Аграмматикалық дисграфияны түзету. Р. И. Лалаева аграмматикалық дисграфияға мынандай сипаттама береді:
«Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының (морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі... Жазуда сөйлем деңгейіндегі аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау, жұрнақтарды алмастырумен, септік жалғауды дұрыс қолданбауымен, күрделі сөйлемдерді құрастырудағы қиыншылықтарымен, сөйлемдегі сөз кезектілігін сақтамау, таспап кетуімен сипатталады».
Түзету жұмысының негізгі міндеттері:
заттың атауын, іс-әрекетін, сипатын білдіретін сөздерді мағынасымен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
сөздің морфологиялық құрамы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Аграмматикалық дисграфияны түзету логопедиялық жұмысының мазмұны:
балалардың сөз қорындағы сөздердің мағынасын анықтау және әр түрлі сөз таптарын жаңа сөздермен, сөзжасам дағдыларын менгерту арқылы сөз қорын молайту. Түбірлес сөздерді біртіндеп менгерту;
сөз тіркестерін, сөйлем арасындағы байланысты, әр түрлі синтаксистік құрылымдардың модельдерін менгеру арқылы сөйлеу тілінің грамматикалық жағын анықтау, дамыту және жетілдіру;
байланыстырп сөйлеу тілін мына бағыттарда дамыту:
әңгіменің кезектілігін анықтау;
әңгіме құрастыруға қажет сөздік материалды іріктеу;
үлгі бойынша сөйлем құрастыру, қайта құрастыру дағдысын жетілдіру.
Оптикалық дисграфияны түзету. Оптикалық дисграфияны түзету жұмысының негізгі міндеттеріне:
көріп қабылдауын, талдау, жинақтауын дамыту;
жазуда шатастыратын әріптерді ажырату жатады.
Логопедиялық түзету жұмысының негізгі мазмұны:
түр, түс, көлем туралы түсініктерін анықтау;
өз денесін, қоршаған ортаны бағдарлау;
әріптерді құрастыру, қайта құрастыру;
әріптерді табу, бөліп айту.
Логопедиялық түзету жұмысының негізгі бағыттары:
көріп қабылдауын және тануын (гносисын) дамыту;
көріп есте сақтауын анықтау және кеңейту;
кеңістік түсінігін, қабылдауын дамыту;
көріп талдау, жинақтауын дамыту;
шатастыратын дыбыс және әріппен жұмыс.
Ажырату жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:
жеке әріптерді ажырату;
шатастыратын әріптерді буында ажырату;
шатастыратын әріптерді сөзде ажырату;
шатастыратын әріптерді сөйлемде ажырату;
шатастыратын әріптерді мәтінде ажырату.
Жоғарыда аталған жұмыс бағыттары негізінде перспективті жоспар құрастырылады.
Оптикалық дисграфияны түзету барысында қолданылатын жұмыс тәсілдерін қарастырайық.
Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданатынтәсілдер:
контурмен сызылған заттарды атау;
бірінің үстіне бірі сызылған суреттерді атау;
заттың жетіспейтін бөлшегін толықтырып сызу, атау;
түрі, түсі, көлемі бойынша заттарды іріктеу;
суреттегі айырмашылықтарды табу.
Көріп есте сақтауын (көру мнезисін)дамыту:
10-шақты суреттің ішінен 4-5 суретті есте сақтап атау, көрсету;
әріптердің ішінен тек дауысты, дауыссыз әріптерді есте сақтап атау;
алғашқы кезектілікті сақтап әріптерді, сандарды, фигураларды орналастыру;