелердің жеке-жеке талданғанын ескерсек, тіл, білім, рухани д‰ние хақындағы ақын толғамдарының әлеуметтік мағынасы барынша жарқырай көрінеді. Парасат, білім, тіл, сана жайында автор ауқымды дастанның әр тұсында-ақ оралып соғып, әлсін-әлсін тиянақтап, пысықтай т‰седі. Соның бәрінде тілдің қасиетін, білімнің кәдірін әмәнда асқақтата, жарық д‰ниедегі асылдың асылына балап толғайды.


«Ж‰сіп Баласағұн өзге тіршілік иелерінен артық, ардақты ететін ақыл-ой мен ғылым білімді жан-жақты зерттеп жырлайды. Ақын ардақтаған асыл қасиеттердің бірі әрі бірегейі - ақыл.Кісінің адамдық қасиетін танытар ең алғашқы белгі де - ақыл. Ол ақында «Қымбатыңның қымбат, құнсыз тәннің сымбаты» саналады», - дейді М.Әліпханов [3.105].

1836. Ақыл тұрар қатпарында миыңның


Баста бәрі - қимас асыл сиыңның.
Ж‰сіп Баласағұн ақыл қасиетін ашып, танытуға көркемдік әдіс пен бейнелі тілдің бар м‰мкіндігін пайдаланады, таным қабілетін сарқа жұмсамайды. Ақыл атаның қанымен келер Алланың сыйы саналады. Елік ақын бейнесіндегі ¤гд‰лміштен ақылдың шығар көзін сұрағанда, ол ақылды «бір Алланың бұйрығы мен атамның ақ батасы» деп жауап береді. Оның бұл жауабына ақылдың шығар көзін тегін ғана емес, өзінің кішілік қасиетінде ұғамыз. Ақын ақылды туғанда-ақ кісіде болатын қасиет көріп, ақыл арқылы жинақталатын жанының қорын білем дейді.
1818. Туғанда ақыл-есі болса адамда,
Сияр саған бар білімі ғаламның.

Білім адам әрекетінің жемісі десек те, ақыл Алладан деген таным баса айтылады. Кейін келе біліммен толысатын ақыл сәби кездегі негізден бастау алады.


1825. Білім, даңқ - тоқуменен табылар


Сәби кезде-ақ ақыл,сана табы бар [14].

«Ақыл кез-келген тақырыпты т‰гел қалдырмай, т‰бін қағып танытады. Ақын ұғымындағы ақиқат - әр нәрсенің мәнін тану, табу. Дастан мазмұны мен айтпақ ойын нақты к‰йде көріп, астарсыз анық тануға тырыссақ, мынадай желі туады: Адам - Ақыл - Таным - Ізгілік - Жетілу мен Кемелдік», - дейді М. Әліпханов [3.111].


Ж‰сіп Баласағұн білімді де әр қырынан сипатталады. Білім жайында ақынның тағы бір айтатыны - оның кісіні құрметті, абыройлы ететін сипаты, яғни кісі білімімен беделді, құрметті дегенді танытады. Дастанның әр тұсында кейіпкер сөзімен, я ақынның өз аузынан білім - құрмет көзі екені көп айтылады. Бұл ақынның өзі таныған ақиқатын көпшілік қауымның көңілі мен санасына сіңіре т‰спек болған әрекет-ниеті деп білеміз.

220. Қай кез болсын, бұл к‰нде де, бұрын да,


Білімдіге тиді бектік орын да [14].

Ж‰сіп Баласағұн білімнің қажеттілігін жан-жақты, бар қырымен ашады. Білім - әділет азығы. ¤йткені әділ заң, әділетті басқару, әділ болу - бәрі де біліммен келеді. Әділет бейнесіндегі К‰нтуды бек білімді пір тұтады. Оның ақыл бейнесіндегі Оғд‰лмішпен екеуі ғана тірі қалып, жарасым табуы осыны танытса керек. Білім бірден-бірге тарап, көпшілік қауымның кісілік қалыбын көркейтуде ғана өз атын ақтай алады. Ақын дастанында білімді құт-береке, бақпен біріктіріп, білімді құт көріп, ең биік шыңына көтере жырлайды. Дастанның т‰пкі мақсаты тыңдаушысын құтқа кеңейту болса, құт боп танылған білім де халықтың киелі көретін қазынасы екен.


1995. Білік - қанат, құт-ырысың торықпа,


1830. Біліктіге береке мол білгеннен.
1707. Бақ та білсең, білікті ерге лайықты.
1778. Құт-ырыс та - біліктіге жарасар.
Қуат-к‰штің бәрі сонда,қарасаң.
5551. Ғылымменен құт-береке табылған [14].

Дастандағы білім - әрт‰рлі қыр-сырымен құтқа жеткізер таным жолы.


«Құтты білік» дастанының өн бойын ерекше бір жақсылыққа бөлеп тұратын құштарлық пен с‰ю бар. Ол ең әуелі адамға деген с‰йіспеншілік, адамдықты, ізгілікті с‰ю, ж‰ректен, шын пейіл, адал көңілден туатын ізгі қасиеттерді с‰ю, қайырымдылықты, кішіпейілділікті қалау, ибалық, әдептілікті әспеттеу с‰ю - адам қасиетінің ең асылы.
М.Әліпханұлы: «Құтты білік» дастанында негізінен ізгілік, ж‰рек сырын, ж‰рек көзін әңгіме етеді. Дастандағы құт қонған бақытты ел, ізгілікті ту еткен К‰нтуды бек, кейіпкерлердің әрекетіндегі тазалық пен мол махаббат - бәрі де кемелділікке бет алған талап-талпынысты танытады. Дастандағы төрт кейіпкердің де тұла бойы тұнған кісілік, адамдық. Бәрі де тек қана адалдықты арман еткен ізгі етті, ізгі қылықты жандар. Құт-береке, бақ бейнесіндегі Айтолды алғашқыда өзін адамдар ісінен аулақ ұстаған тақуа кісі еді. Сондай к‰йдегі Айтолдыны бұл д‰ниелік өмір ісіне құштар еткен К‰нтуды бектің әділ саясаты мен ізгілікті істері болатын. Елікті де тәнті еткен - Айтолдының адамдығы мен кісілік қасиеттері. Ақыл бейнесіндегі Оғд‰лміш те өзін ізгіліктің құлы, қызметшісі санайды. ¤зі ізгілік, әділет бейнесіндегі К‰нтуды бек те д‰ние, байлық дегеннің бәрі бар, атақ-даңқы да жеткілікті, к‰ш-қуаты да қас жауларын қаймықтырып келген. Оның өмірден ұзақ аңсап іздегені - адами асыл қасиеттер. Ол дегенің - бас м‰шесі ж‰рек секілді қаланың ізгілікті көздеген бас әкімі» - [3] өз еңбегінде.
Ж‰сіп Баласағұн әрбір ізгілікті істің алдында Құдайдың құдіретін еске алып, оның әлем мен адамды жаратқан ерекше құдіретін айтады. Құдайдың адамды қаншалықты с‰йетіні адамның жаратылысынан көрініп тұр.
Дастандағы Құдайды с‰ю әлемнің әдемі ‰йлестігі мен адамның асыл қасиетін танытудан туған. Ақын өз шығармасын Құдай алдындағы құлшылығын мойындап, кішілік көңіл-пейілімен көрсеткен мол махаббатын айтумен бастайды да, соңында сөз таба алмай қиналған к‰й кешеді. Құдайдың құдіреті мен ізгілігін толық танытып айту м‰мкін емес.
Дастанда Құдайдан кейін мадақталатын, с‰йіспеншілік тудыратын тұлға - Пайғамбар. Оның адамдар қауымын аңсап келуі де - мол махаббаттың нәтижесі. Құдай адамды ерекше ықыласпен с‰йіп, мейіріммен жаратса, оның өкілі Пайғамбар да адамдарды с‰йіп өткен.

37. Ата-анасын қиып мұнда келді ол.


‡мбетіне тілек, бағыт берді ол! [14].

«Құтты білікте» кісілер қарым-қатынастағы шынайы с‰йіспеншілік пен т‰сінісу ата дәст‰ріндей қадірлі болып жалғаса береді. Елік Айтолдының ұлы ¤гд‰лмішті де, Одғұрмышты да шын пейілмен с‰йіп ұнатады. Олар да Еліктің адамдық қасиетіне шексіз риза. Еліктің басты мұраты - жақсы адамдарды өзіне тартып, олардың ізгілік нұрына бөлеу, өзгені де өзіндей ізгі ету. Ол Айтолды мен Огд‰лмішті қызметтерінде ұстап, кісілік қасиеттерін жан-жақты таниды. ¤зі де толысады. Ал Оғдұрміш пен қызметшіге келуге келіспейді. Сөйтсе де Елік оны бір көруге, кеңесін тыңдауға құштар. Одғұрмыш бұл д‰ниеден безіп, бетін о д‰ниеге қаратқан жан болғанымен, оның кісілік қасиеттері таң қаларлық тамаша, кемелді. Елік Одғұрмыштың адами асыл қасиеттері мен ізгілігіне құштар. Елік оның дініне құштар болса да, тірлігін қолайлы көрмейді.


3858. ¤гд‰лмішке тағы айтты Елік:- бұл сенің
Ағаң, ойлы адам екен, білсеңіз
Сөзін естіп, сезбесем ой - к‰лігін
Құлқын, т‰рін , қылық-мінез, білімін
Естіп, оқып, көңілімнен өткіздім.
Қайтсең де енді тілегіме жеткізген [14].

Сөйтіп дастанда көрінетін төрт кейіпкер де бір-бірін адамгершілік қасиеттерін тәнті еткен жандар. Сонда да олар бір-бірімен кездесуді қалап, қызметте де, тірлікте де бір болуды тілейді. Бір-бірін іздеп тапқан осы кейіпкерлердің өзара қарым-қатынастары тағы да с‰йіспеншілікке толы. Әр істе де шын пейіл көрсетіп, с‰йе білу - зор қасиет. Дастандағы мол махаббат оқырманын жақсылыққа жақын етіп, ізгілікке бастайды. Дастандағы кейіпкерлер тез т‰сініп, жылдам жарасып жатады.


Ж‰сіп Баласағұн тереңдеп таныған кісіге т‰пкі ой-арманы ізгілік екенін байқатады. Ізгілікті дәріптеу арқылы ақын т‰пкі ой-армандарын табыстырады. Ізгілікті дәріптеп, марапаттауға ақын өзіндік таным қабылдауларын қолданған. «Құтты білік» мазмұны соншалық бай,әрі ауқымды. Ж‰сіп Баласағұн адамдық әлемді м‰сіндеуге әр қырынан келеді. Сөйтсе де әрт‰рлі тақырыптар бір ғана ізгіліктің қыр-сыры мен құдіретін ашып, танытуға жұмсалады. Дастанның аты «Құтты білік» болса, сол құт пен бақты табатын білік-ізгілік. Ізгілік - Ж‰сіп баласағұнның ең басты айтар ойы. Осы ізгілік туралы айтуды ақындағы ізгілікке құштарлық пен ізгілікке іңкәрліктен бастаған жөн. Әрбір кейіпкер өз аты мен затына айналған ұғым, қасиетті таныту қамында көрінеді. Айтолды - құт-береке, бақтың көрінісі. Оқиға мен әңгіме сұхбаттың басталар тұсында Айтолды тірлігі тақуалыққа жақын еді [11.188].
466. Бірде өзін-өзі сөгіп қашыққан
¤нерім - мың , қалдым оқшау халықтан! [14].
Оның бетін бұл өмірдің ісіне қаратқан - К‰нтуды бектің ізгілігі. Құт-береке, бақ бейнесіндегі Айтолдыны тәнті еткен бек сарайы емес, оның ізгілігі.

487. Келіп жетті Елік тұрған ордаға


Ақыл ділі к‰ткен тілек орнына

528. Есігіне табынғалы келдім мен


Қызметіне өзімді арнап бергім кеп [14].

Дастандағы ізгілікке құштарлықтың басы осы. Халқымыз соншалық құдіретті, киелі көретін құт-береке, бағы - ізгіліктің құлы екен. К‰нтуды бек - ізгілік жолында ж‰рген адам. Айтолды да бек бейнесіндегі ізгілікке құштар. Айтолдының К‰нтуды бекке көрсеткен қызмет, ықыласты көңілінен құт-берекенің ізгілікке қонатынын ұғамыз. К‰нтуды бек те Айтолды мен оның туыстарын ізгілікті құрайтын адамгершілік асыл қасиеттері ‰шін қадірлейді.


Дастанның құрылымында символдың сипаттық ерекше орын алатыны белгілі. Әділет бейнесіндегі К‰нтуды - ізгіліктің сақшысы. Оның бек, Елік сипатында келуі құт-береке, ақыл ой, қанағат-рақымның ізгілікке кіріптар, ізгіліке құштар екенін көрсетеді [3].
939. Жерді өпті де, Айтолды т‰регелді
Әділ төре өзіңсің, демер елді!
¦лық болдың - жасың ұзақ болғай-ды
Ізгіліксің - басың есеп болғай-ды [14].

Ж‰сіп Баласағұнның мол ықыласына ие болған ерекше көркемдік сипатының бірі - әділдік. Әділет - бек сипатындағы К‰нтуды Еліктің қасиеті. К‰нтуды Елік ел басшысы болса, әділет - ізгілікке жеткізетін ең басты адами қасиет, ал ізгілік - адамның арман-мұраты мен өмірі. Әділет - кісіні ізгілікпен табыстыратын ең төте жол, әрі ізгілік те әділетсіз толыққанды тірлігімен көрінбес еді. Ізгілік өнім болса, әділет - к‰ннің нұры, «құйсаң өніп шығатын тірі су».


454. Ізгі бектік болар еді ізгірек,


Заңды т‰зу ж‰ргізсе егер, ж‰лгілеп!

1294. Әділ жанның мол мейірі, шуағы,


Екі әлемде к‰ні оңынан туады [14].

Дастанды әділетті тірек ету әсіресе ел басшысы бекке өсиет етіледі. Көпті т‰зеу, жолға салу бектің қолында.


Баласағұн заманындағы батырлық, бағландық тіні бөлек. Ежелгі дәуір ақыны ең әуелі жау - дос, жауынгерлік, ерлік деген абстракциялық т‰сініктердің нақты суреттерін сызады. Олардың қоғамдық, әлеуметтік қисындарын алға тартады. Қызыл сөзбен әспеттемей, поэтикалық әрін де жоғалтпай, өзекті заңдылықтарын т‰сіндіреді. Жау дегеннен-ақ жау шапқандай бай-баламдап, ұрандап жан таласып, жан бергін деп «‰рейді» ұшырмайды. Ежелгі т‰ркілердің Баласағұн жазған танымы өзгелеу, әлдеқайда байсалды, биіктеу көрінеді. Жаудың аты жау. Жаусыз қалай жауынгер болмақ? Атың, атағың, к‰ш-қайратың, кісілігің, білім-парасатың, адамшылық қасиетің, арсыздығың - бәрі де жауың мен к‰ресіңнен танылады. Ерлер жаугершілікте сынға т‰седі., жаугершілікте ширайды. Жаумен жауынгер болып шығасың, жау атыңды жалпақ әлемге жаяды, абыройыңды асырады. Жау екен деп жаныңды отқа тастама. К‰шті, саны басым жау болса елші салып тілдес, жақындаспаққа ниет қыл. Табысқын, сыйласқын, сонда да мәмлеге келмесе, табысуға иілмесе соғыс, жеңіп ал дейді. Ал жауласқан екенсің, сақ, сабырлы бол, шабуылды шұғыл бастап, тез бітір, жау әскерінің аз-көбін біліп сырыңды алып қоймасын, көзі ‰йреніп ‰лгірмесін дейді [3].
2366. Созба ұрысты - жау сырыңды алады,
Көп қараса, көзі де әбден қанады...

Көрмеген жау даңқын дақпырт асырар,


Көргеннен соң, ‰йреніп басылар...

Жасындай ти, есін жиып алмасын,


Жіті адымда! ¤лдің - созсаң арбасып [14].
Ел қорғауды, қаћармандықты осындай оралымды ойлармен әрі ақтайды, әрі қайрап жігерлендіреді. Қолбасылар, әскери құрылымдар, баћад‰рлерді қалай ұстау туралы толғаныстары өз алдына. Бұл да бір заманына сай бөлек ұғым, серпінді, сергек тебіреністер.

2425. Ел жаулаушы қылышымен алады,


Ел бастаушы қаламымен алады!

Қылышпенен басыларер, ашынар,


Ал, қаламсыз - басшысыз, ел шашылар
.
Елді, жерді табындырса қаламың,
Т‰генделер тілегің мен табалың! – [14]
деген де тебіреністері бар. Хас сарбаздар хақында:

2400. Жақсы болар - жамандарды мақтасаң,


Жаман болмас - жақсыларды жақтасаң.

Ер - мақтаса, арыстанмен алысар,


Ат - баптаса, ұшқан құспен жарысар! – [14]
деп, қосынды ұстау, тәрбиелеу, қолбасының қосын алдындағы хақын, парызын саралайды... Бәйіттен-бәйітке ауысқан сайын б‰тін тараудың мазмұны айшықталып, қаћарман баћад‰р тұлғасы көзге елестейді. Қандай басшы, қандай батыр жаћангер болмақ керектігі б‰тін тұлға - бітімімен мінез-құлық, ақыл-парасатымен аңғарылады. Елдік, ерлік деген қасиетті ұғымдар таза ппоэтикалық суретке айналумен бірге, санаға берік ұялайды.

2045. Ж‰ректілер ж‰рексізді бастаса,


Ж‰рек бітер бәріне де басқаша!

Біл, арыстан басшы болса иттерге,


Арыстандай к‰ркірер кеп иттер де! [14]

секілді терең тамырлы ойлары да сол елдік танымды тереңдете т‰седі.


Баласағұн т‰ркі елінің тағы бір серпіліп, тізесін жазып өркениетке ден қойған тұсы. Сондағы, қайтсек ел боламыз, қайтсек іргелі ел, берік мемлекет боламыз дегендегі құтты тұғыр, алтын бесік - білім, білік еді. ‡лкен мұратқа бет бұрғанда, тәріңінен тілек тілеп, елдікке ден қойғанда сол мемлекеттің, халықтың қаймағы - ерлері, анасы, баласы, ақсақалы қандай болмақ? Елдіктің таяныш, тіректері, бектері мен игі-жақсылары қандай болып, қайтпек керек? Осы сауалдарға жауап іздей отырып, Ж‰сіп Баласағұн сан т‰рлі әлеуметтік топ өкілдерінің, сан алуан адамдардың портреттерін жасайды [10.154].

Жарты адам баласын да бір Алла,


Есті-ессіз, ұлық-кішік бар - онда.

Ақылды бар, ақымақ бар, бар ғалым,


Бай-кедей бар , надан, аңқау, бар залым!

Бәрін соның алаламай бөлектеп,


Басқаратын қандай болу керек бек?! [14].

Иә, бек деген кім? Бек қандай болмақ ләзім? Жақсыға да, жаманға да, естіге де, ессізге де сипаттама береді. Бек деген ұғымды биіктетіп, даралай т‰седі.


Ақыл керек, бекке керек білік те,
Сақилық та керек лайық жігітке.

Бек халықты тек білікпен сендірер,


Барлығын да ақылына жеңдірер.

Жасай алар ізгілік пен ірілік,


Заң, ұятты сақтай білер ж‰гініп!

Осындай бек болар халық көсемі,


¦рпағы өссе, тарайды ұрқы көшелі... [14].

Осындай бәйіттермен бектердің ұлт көңіліндегі тұлғасы көзге елестейді. Ақыл да, сабыр да, ізгілік те, мейірімділік пен қаталдық та ең әуелі ел басындағы бекке қажетті қасиеттер. Елі ‰шін, жері ‰шін алаңдаған бектің көңілі к‰пті, жаны мазасыз, өзі ‰шін емес, елі ‰шін қорқып тұрады. «Қорқақ келер тақуа бек көңілі, Қорыққан ісін бұлтартпайды өмірі!» - дейді. Керісінше:


Бегің қорықпай, кейде қорқып тұрады ел,
Бегің онда қорқау болды, ұға бер...

Яғни, елдің құты - білімді, мейірімді бек... ¦шқалақтық, жеңілтектік, ызақорлық, қызбалық, тыраштанушылық, ашкөз сұғанақтық, өтірікші, опасыздық - осының бәрі де ортағасыр ғұламасының сөзімен айтқанда «надандықтың белгісі!»


Мешкей тынып, сұғанақ көз тояр ма?


Ашкөзділер жаћанда жеп тояр ма?

Сұғанақтық - дауасыз дерт, арылмас,


К‰ллі жаћан емі қонбас, жазылмас!

Барлық аштар, жесе ақыры тояды.


Сұғанақ көз көрде ғана қояды.

Сұқ құтаймас, қанша м‰лік жиса да,


Кедеймін дер, әлемді оған қиса да! [14].

«Надандықтың, пақырлықтың бір сиқы. Парасатсыздықтың, тойымсыздықтың Х1 ғасыр басындағы хатқа т‰скен сипат-бітімі. Ар-намыс ұғымдарын да ел мұраты тұрғысынан санаға сіңіреді. Елді ұйыт, елді береке-бірлікке, құтқа бастау жолдарын меңзейді. Елді әділ заңмен басқарған жөн, «Зұлым к‰шпен бек ұзаққа бармайды, к‰ш-зорлыққа халық шыдап қалмайды», - [3] дейді М.Әліпханұлы.


Елді тұтас ұстағысы, әділ билегісі келетін бекке бұлардан басқа да ‰ш қасиет керек дейді ғұлама. Қаћарман жігерлілік, жомарттық және шырын тіл. Бек те, ұлық та, құл да, к‰ң де тілге, сөзге ж‰гінген. «Т‰ксиген ж‰з, іріген сөз, құр кердең» елді бектен жирендіреді, өнерлі ойлы бектің «даңқы өсіп, төрден орын тиеді» дейді тағы.

Аты бек те, заты болса қап-қара ,


Қараның ең қоры ол елде, масқара!

Бектің ойы мен бойы қандай болу керектігінен бастап, ауқаттану, ж‰ріп-тұру, сарайдағы жұртпен қарым-қатысына дейін егжей-тегжейлі т‰сіндіріледі. Бектерге, ел ћакімдеріне деген мың жыл бұрынғы көзқарас «Ішкен кезде ұмытылар керекті іс, Мастан шығар неше т‰рлі керексіз!» дей отыра, моральдық-әдеп тұрғысынан да бірқатар ой таратады. Бегі ойнап, шарапқа шомылса, ел ісіне ақылы қалай жетсін деп ширықтыра т‰седі [10].


Қара ішсе, мал мен м‰лкін салады,


Бегі ішсе, елдің шырқын алады!
Тоқсан толғамның т‰йіні - әділ заң, білім, ақылда. Елдің құтын тасыты, ырысын арттырсаң, елден де береке көресің, м‰мкіндігі мол, бай елден өзің де аласың. Елді саясатпен т‰зе. «Ел былығы саясатпен арылар!» Егер, ер елге әділ заң т‰збесе, ел обырлардың жеміне айналады «ел қырқысып, бұзылар, тұғыр құлар, бектік жығылар» - дейді ойшыл.

¤зің - бексің, д‰ниеге құл болма,


‡кім к‰тпе, өзің билеп бұр жолға!

Бек тұлғасы осылай жырланса, ел басы - К‰нтуды, уәзір, елшілер,ғалымдар, қолбасылар хақында да ретіне орай іші-тысын бірдей т‰гендеген т‰гел сөзбен толымды тұжырым т‰йіндейді.


Жақын тұрса бектер ізгі адамға,


Жақсылыққа іңкәрланар жаман да.

Егер бекті иектесе жамандар


Ел ‰стінде жалаңдар сол арамдар.

Бектер есті болмайынша, тегінде ...


Ессіздердің көзі ашылмас елінде.

Егер ізгі болса елдің басшысы


Т‰гел ізгі болар атшы, қосшысы! [14].

Қарапайым даналық. Трактаттың кез-келген пенденің көкейіне қона кетерлік оңтайлы орамдары.


Кім дана болса, жақын білімге,
Біліктіні жақын тартар т‰бінде.
Білімнен әзіз не бар дейсің жаћанда,
«Білімсіз надан!» десе, қорлық адамға! –

деп т‰йеді. Ж‰сіп Баласағұн пайымдауынша, «кісі асылы екі т‰рлі, бірі бек те, бірі дана елбасы», ізгі, ұлағатты кісі екі т‰рлі «бірі - ұстаз да, бірі – шәкірті». Қараны айтсын, ханды айтсын, ең әуелгі қасиетті, қадірлі нәрсе білім деп санайды.


Білімсізге төрден орын болса, көр:


Төр - босаға, ал босаға болды төр!

Орын тисе данаға есік көзінен,


Есік - биік, төр - тағыңның өзінен!

К‰ллі құрмет білімдіге тиесі,


Мейлі ол төр, мейлі есіктің иесі! [14].

Елдің ісін қолға алар бек сымбаты бұл. Елдік, мемлекеттік ‰шін от басынан бастап, әділ заңға дейін бәрі елеулі, бәрі маңызды. Адамның мінез-құлық ниетінен бастап қауымның әл-ауқатына, сұлулық танымы, махаббат-ынтықтық сезімнен бастап, елге-жерге деген перзенттік парызға дейін бәрі қасиетті, мағыналы. Мұның бәрі елдікке, мемлекеттілікке ықпал жасайтын к‰штер. Тіршілікте ұсақ, мәнсіз-мағынасыз ештеңе болмайды. К‰ллі жаратылыстың, ақырында фәни жалған мен бақилықтың да жарасымды ‰йлесімі, табиғи ұнасымы, қастерлі жарастығы болмағы шарт. Бақыт та, құс та сол құдіретті жарасымда. Кісілік те, береке, құт та, даналық та сонда. «Көрсоқырлық, ұятсыздық, ұлығым. Бәрі т‰гел - жамандардың қылығы!», «Ессіз б‰гін қанша есірер, құлшынар. Ертең сонша өкінішке тұншығар!» Дастанның өзекті ойы осыған саяды [11.182].


«Құтты білік» т‰ркі елінің ел болу жолындағы қоғамтану, елтану дастаны десе де сияды. Көркемдігі кемел, ойы зерек, тұғыры берік ақылман трактаттың қазақ жерінде жазылуының өзі,осы өңірді мекендеген жұрттың құпия да қастерлі жазуы болғандығының өзі көп жайды меңзесе керек. «Құтты білік» жазылған тұста «Игорь жасағы жайлы жыр» да, «Моңғолдың құпия шежіресі» де д‰ниеге келмеген- тін. Орта Азия, т‰ркі тарихының аласапыранға килігіп, т‰ркі дарабоздарының шашасына да, санасына да шаң тимеген тұнық тұста туған туынды. Сонысымен де қымбат. Қазіргі қазақ еліне байырғы елдік, мемлекеттік дәст‰рін, суреткерлік салтын сезіндіруімен қымбат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет