І тарау. "Құтты білік" дастанының танылуы


ІІ тарау. Дастанның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігі



бет4/7
Дата29.09.2023
өлшемі386 Kb.
#111399
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дип.-Құтты-білік-дастанының-танылуы

ІІ тарау. Дастанның идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігі.



    1. Дастанның жанрлық ерекшелігі мен идеялық мазмұны

Ж‰сіп Хас-Хажыб әдебиетте әділетті, ырысты елдің, құтты мемлекеттің ‰лгісін жасаған өз өмірі, к‰йініш-с‰йініші жайлы, өмірдегі өкініші, кәрілік пен жастық жайлы, халықтың салт-дәст‰ріндегі ерекшеліктерді де, тұрмыс ерекшеліктерін де астастыра отырып, өзі тамаша білетін т‰ркі фольклорының маржандарын таланттылықпен сіңіре өрбітіп, өз дәуірінің барынша кемел суреттерін т‰сірген. Экспрессивті, эмоциональдық әсері к‰шті риторикалық, сұрақ-жауап ‰лгісі ауқымды дидактикалық дастанды ширатып, тілге жеңіл, ж‰рекке жақын оралымды мәнерге жеткізген. Дастанның бірнеше тарауы ұйқас жағынан да, өлшем жағынан да классикалық қазақ поэзиясында бертінге дейін, әлі де ұшырасып қалатын бір бітімде шыққан [11.73].


Ақын «Құтты білікте» қандай адам «ұлы хас-хажиб» болып істеуі м‰мкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжейлі жауап айтады. ¦лы Хас-Хажиб - әмірші патшаның көрер көзі, есітер құлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ ұлы уәзір - қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілер мен қол өнершілерге патша атынан әмір береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми т‰рдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны Табғаш Қара Богра ханға жеткізіп отыруы тиіс. Бұған қарап Ж‰сіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын «Құтты білікте» өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.
«Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғанын айта келіп, былай дейді:

Арабша, тәжікше кітаптар көп,


Ал, бұл - біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

«Біздің тіліміз» ақын т‰ркі тілін айтып отырғаны мәлім. Сондай-ақ бұл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде айтылған мынадай пікір бар: «Шығыс елдерінде, б‰кіл Т‰ркістан халықтарында т‰ркі сөздерімен, бограхан тілінде жазылған бұдан артық кітап жоқ» Табғаш Қара Бограхан әулеті Қарахан мемлекетінде билік ж‰ргізген дәуірде кеңінен тараған жазба-әдеби тіл кезінде «бограхан тілі» деп те айтылған», - дейді А.Егеубай [10.64].


Сонымен «Құтты білік» дастанының тілін қазіргі т‰ркі тілдерінің қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде б‰гінгі туркология ғылымында әрт‰рлі пікір айтылып келеді. Мәселен, С.Е.Малов «Құтты білік» көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.М.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Ф.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.
Ал, біздің ойымызша, қалай болған к‰нде де Ж‰сіп Баласағұн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір с‰рген т‰ркі тайпаларының бәріне бірдей т‰сінікті, ортақ әдеби тілде жазғаны даусыз. Оның ‰стіне, есімі к‰ллі әлемге мәшћ‰р шығыстанушы-ғалым В.В.Бартольдтың: «Қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Ж‰сіп Баласағұн ‰шін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес» деген әділ пікірін ұмытпау керек [17.157].
Қаз¦ПУ профессоры А.Көшербаева өзінің зерттеу еңбегінде былай дейді: «Бұл еңбектің назар аударған ерекшелігі - адам психологиясының т‰рлі жақтарын көрсететін қызғылықты деректердің, адамның көңіл-к‰йі, қайғы-қасіреті, қуаныш-с‰йініші, ерік тағы басқа мәселелердің молдығы», - деп атап көрсеткен. Сонымен бірге автор жанға шипа тек тәуіптің дәрісі ғана емес, қасындағы жора-жолдас, көрші-қоңсың, құрбы-құрдастар, сондай-ақ, бұған адамдар арасындағы қарым-қатынас, әлеумет пен қоғамның да қатты әсері тиіп отырған дейді. Дастанда д‰ниені құрайтын төрт т‰рлі элемент жайлы, адам темперементтері туралы, денсаулық сақтау, ауру-сырқау және оның себептері, бұлардың жас өзгешелігі мен ауа-райына тәуелділігі, тамақтану гигиенасы, ауру адамды емдеудің тәсілдері, адамдарды тәрбиелеу - мемлекет көздейтін негізгі шаралардың бірі, зұлымдық - барып тұрған әлеуметтік ауру, оны оқу-тәрбие арқылы ғана жоюға болады деген ағартушылық идеялары аз емес. Мәселен, ел билеушіден әділет, дәулет, қанағат, парасат сияқты төрт қасиет т‰гел табылса, онда мұндай басшысы бар елдің қойының ‰стіне бозторғай жұмыртқалайтын болады, оның әділдігі тек барша жұртты ғана бақытқа жеткізбейді, сонымен бірге әкімнің өзін де бақытты етеді, атын б‰кіл әлемге жаяды. Білім мен ақыл әділетке қосақтасып ж‰руі тиіс, бұласрсыз әділ заң шығаруға болмайды. Ақыл әр кез қанағатын да реттеп отырады. Мәселен, адамның азға қанағат етуі, тағдырға бой ұсынуы, жаман жолға т‰суі - барлығы да ақылдың арқасы. «Құтты біліктің» он бес тарауы т‰гелдей дерлік тәлім-тәрбиелік мәселелерді әр қырынан сөз етеді. Бұлардың бірінде адамға білім мен ғылымның не ‰шін қажет екендігі (6, 10, 28 - тарау) айтылса, енді бір тарауларда бақытқа жеткізудің жолдары, адамның жақсы-жаман қылықтарын (9, 16 - тарау) сөз етеді.
«Құтты біліктің» 29-30 тарауларында Қарахан мемлекетінің ел билеген басшылары мен ізгі жақсылары туралы айтылады. Автор бұларды жұртқа ‰лгі етіп ұсынады, оларға еліктеу қажеттігін еске салады. Ж‰сіп басшы атаулыға тиянақты білім, иол тәжірибе керек дейді: «Ақылмен іс қылған бек елге с‰йкімді келеді», «Халықтың ауыртпалығын олармен бірге көтерген адам - басшылықтың төресі», «Жақсы қызметкер төменнен төменнен төрге барады». Әрбір басшы, ел билеуші жан-жақты, әмбебап білімді, ақын ойы ерекше жетілген, білгір адам болуы шарт.
«Ж‰сіп Баласағұнның өзге ақын-жазушылардан бөлек болатын жағдайы адам болу мен адамгершіліктің ж‰йелі жолы, өзіндік танымын жасай білуіне байланысты. Ол адамгершілікті көркемдік тұрғыдан суреттеумен шектелмей, оны ілім, таным, ойшылдың деңгейіне көтере жырлайды»,-дейді М.Әліпханов [3.10].
«Құтты білік» дастанында соншалық мол мазмұнды арқау еткенімен, негізгі айтар ойы - адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, құтты ету. Дастан мазмұны өте астарлы, танымы терең де тұңғиық ұғым-т‰сініктерге толы. Оған ерекше ‰ңіліп, зерттей қарар болсақ, шығарманың өзегі - толық адам екенін танимыз. Дастандағы құт-береке бақ - толық , жетілген адамның еншісі. Ақынның айтуынша құттың кілті - кісінің ділі, тілі, қылығын бірдей қамтыған жан-жақты жетілуі мен кемелденуі. Т‰птің т‰бінде, дастан мазмұнынан құт-береке, бақытқа өз әлемін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі - дастанның ең басты идеясы.
«Бұл дастанда «¤зіңді сақта» деген көп қайталанатын қағида бар. Оның «¤зіңді сақта» дегені кісінің өзін танытар қасиеті - адамдығы мол кісілігіне байланысты айтылған. Затың адам, атың адам болған соң, қасиетіңе лайық бол, діліңе дақ т‰спесін, адал бол, адам бол деп жар салудан ақын жалыққан емес. Адамның өзі адамдық, кісілік қасиетінсіз қаңырап бос қалады. Оның адам атанып журуі де қасиетін танытар адамгершілігінің бар кезінде ғана болатын жағдай. Дастанда шын мәніндегі көңіл тоярлық кісіліктің сиректігі, жоқтығы жиі айтылады. Ақын шығармасы да осы зәрулік пен қажеттілікке байланысты туса керек. Дастан мазмұны кісіліктің қадір-қасиетін жан-жақты танытуға құрылған. ¤йткені адам да, қауым да кісілікке зәру»,-дейді М.Әліпханов өз еңбегінде. [3].

866. Кісілер көп, кісілікке кендеміз


Адалы - аз адам атты пендеміз

868. Толып жатыр ж‰рген жандар жер басып,


Көңілі ашық, әділ ерге - ел ғашық.

  1. Кісі сирек емес, сирек - кісілік,

Кісіліктің қадірін біл, т‰сі [14].

Ж‰сіп Баласағұн Платонның жолын қуған ой сапарындағы шәкірті. ¤з топырағымызда д‰ниеге келген ғұлама ақын Әл-Фарабидың трактаттарында молынан сөз болатын болмыс пен адамның кемеліне келіп, жетілуі Ж‰сіптегі әбден жетілген, толық адамның дәст‰рлі таным екнін тағы да бекіте т‰седі.


«Құтты білік» дастанының мазмұнынан ұғарымыз кісі өзін-өзі құрметтеп, кісілікті болып көрінсе, өзіне ғана тән қасиеті мен тірлігін танытады, кісілерге жақсылық жасап,адамдығын асырады. Әйтеуір тірі ж‰ріп кісі атана қою қиын, әркім де кісілік жасап қана адам атанады. Тірліктің де, адам болудың да ақтауы мен кепілі - кісілік пен адамдық. Ал, кісілік пен адамдық Әл-Фараби айтқандай, даналық пен қайырымдылықтан,яғни ізгілік пен танымнан тұрады. Адамдағы барлық асыл қасиет танып-білу мен ізгі болудан бастау алады. Ж‰сіп Баласағұнның адамдық пен кісілікті шексіз құрметтеп, дәріптеуі осы танымнан туса керек. Дастанның б‰кіл мазмұны кісіліктің қадір-қасиеті, мән-мағынасы, қыр-сырын әңгімелеуге құрылған. Сөйтсе де ақын шығармасының әр-әр тұсында т‰пкі ойын тыңдаушысына соншалық жалаңаштап, жеңілдетіп, ашық айтып жеткізуге тырысады. Көбіне қат-қабат қыртысты, к‰рделі к‰йде келетін астарлы асыл ойларын әр т‰рлі әдеби тәсілмен онан сайын тура, ашық айтады [3.21].

870 ¦рпағыңның ұрпағына ‰лгі ет те-


Кісілікті кісілікпен құрметте[14].

Дастандағы өзіңді ұмытпай, қасиетіңді сақтап ж‰ру қағидасының ең биік шыңын басты бағыт, нысана саналған құт, береке, бақытпен байланысты танимыз. Ақын әр адамның аты мен затына лайық кісілік, адамгершілікпен өмір с‰руін құт-береке, бақыт деп біледі. Ақиқатты әркім өз ақыл ойымен, өресінің жеткен әсеріне дейін ғана танып келеді десек те, ақынның адамдық пен кісілікті құт көруі - көпшілік көңіл қойып қабылдай қоятын шындық.


Ақын ‰немі асыл қасиеттер мен кеселді қасиеттерді қатар алып, салыстырып, жарыстырып суреттейді. Алғашқысы адамдарды асқақтатып, ардақты етсе, құтты етсе, кейінгісі төмендетіп, арзандатып, к‰лкі к‰йге т‰сіреді. Дастанның б‰кіл мазмұны осы асыл қасиеттер мен кесел қасиеттердің қыр-сырын ашуға құрылса да, теңіздей танымның тамшыдай т‰йінін байқаймыз.
Ақын дастанның әр-әр тұсында ебін тауып, кеселді қасиеттерді жекелеп, я тобымен аптап отырады. "Біраз нәрсе кісінің қас дұшпаны" деп мыналарды тізіп айтады: тілдің жалған айтылуы, айтқан сөзден қайтуы, шарапқа аңсары ауғаны, ж‰генсіз іс-қылық, зымяндық, ашулы тіл. Осы тобымен бұл қасиеттердің дастанның әр-әр тұсында қайталанып келетіні бар. Әсіресе жалған айту, өтірік сөз кісілікке артықша зиянды болып көрінеді [3.27].

  1. Жақтырмаймын: жалғандықты жалғанда.

Ж‰сіп Баласағұн б‰кіл шығармашылық өмірін адамгершілік қалып-қасиеттің кемеліне келіп, жетілуіне жұмсайды. Ол қай тақырыпты сөз етсе де, т‰пкі ой-т‰йінін негізгі мұраты адамгершілікке алып келеді. Ол адамдық қалып қасиеттің негізін ізгілік пен танымда тапқанымен, кісілердегі осы қасиеттерді өзгек амалы таусылғанда әрі арнайы т‰рде сақтап қалуға тырысады. Осы өлім жайы Ж‰сіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанды ж‰йелі сөз болады. Қорқыныш пен ‰рей туғызатын өлім туралы көпшілік қауымға ортақ ұғым ақынға да тән. Ж‰сіп Баласағұн - өз заманынан озыңқырап, ойы асып туған данышпан ақын. Ол бұл өмірдің қуанышы мен қайғысын, рахаты мен ренішін бөле жармай, тұтас к‰йде қабылдайды. Ақынның ойынша адам өзінің тегі, қасиетімен бірге өмірінің өтерін, ертеңгі к‰ні өлерін, өлімін де ұмытпай ж‰руі тиіс екен. Ақын «¤зіңді ұмытпа, адамдығыңды сақта» деп қанша қайталаса, өтпелі өмір мен өлім жайында соншалық жиі айтады.


«Құтты біліктің» жанры жөнінде т‰рлі пікірлер бар. Көп жылдар бойы бұл жазба мұраны «патшалар салтанаты», «хандар низамы» ‰лгісіндегі көп кітаптардың бірі ретінде атап келдік. Парсылар мұны «Т‰рік шаћнамасы» деп атаған. Біздің ойымызша, Бұл шартты т‰рде айтылған теңеу. Болмаса, дастан өзінің жанрлық құрылысы, ерекшеліктері жағынан Фирдоусидің «Шаћнамасына» м‰лдем ұқсамайды. "Шаћнама" ертедегі «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы» сияқты батырлық жырлар ‰лгісіндегі эпопеялық дастан болса, Ж‰сіптің кітабы ғибрат т‰ріндегі сюжетсіз дастан.
«Құтты біліктің» тілінде шығыс әсері, атап айтар болсақ, араб-парсы сөздіктері аз емес. Дастан хасида стилімен жазылған. Оның да бір ескірген т‰рі. Хан-хақандарға арналған кітаптың көтеріңкі; хасида стилімен жазылуы заңды құбылыс. Бірақ солай бола тұрса да, «Құтты білікте» салт жырларының дәст‰рі басым сияқты. Бұл реттен Ж‰сіп исламнан бұрынғы әдет-ғұрыпты көбірек жырлаған. Сол себепті Ж‰сіп Баласағұнның шығармасында бір ғана шығыс әсері ‰стем деп айтуға болмаса керек. Т‰ркі тілдес тайпалардың тілінде жасалған сан алуан тұрмыс-салт жырлары сол кездің өзінде-ақ аз болмаса керек. Олар айтыс, толғау, терме т‰рінде айтылған. Ж‰сіптің с‰йенген ‰лгісі халық аузындағы осындай дәст‰рге байланысты Ж‰сіптің дастанында көбіне-көп хан-хақандар ортасының салты жырланған. Бұл реттен Е.Бертельс «Құтты білікті» белгілі шығыс ғибратнамасы «Кабуснама» жазба ескеркіштермен салыстырады. Кейбір зерттеушілер оны орыстың етедегі «Домострой» ‰лгісіндегі әдебиетіне теңейді. Асылы, Ж‰сіптің шығармасында реализм сарыны, мазмұн байлығы жоғарыда аталған кітаптардың анағұрлым тереңірек [19.71].
«Құтты білікті» зерттеушілер оның жазу стилін парсы әдебиетіне еліктеуден туған деген пікірді ұзақ уақыт айтып келді. Мысалы, Е.Бертельс дастанның өлең өлшеуін сол кезде қалыптаса бастаған т‰ркі тайпаларының қара өлең, не болмаса 7-8 буынды жыр өлшеуіне ұқсамайды. Ж‰сіп иран әдебиетіндегі м‰такарриб өлшеуін қолданған дейді. Бұлай болғанда, Ж‰сіп ежелгі т‰ркі әдебиетіндегі өлшеуді алмай, парсы әдебиетіндегі ‰лгіні алған болады. Фердаусидің «Шаћнамасы» осы өлшеуде жазылған. Ж‰сіп дастанының тілін, өлең өлшеуін бұлайша бағалаудың ғылымилығы мен шындығы шамалы сияқты. ¤йткені, м‰такарриб өлшеуі т‰ркі әдебиетінде қолданған өлшеу емес. Асылы, «Құтты біліктің» мазмұны да, тілі де, өлшеуі де В.В.Радлов жинап бастырған «Оғызнама» аңызына жуық келсе керек.
Бір кіз бар эрді, жалғуз олтурур эрді.
Жакші көр‰кл‰г бір кіз эрді.
Ануң көз‰ көкт‰н көкрәк эрді («Оғызнама»),-

деген жолдар мен «Құтты біліктегі»:


Якут ерді ¦гд‰лмаш айди сөзің,


Ешитим ешітсің ажурма юзің,- [14]

деп келетін жыр жолдарының айырмасы жоқ есепті. Соңғы мысалды м‰такарриб өлшеуі деп айту қиын. Мұның әр жолы ‰ш бунақтан құрылған 11 буынды өлең.Демек, бұл сол кездегі т‰ркі тайпаларының поэзиясында кездесетін қара өлең өлшеуіне жақын. Оны:


Не пайда ғұламалар тіл қатпаса,


Білімін жиып-терген бос сақтаса,-

деген жолдар да анықтайды.


«Құтты біліктің» тіл ерекшеліктері жөнінрде де араб-парсы әсерін асыра бағалаушылар аз емес. Олардың ішінде бұл дастанды жаңалық емес, парсы әдебиетінің назирасы (көшірмесі) дегендер де болды. Ондай зерттеушілер бұл пікіріне дастандағы ислам әсерін, араб-парсы сөздігін дәлел ретінде тартады. Бұл т‰ркі әдебиетін ислам ұғымындағы мазмұны бір, т‰рі бөлек басқа тілде әдебиет деп танудан туған ұғым. Олар араб, парсы, т‰ркі тіліндегі әдебиетті бірыңғай ислам дәст‰рі деп қарайды. Сол себепті т‰ркі поэзиясын ислам әдебиетінің ‰шінші тілі ретінде бағалайды.
Бұл пікірлердің екеуіне де қарсы дәлел айтарлық жағдайлар аз емес сияқты. «К‰лтегін», «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы», «Құтты білік», «Диуани лұғат ат-т‰рік» сияқты жазбаларды бір ғана ислам мәдениетінің жемісі деуге болмайды. ¤йткені, бұл әдеби жазба мұралардың басты тақырыбы дін емес, т‰ркі тайпаларының әлеуметтік өмірі, тұрмыс-салты екенінде дау жоқ. Оның ‰стіне Ж‰сіп араб-парсы сөздерін орынсыз қолданрбайды. Тек ретіне қарай, тың мағыналы лұғат болмаған жерде ғана қолданатын секілді.

Сән аймыш бул сөз барша андағ турур,


Ақийқат көру барша тілдағ турур,-

деген жерде бір ғана (хақиқат) араб сөзі бар. Біздің ойымызша «Құтты біліктің» тілі ежелгі қарлұқ, ұйғыр, ‰йсін, оғыз тілдерінің ‰лгісіне жуық келеді. Ажурма, аймыш, оғдурмыш дейтін сөздіктер ескі оғыз тілінің ‰лгісі. «Оғуш сөзі Орхон жазуларынрда да кездеседі. Дастанның тілінде оғыз, ұйғыр тілдеріне сай келетін барыс, табыс, тәуелдеу жалғаулары көбірек кездеседі. (юзің, ұғдырмышқа, тағы басқа.) Жалғыз-ақ «ж» орнына «и», «с» орнына «ш», «з» дыбыстары көбірек қолданылады. Бұл дыбыстар т‰ркі тілдеріне тән белгілер», - дейді Ә.Қоңыратбаев өз зерттеуінде [19.73].


¤леңмен жазылған бұл философиялық трактаттың жанрлық ерекшелігі, поэтикасы автордың ақындық талантын, ‰здік дарыны мен білімділігін де, сол кездегі жазу өнерінің қаншалықты дәрежеде дамығанын да көрсетеді. Әуелі екі кіріспеде ақын жаратқанға ш‰кіршілік етіп, кітаптың жалпы мәнімен таныстсырып өтеді. Кіріспенің өлеңмен жазылған нұсқасы текске ‰ндес, жақын. Соңғы тарауларда Ж‰сіп Хас-Хажыб өмірдің өтпелілігін, заманның опасыздығын, достардың жапасын айтып, өзінің кемшілік к‰нәларына к‰йініп к‰ңіренеді, кейінгілерге өсиет сөздерін қалдырады [3.34].
Әрине, Ж‰сіп Баласағұнның шығыс әдебиетінен алған әсері жоқ деп айтпаймыз. Ақын Иранның ерте кездердегі «Панднама», «Ардашир папахан», «Калила мен Димна» сияқты әдебиет ‰лгілерімен жақсы таныс болса керек. Бұл шығармалардың өзі б‰кіл шығысқа ортақ еді.
Ж‰сіптің жырлайтын образдары Айтолды, К‰нтолды, ¦ғд‰лміш, Оғд‰рміш деген адам аттарының реалистік сипаты аздау көрінеді. Ақын өмірде болған адамдарды емес, болуға тиіс адамдар типін жырлайтын сияқты. Сондықтан да дастан ғибратқа толы. Образдары сараланбаған,оқиға ғибрат сөздерді жай ғана баяндау ‰лгісінде өрбіп отырады.
«Құтты білік» жазбасының мәдени мәні орасан зор. Х-Х1 ғасырларда араб-парсы Орта Азиядағы т‰ркі тайпаларының тілін жұтып қоюға дейін барып тұрғанда, Ж‰сіп Баласағұнның т‰ркі тілінде көлемді де к‰рделі дастан жазуы өз кезеңі ‰шін ‰лкен тарихи жаңалық болды. Дастанның көркемдік ерекшеліктері айтарлықтай биік болмаса да, осы тарихиқызметі жағынан жазба биік бағаланады. ¤йткені, «Құтты білік» Х-Х1 ғасырдағы Жетісу жерінде тұрған т‰ркі тайпаларының барлық салт-санасын, әдет-ғұрпын, олардың арасындағы т‰рлі жіктерді, қарым-қатынасты, мәдениетін және тілін толық қамтыған шығарма. Бұл реттен дастанды бір ғана хан-хақандар салтын жырлайтын шығарма деп бағалауға болмайды. Онда т‰ркі тайпаларының салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда Қарахандар мемлекетінде тап теңсіздігінің ‰лкен орын алғаны байқалады. Бір жағынан хан сарайы, екінші жағынан бұқара халықтың өмірі суреттеледі. Сол себепті Е.Бертельс Ж‰сіп дастанындағы әділдік идеясын халық арманынан туған тілек деп дұрыс бағалайды. Ж‰сіптің өзі де ақс‰йектерден шыққан ‰стем тап өкілі емес, көбіне бұқара халыққа арқа с‰йеген ақын. Оның ақындар туралы сөзінде көшпелі елдерге тән ақындық өнерді дәріптеу салты да бар. Ақын өзін хандарға ақылшымын, халық өкілімін деп ұғындырады.

Ақындар келер алдыңа,


Сөз шебері сәуегей.
Сөздері өткір қылыштан,
Қылдан нәзік қиялы,
Тыңдасаң тыңда ақынды,
Нәзік сөздің бұлағы.
Ақындарды сыйлай біл,
Даңқыңды жұртқа жырлайды,
Қабағы қатса қуандыр,
Қарны ашса тойындыр.
Ақындардың сөзінен,
Пайдалы нәрсе болмайды,-

деген Ж‰сіп ақындық өнерді шабыттана жырлайды, оған ‰лкен әлеуметтік баға береді. Бұл жолдарда ақынның хан сарайына деген көзқарасы да ашылған. Ж‰сіп өзін олардан бөлек ұстайды. Тіпті, хан-хақандарға сатира элементін қолдануға да бар. Е.Бертельс Ж‰сіптің осы сөздерінің арғы тегінде Фердаусидің Махмұт Ғазнауи сұлтанға жазған сатирасының рухы бар деп бекер айтпаған [19.74].






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет