I теоретические основы логопедии



бет148/203
Дата03.02.2023
өлшемі2 Mb.
#64963
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203
Байланысты:
I теоретические основы логопедии

Әріпті тануын, әріп бейнесін ажыратуын қалыптастыру:

  • графикалық ұқсастардың арасынан әріп табу Л-М; А-Д; К-Ж; Ж-Х; П-Н; Ш-Щ;

  • бірінің үстіне бірі жазылған әріптерді атау;

  • дұрыс, қате жазылған әріптерді анықтау;

  • элементтері бойынша әріп құрастыру;

  • бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж; т-г; р-в, т.б.);

  • әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.

Оптикалық дисграфия, дислексияда әріп бейнесін бекіту үшін, әріпті бір ұқсас затпен сәйкестендіру (О - дөңгелекпен, З - жыланмен, т.б.) немесе тақпақтар жаттау сияқты тәсілдер қолданған тиімді. Мысалы,
«А» әріпі әрдайым Алфавиттың алдында. Мына әріпке қарашы Былай «Е», былай «Ш».
«З» әріпін әрқашан табасың сен
саздан, қаздан, залдан.
Сонымен, ЖСТБ-ы әр түрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарды дұрыс құрастырып, оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек:

  • қазақ тілі пәнінің бағдарламасына сәйкес;

  • ақаулықтың түрін, құрылымын ескеру;

  • онтогенетикалық ықпал ету;

  • сөйлеу тілінің даму деңгейін ескеру;

  • қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технологиялары мен көзқарастарды ескеру;

  • логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу. Бағдарламада түзету жұмысының мақсаты мен міндеттері, мазмұны дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей міндеттерді атауға болады:

  • сөйлем құрамын талдау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • буындық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • фонематикалық талдау мен жинақтау дағдыларын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.

Акустикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

  • естіп қабылдауын дамыту;

  • дыбыс туралы ұғымын қалыптастыру, дамыту;

  • фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;

  • шатастыратын дыбыстарды ажырату дағдысын дамыту.

Аграмматикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

  • затты, іс-әрекетті, құбылыстарды атау мен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • - сөздің морфологиялық құрылымы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • - сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру;

  • Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру.

Оптикалық дисграфияны түзетудің негізгі міндеттері:

  • көріп қабылдауын, талдауын, жинақтауын дамыту;

  • жазуда шатастыратын дыбыстарды ажырату.



Жалпы мектептің 1-ші сынып оқушыларын жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарынан сақтандыру бағдарламасының мақсаты:

  • ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзету;

  • оқытуда қиыншылық кездесетін балаларды қазақ тілі мен оқу сабақтарына қажет біліктілігі мен дағдыларын меңгеруге жанжақты дайындау жатады.

Бағдарламаның міндеттері:

  • фонематикалық талдау, жинақтауын дамыту;

  • тілдік талдау, жинақтауын буын, сөз, сөйлем, мәтін деңгейлерінде дамыту;

  • фонемдерді ажыратуын анықтау, бекіту;

  • кеңістікті-уақытты бағдарлау түсінігін анықтау және дамыту;

  • зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамыту;

  • сөз қорын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру, дамыту;

  • сөйлеу, жазу, оқу актілеріне қатысатын анализаторларды (есту, көру, сезу) дамыту.

ЖСТБ-н сақтандыру жұмысы міндеттерге сай үш деңгейде жүргізіледі (фонетикалық, лексикалық, синтаксистік) және жоспарда әр деңгей бойынша жұмыс мазмұны толық көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет