I теоретические основы логопедии


шар деген сөзде бірінші дыбыс  Р



Pdf көрінісі
бет63/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   230
Байланысты:
Логопедия

шар
деген сөзде бірінші дыбыс 
Р
деп жауап береді. 
Сөздің буындық құрамы бойынша салыстыру, сөздегі дыбыстың санын 
анықтау, екінші, ұшінші, төртінші дыбысты атау қиынға түседі. 
Дауысты дыбыстарды, сонымен қатар сөзде қатарынан келген бірнеше 
дауыссыз дыбыстарды тастап кету, сөздегі дыбыстарды ретімен айтқан кезде 
сөз реверстері («бас» деген сөзде – с, а, б) осы балаға тән қателері болып 
саналады. 
Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балалар сөздің 
басында, ортасында дыбысты қосып, алмастып орындайтын тапсырмаларды 
мүлдем орындай алмайды. Дыбыстардан және буындардан сөз құру, 
жинақтау бұндай балалрға қиын емес. Бірақ 4 - 5 дыбыстан құралған, 
қатарында бірнеше дауыссыз дыбыстар бар сөздерді жинақтауда бұзылыстар 
кездесуі мүмкін. Реверстердің жиі кездесуі тек қана фонематикалық 
бұзылудың белгінің емес, кеңістікті бағдарлауының бұзылғанын дәлелдейді. 
 


133 
Сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымының қалпы 
 
Балалардың белсенді сөз қорында барлық сөз таптары кездеседі. 
Мектеп жасына дейінгі балаларда жалпылама түсініктері бар, жаңа сөздерді 
жеңіл құрастыралады (мал-малшы). Бір заттарды, олардың әрекетінің 
белгілерін атауында спецификалық қателер кездеседі. Олар керекті сөзді 
анықтау және басқа сөздің орнына қолдану кезінде көрінеді («солдат»-
«мотрос», «рюмка» - «бокал», «ағаш» - «бұтақ»). Сонымен қатар басқа 
ситуацияда балалар сөздерді дұрыс, белсенді қолданады. Бұл бұзылысты 
лексикалық жетіспеушілік деп қарастырмауға болады. Ол бала заттың 
атауын, оның образымен сәйкестендіре алмағаннан болатын бұзылыс. 
Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар жыл 
мезгілдерін, тәулік бөліктерін, апта күндерін атауға қиналады. Бірақ балалар 
белгілерін біліп, оларды сәйкестендіре алғандықтан, бұл бұзылыстар 
лексикалық емес, уақыттық түсініктерінің жетіспеушілігі деуге болады.
Жалпы, бұл балалардың лексикалық ерекшеліктерін сипаттай отырып, 
олардың өз бетінше сөйлеуінің кедейлігі, сөйлеу тілінің реттеуші және 
жалпылаушы функцияларының қалыптасуының тежелуін айтып кеткен жөн. 
Бұндай балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымында да өз 
ерекшеліктері бар. Олардың өз бетінше сөйлеуі сауатты, бірақ вербальды 
штамптары жиі кездеседі. Дизартрияның көмескі түрі бар кейбір балаларда 
әлеуметтік ортаның және тәрбиесінің ерекшеліктірінің салдарынан сөйлеу 
тілінің лексика - грамматикалық дамымауы байқалады. Сөздік қорының 
кедейлігі, жалпылама сөздерді білмеу, негізгі белгілерін ажырата алмауы, 
сөз жасам процестерінің бұзылуы, аграматизмдердің көп болуы осы 
жетіспеушіліктің типтік көрінісі болып табылады. 
Сонымен, жалпы сөйлеу тілінің дамымауына тән лексика - грамматиканың 
бұзылыстары дизартрияның көмескі түрі бар балаларда кездеседі. 
Байланыстырып сөйлеуінің қалпы 
 
Мектеп жасына дейінгі дизартрияның көмескі түрі бар балалар 
вербальды құралды дұрыс қолданады. Әңгімелеуде күрделі грамматикалық 
конструкцияларды қолдана отырып грамматикалық тұрғыдан дұрыс 
құрастырылады. Баланың сөйлеу тілінде жеке аграмматизімдер, вербальды 
штамптар кездеседі. 
Өз бетінше сурет бойынша әңгіме құрастырған кезде дизартрияның 
көмескі түрі бар балалар қалыпты балаларға қарағанда суретке оңнан солға 
немесе төменен жоғары қарай қарайды, яғни оларда оптикалық – 
гностикалық бұзылыстары байқалады. Кейбір жағдайда балалар әңгімені 
жеке бөлшектерді атаумен алмастырады, мысалы, 
тәтемен бала қарап тұр. 
Аға жүгіріп барады. Бала құлады. Бала суға батты...
Басқа жағдайда балалар суреттің емес бөлшектеріне мән беріп, әңгіме 
құрастырады (егер ересектер кезектілігін реттеген болмаса). 


134 
Мысалы, 
«Құс келіп барлық балықты жеп кетті. Ал мында бақалар балық 
ұстап жатыр. Ал мында олар балықты ағаштан аулап жатыр. Жоқ олай 
емес.
Құтқарушы - бақалар құсты ұстап алып, оны жіберуге мәжбүр 
етті.»
Балада вектор инверсиясы бар екені көрінді (оңнан солға қарай) және 
көру қабылдауының бөлшектенуі байқалады. Ол уақиғаны дұрыс 
айталмасада, оны жалпылай білді. Кесілген сюжетті сурет сериялары 
бойынша әңгіме құрастыру кезінде балалар жақсы көрсеткіштерге жетті. 
Балалар бұл тапсырмаларды орындағанда суреттерді өз бетінше 
орналастырды. Суреттерді оңнан солға (кезектілігі 3, 2, 1) қарай болғанымен, 
уақиғаның кезектілігі сақталған, әңгіме құрамында негізгі мазмұндық 
бөлшектері сақтаулы болады. 
Дизартрияның көмескі түрі бар балаларда байланыстырып сөйлеуінің 
жоғарыда айтылған ерекшеліктерінен басқа жалпы сөйлеу тіл дамуына тән 
бұзылыстар кездеседі. Олар сілтеуіш сұрақ түрінде көрсетілген логопедтің 
көмегін талап етеді. Ситуацияны дұрыс түсінбеуі, суреттерді ретсіз 
орналастыру, сөз қорының кедейлігі, сойлеу құралдарының дұрыс 
қолданбауы, көптеген дөрекі агграмматиздер, сурет бойынша әңгіме 
құрастыру қиыншылықтары (кейде мүлдем құралмауы), кездеседі. Бұл 
бұзылыстар алдында айтып кеткендей, жалпы сөйлеу тіл дамуына тән 
бұзылыстар. 
Оптикалық-кеңістік түсініктерінің қалпы 
 
Аталған ерекшеліктерді «химерлерді» тануға арналған тапсырмаларды 
орындаған кезде байқауға болады. Балалар бейнеленген суреттің тек бір 
бөлігін ғана атайды (оң немесе сол жақтағы), мысалы, «құрт - моншақ» 
суретін моншақ деп таниды, «сыпыртқы - гүл шоғыры» - «гүл шоғыры» деп 
таниды. 
Балаларда оптико-конструктивті әрекеттің дөрекі бұзылуы байқалады. 
Қалыпты жағдайда кеңістікті түсіну компоненттері баланың тоғыз жасында 
ересектердің нормативті көрсеткіштеріне жетеді. 6 жастағы балаларда оптико 
- конструктивті әрекеттің қалыпты дамуына алғы шарттары бар. Бірақ 
дизартрияның көмескі түрі бар балаларда Тейлор фигурасын көшіргенде
әрекеттің бөлшектенуі және ретсіздігі байқалады. 
Сурет әрекеттің белгілі бір кезектілігін сақтамай немесе ретсіз көрсетіледі. 
Балаларда метрикалық қателер байқалады: пропорцияларының өзгеруі, 
фигураларының қысқартылуы немесе созылуы, құрылымдық - топологиялық 
қателер, фигураның толық образының жоғалуы, бір - біріне қатысты 
фрагменттердің бірігуі,, түйісу нүктелерімен сызықшаларының сәйкестігі. 
Бұндай балаларға координаттық қателер тән болады. Оларда суреттерді 
оңнан солға қарай салу, фигураларды және олардың фрагменттерін кеңістікте 
дұрыс орналастырмауы, бүтін фигураны немесе оның бөлшектерін 90°, сирек 
180° реверсі (бұруы) байқалады. Көптеген балалар суретті парақтың оң 
жағынан бастап салады және фигураның оң бөлшегі ғана салынады. 


135 
Есту, сөйлеу және көру, жадының қалпы 
 
Дизартрияның көмескі түрі бар мектеп және мектепке дейінгі естияр 
баланың есте сақтауының көлемі мен ұзақтылығы бекім сақтаулы деуге 
болады. Көптеген жағдайда сөздрдің қажетті санын қайталап айтып беруіне 
үштен артық емес (сөз немесе фигуралар) символдар қажет. Таңдау 
процестері дөрекі бұзылған болады. Сөздердің, фигуралардың эталондық 
кезектілігі сақталмайды, үлкен көлемде әдеби және вербальды парафазиялар 
және параграфиялары «3 сөзден 2 топ» деген пробаны берген кезде жиі 
дыбысталуы ұқсас сөздердің алмастырылуы кездеседі (қас-бас, сана-шана). 
Мағнасы ұқсас сөздердің алмастырылуы да болауы мүмкін (торт-пирог). 
Координаттық бұзылыстар байқалады - фигураларды 90° немесе 180°- ға 
бұрып салуы. 
Сонымен, дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жалпы, ұсақ, 
артикуляциялық моторикасының бұзылуы байқалады. Дизартрик балалардың 
қол білезіктері әлсіз және сылбырт, саусақтары икемсіз болып келсе, ал 
жалпы моторикасыында қимыл –қозғалыстары нақты емес, баяу, тепе 
тендікті сақтай алмайды. Әрине, мұның бәрі дизартрия шалдыққан 
балалардың жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. 
Сонымен қатар сөйлеу аппаратының қимыл – қозғалысының жеткіліксіздігі 
сөйлеу тілінің дыбыс айтуының және просодикалық жағының бұзылына 
соқтырады деп тұжырымдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет