І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


ТЕМЕКІ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ



бет123/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   156
Байланысты:
treatise40283

ТЕМЕКІ ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ


Темирлан Серік (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Каупенбаева Р.Б., б.ғ.к.

Темекі шегудің кең таралу және осы зиянды әдетке жасөспірімдердің үйір болуы – ең маңызды мәселелердің бірі. «Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» - деген болатын орыстың белгілі фармакологы И.М.Догель. Өйткені адам баласына темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ.


Темекінің химиялық құрамына назар аударайық:
- Темекі түтінінің құрамында 12 000 жуық заттар мен 4000-нан астам химиялық қосылыстар бар, оның 40-тан астамы онкологиялық ауруларға себеп болатын улы заттар.
- Шайыр – түтін арқылы адам өкпесіне түседі. Түтін конденсацияға ұшырап, 70% шайыр өкпеде қалады.
- Никотин – адамның тәуелділігін жылдам қалыптастыратын есірткелік зат. Темекі түтіндегі никотиннің қанға сіңуінен физиологиялық эффект пайда болады, бұның нәтижесінде жүректің соғуы жылдамдап, қан қысымы жоғарлайды.
- СО көміртегі – исі мен дәмі жоқ улы газ. Оны адам еш сезбейді, әйтсе де көп мөлшері адамға қауіпті. Ол темекіні тұтатып, ішке тартқанда пайда болады және қандағы гемоглабинмен әрекеттесіп, оттегінің орнын алмастырып қандағы оның мөлшерін төмендетеді. Мүшелер мен ұлпада оттегінің жетіспеуі, ең алдымен, жүрек қан тамыр ауруларын және қан айналымын бұзады.
- Кадмий – жоғары улы металл.
- Формальдегид - өте улы зат, өлі денелерді сақтауға пайдаланылады.
- Ацетон – еріткіш, тұрмыста кеңінен пайдаланылады.
- Бензол – еріткіш, химиялық өнеркәсіпте пайдаланылады.
- Мышьяк - өте улы кеміргіштерді құрту үшін пайдаланады.
Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.
Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезде. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз олар өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.
Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.
Никотиннің залалсыздандырылуының көп мөлшері бауырда, сонымен қатар бүйрек пен өкпеде болады. Никотин және оның өнімдері шылымды шеккеннен кейін несеппен 10-15 сағат бойына бөлінеді.
Темекі түтінінің қауіпті қоспасы ысты газ болып есептеледі. Ол, шылым шегушінің жүрек ишемиялық ауруының дамуының ең басты себебі. Ысты газ біртіндеп уақыт өткен сайын адам дене мүшесіндегі оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Ысты газ оттегіне қарағанда 250 есе жеңіл гемоглабинмен байланысқа түсіп, оттегіні гемоглобиннен ығыстырып тастайды. Бұл ауруды гипоксия деп атайды.
Шылымқорлықтың, оның ішінде темекі түтінінің адам ағзасына тигізер зияны көпшілікке мәлім. Әсіресе ол созылмалы өкпе кеселіне бастар бірден-бір жол. Шылымқорлық зор әлеуметтік жүк иеленетін кеселдердің дамуына жетелейтін озбырлы қауіп факторларының біріне жатады. Қазіргі заманғы қоғам темекі түтінінің адам денсаулығына зиянды қасиетін объективті түрде көрсете алатын дәлелденген ақпаратқа зәру. Ғалымдар Т.Х.Тэтчер, С.Р.Янг (2007), И.Рахман (2006) сигареттің бір сорылуындағы адам тыныс жолдарына өтетін темекі түтінінде 1015 еркін радикалдар мен 4700-ге жуық әр түрлі химиялық қосылыстардың болатындығын анықтады. Темекі түтінінің қатты және газ түріндегі фазалары болады. Оның қатты фазасының ең уытты заттары никотин, полоний, никель, кадмий, мышьяк, қорғасын. Газ түріндегі фазаның құрамында ысты газы, ацетальдегид, ацетон, метанол, азот тотығы, сутек цианиді болады. Темекі түтінінің құрамына кіретін жеке ұсақ бөліктердің өлшемінің бір микронға жетпейтіндігін атап өткен жөн. Олардың көлемін нанобөлшектер деп сыныптауға болады, бұл олардың альвеолдық-капиллярлық мембранадан еркін өтіп тыныс жолдарына енетінін білдіреді. Адамның өз өмір бойына темекі түтінінің күйретер әсерін бойдан кешіру ауқымын көзге елесетудің өзі де қиын.
Темекі тартқан кезде бірінші соққыны тыныс алу жолдары алады. Және темекі тартатын адамдардың 80 % тыныс алу жолдарында созылмалы аурумен ауырады. Ұзақ уақыт темекі тарту салдарынан қарынның шырышты қабаты созылмалы қабынып , сосын жара пайда болады. Темекі тартпайтын адамға қарағанда темекі тартатын адамның қарын жарасы 12 есе көп кездеседі. Кейде аскынып катерлі ісікке айналуы мумкін.  Көптеген зертеулер арқылы темекі тартқандық пен жүрек-қантамыр ауыруларының арасындағы байланыс бар екендігі дәлелденді.  Темекі тартуға деген құмарлық иммунитетті төмендетеді. «Темекі тартудың өзіне тән белгісі» тез байқалады. Адамның жасына жетпей қартаю,бет теріге ерте әжім түсіреді.Темекінің уынан дыбыс және көмекей мүшелері ісиді, содан соң дауыс жуандап кетеді де сөйлегенде құлаққа өрескел сырыл қоса естіледі.  Темекі тартылған бөлмеде әсіресе темекі тартпайтын адамдарға зиян көп болады. Темекі тартқан кезде темекінің құрамындағы улы заттың 20% жанып кетеді, 25% темекі шегушінің өкпесінде қалады, 5% сигардың шегілмеген қалдығында қалса, қалған 50% қоршаған ауаны улайды.
Темекіден туындайтың ауруларға тоқталайық:
- Арқа және бел ауруы. Темекі тарту бел ауруларын тудырады. Өйткені, адамның омыртқа табақшаларына оттегі аз барады.
- Балалардың тынысалу жүйесінің бұзылуы. Әкесі, не анасы темекі тартатын балалардың тыныс жолы ауруларына шалдығу қаупі 6 есе жоғары. (Суықтау, құлақтың қабынуы, бронхит, ентікпе және туберкулез т.б. аурулар).
- Диабет. Темекі дененің инсулин бөліп шығару қабілетін уақыт өте келе жояды. Бұл диабет ауруына жол ашады.
- Өкпедегі алвеольдердің уақыт өте келе серпінділігі жойылып, тыныс алу қиындайды және ауру адам тыныс алу құрылғысымен ғана өмір сүре алатын жағдайға жетеді. Бұл ауруға шалдыққандардың 85 пайызына темекі тікелей кінәлі.
- Асқазандағы қатерлі ісік. Темекі тартатын адамдардың асқазан және ішектегі қатерлі ісік ауруына шалдығу қаупі темекі тартпайтынға қарағанда 2 есе көп.
- Жүрек аурулары. Шылым шегетіндер басқаларға қарағанда 4 есе жүрек ауруына көп ұшырайды.
- Гангрена.Өкпе қызметін дұрыс атқара алмағандықтан, денеге оттегі аз таралады. Адамның денесі осы аз мөлшердегі оттегіні басқа ағзаларға таратуға мәжбүр. Сондықтан жүректен алыс орналасқан саусақтың ұшынан бастап жасушалар өле бастайды. Көбіне қол мен аяқтар гангренаға үшырайды.
- Бауырдың қабынуы. Бұл аурудың 80 пайызы темекі шегудің әсерінен туындайды.
- Кеңірдектегі қатерлі ісік. Күніне 25 дана темекі кеңірдекте қатерлі ісіктің (рак) пайда болуына себеп болады.. Бұл алдымен сөйлеуге қиындық туғыза бастайды да, соңында толық сөйлей алмайтын жағдайға дейін апарады.
- Ауызда қатерлі ісіктің пайда болуы. Ауызда қатерлі ісіктің пайда болу жағдайларының барлығына темекі себепші.
- Өңештегі қатерлі ісік. Бұл аурудан қайтыс болғандардың барлығы темекі тартқаннан осы дертке шалдыққандар.
- Ерте қартаю. Әрдайым темекі тарту терінің құрылымын бұзып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады. Сонымен қатар, тістер сарғайып немесе қарайып, тырнақтар әлсірейді.
- Жаралардың баяу жазылуы. Темекі тартатын адамдардың жаралары өте қиын жазылады. Тістің түсуі. Темекі тарту тістің ерте түсіп қалуына себепші.
Колледж студенттер арасында тақырыпқа байланысты сұрақтар ұйымдастырылды:
1. Темекінің химиялық құрамын білесің бе? деген сұраққа 50-студенттен 32- білмеймін деп жауап берді ол 64% құрайды.
2. Темекі шегуден қандай аурулар пайда болады? деген сұраққа 50-студенттен 26-рақ пайда болады деп жауап берген ол 52% құрайды.
3. Темекі адам ағзасындағы қандай мүшелерге әсер етеді? деген сұраққа 50- студенттен 19- студент тек өкпені атаған, ол 38% құрайды.
Қорытынды:

  1. Көпшілік жастар темекінің құрамында көптеген улы заттар бар екенін білмейді. Темекі шегуден рак ауруынан басқа да аурулар пайда болады. Темекі адам ағзасындағы барлық мүшелерге әсер етеді.

  2. Темекі шегудің зияны көп, сондықтан ата – аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып ел ішінде салауатты өмір салтын насихаттау қажет.

  3. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін. Бұл қолайсыз мәлімдеме нақты факт негізінде жасалып отыр. Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет