I теоретические основы логопедии


ӘР ТҮРЛІ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ



Pdf көрінісі
бет200/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   230
Байланысты:
Логопедия

ӘР ТҮРЛІ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Көмекші мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру 


408 

Зияты зақымдалған оқушылар сөйлеу тілі кемістіктері тұрақты, 


механизмдерінің күрделілігі себебінен логопед көмегін қажет етеді. 
Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу тілін 
тексереді. Терең (толық) тексеруден өздері келген сыныпқа байланысты емес 
өтеді. Логопедтің сабақтарына бұрыннан қатысқан, бірақ жұмысты әліде 
қажет ететін балаларда тексеріледі.
Бұл балаларды тексерудің мақсаты: оқу жылының басындағы сөйлеу тілі 
жағдайын айқындау.
Тексеру төмендегідей қағидаларды ескеріп құрылады: кешенділік 
көзқарас, жанжақтылық, жүйелік, динамикалық. 
Жеке тексеруге алынған мәліметтер сөйлеу картасына толтырылады. 
Логопедиялық сабақтарға жазылған әр баланың сөйлеу картасына қосымша 
сөйлеу тіл қорытындысына сәйкес құралған, онымен өткізілетін 
логопедиялық сабақтардың жеке жоспары тіркеледі.
Тексеру 
нәтижелері бойынша логопедиялық сабақтарға балалар 
топтастырылып алынады. Логопедиялық сабақтарға балаларды тіркеудің 
көрсеткіші болып сөйлеу тілінің бұзылысының сипаты, оның үлгеріміне 
тигізетін әсері табылады. Топтар сөйлеу тілі бұзылысының ұқсастығы, 
бірдейлігі, сипаты бойынша құрылады. 
Логопед әрекетінің келесі кезеңі – логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру 
және жүргізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету жұмысы ақаулықтың 
құрылымын, жас ерекшеліктерін ескеріп мектеп бағдарламасы 
материалында құрылады. Логопедиялық сабақтар екі түрге бөлінеді: жеке 
және топтық сабақтар. 
Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, ұзақтығын 
көрсететін жұмыстың ұзақ мерзімдік жоспарын құрады. Сабақтарды қажетті 
оқу-әдістемелік материалмен жабдықталған логопедиялық кабинетте 
өткізеді. Логопедтің сабақтан тыс жұмысы сөйлеу тілін дамыту 
шараларының 
мектепте 
біркелкі 
сөйлеу 
тәртібінің
қамтамасыздандырылуын бақылауды көздейді. Логопедтің әрекеті мұғалім
тәрбиеші, мектеп дәрігері, сөйлеу тілі бұзылыстары бар оқушылардың ата –
аналарымен тығыз байланыста болады. 
Логопед сабақтар, сыныптан тыс іс – шараларға біріншіден оқушыларды 
бақылау мақсатымен, екіншіден балаларға көмек беру жөнінде өзі берген 
ұсыныстарды 
мұғалімдермен, 
тәрбиешілердің 
ұстанып, 
орындауын 
қадағалайды. 
Логопед әрекетінің бағытының бірі – мектеп қызметкерлерін, сөйлеу тілі 
бұзылыстары бар балалардың ата –аналарын сабақтан тыс уақытта, 
сабақтарда, үй жағдайында қолданатын тәсілдерді (дыбыстық талдау 
дағдыларын қалыптастыру, жазу бұзылыстарының алдын алу, қолдың ұсақ 
моторикасын дамыту, артикуляциялық аппаратын дамыту т.б.) үйрету. 
Логопед мұғалімдер, тәрбиешілер ата -аналарға арнап сұхбаттасу, семинар, 
кеңестер ұйымдастырып, жаңа ғылыми, әдістемелік әдебиеттермен 
таныстырумен айналысады. 


409 
Сонымен, логопедтің мұғалімдермен, тәрбишілермен, ата –аналармен 
жұмыс негізінен кеңес беру сипатында болып, логопедиялық білімдерді 
пропагандалау мақсатын көздейді.
Логопедтің мектеп дәрігерімен қатынасы оқушылардың сөйлеу тілі 
бұзылыстарының себепті күрделілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тіл 
кемістіктері бар балаларды есепке алу, сөйлеу карталары, алдын ала мерзімді 
және сабақ жоспарлары, жылдық жоспары бойынша атқарылған жұмысқа 
есеп беру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет