Әдебиеттер
1. Әміров А. Интербелсенді әдістер арқылы оқу мен оқыту. –Алматы, –2009.
2. Нарқұлова Б. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі. Ғыл.кан. дисс, – Алматы. – 2006.
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Солодовникова А. В. (Қазақстан)
Қ. И. Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Ғылыми жетекшісі: Айтжанова С. С., ф.ғ.к.
Адам тарихының барлық кезеңдерінде қолда бар материалдардан құралдар жасап келеді. Алайда материалдардың қасиеттері туралы жиналған білімдерінің арқасында адамдар берілген сипаттамалары бойынша материалдар шығаруды үйренді. Қазіргі уақытта интеллектуалдық деп аталатын және де көп қолданылатын материал кеңінен зерттеледі.
Интеллектуалдық деп бақыланып отырғанда өз қасиетін қоршаған ортаға байланысты өзгертетін материалдарды айтады. Мысалы, лазер жасауға қажетті материалдар, интегралды сұлба, магнитті сақтағыштардың ақпараты, сұйық кристаллдағы және оптикалық талшықтардағы дисплей, сонымен қоса тікұшақтардың кабинасындағы шуды басу үшін қолданылатын жүйе қалақшалардың айналуы арқылы жүзеге асады.
Интеллектуалдық материалдардың құрауыштары есебінде кейбір бергіш (кіріс дабыл белгілерін анықтайтын) үлгілері қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар атқарушы жүйе (күшейткіш). Ол жауап бергіш және бейімделгіш құрылғы қызметін атқарады. Осы аты аталған құрылғылар пішімін, орнын, өзіндік жиелігін немесе механикалық сипаттамасын қызудың, нұрдың ашықтығына, электрлік кернеуліктің немесе магниттік өрістің өзгеруіне жауап ретінде қолданылуы мүмкін.
Қалақтардың ішінде орналасқан пьезоэлектрлік дабыл бергіштерден атқарушы тетіктерге беріледі. Бұл тетік компьютер арқылы тік ұшақтың бұрандаларындағы бәсеңдеткіш дыбыс арқылы антишуды түрлендіреді. Күшейткіш ретінде әдетте 4 материал түрін қолданады: бұл пішінді өзгертуге бейім жады бар құйындылар, пьезоэлектрлік түрдегі керамикалар, магниттік-стрикциондық материалдар және электрореологиялық электромагниттік сұйықтықтар.
Жады бар құйындылар – егер қызу өзгерсе бұл деформациядан кейін бастапқы пішінге оралатын материалдар. Пьезоэлектрлік түрдегі керамикалар электрлік өрістің немесе кернеудің өзгеруіне жауап ретінде үлкейеді немесе тартылады. Егер олардың көлемдері өзгерсе ол электрлік дабылдың қоздырылуына жетеді. Магнитостракциондық материалдың әрекеті пьезоэлектрлік реакцияларына ұқсас, бірақ магниттік өрістің өзгеру реакциясы сияқты электро- және магнитореологиялық сұйыққа келсек, ол қоршаған орталар, тұтқырлықтың үлкен өзгерістері жауабы ретінде электрикалық немесе магниттік өрістің өзгеруі сәйкесінше қоршаған ортаға байланысты, бұл электро және магнитореологиялық сұйықтыққа қатысты. Ең басты интеллектуалдық материалдың ерекшеліктері болып олардың бір энергия көзін екінші энергия көзіне түрлендіру қабілеті болып табылады.
Интеллектуалды материалдар тікелей наноматериал категориясына қарайды, дегенмен олар жиі нанотехнологияда қолданыс табады. Осылай, сегнетоэлектриктер, пьезоэлекриктер өте дәл құрылғыларды орындарына орналастыру, жасау үшін қолданылады.
Қазіргі кезде өзекті қолданыс болып, интеллектуалдық материалдар, интеллектуалды киім, интеллектуалдық мекемелерді жасау үшін қолданамыз. Интеллектуалдық материалдарды зерттеу үлкен мәселе ретінде жүріп жатыр, тіпті арнайы журнал “Smart materials and Structures” тақырыбына шығаруға қажетті болды, және дайджесті де. Интеллектуалдық киім – киім қоршаған ортамен интерактивті әрекеттесе алады, сигналдарды қабылдап, мәліметтерді өндіріп, жауапты реакцияларды іске қосады. Интеллектуалдық киім матадан жасап байытылған, жүрек соғысын өлшейтін датчиктармен және қалыпты демалу, акселераметрмен, оптоволокнмен, қыздыратын элементтермен, күн батареяларымен және т. б.
Интеллектуалдық үй – замануи тұрғын үйдің түрі, ол адамдардың автоматтандырылған және жоғары технологиялық қондырғыларымен тұруына ұйымдастырылған. Интеллектуалдық үйдің барлық пайдаланушылардың қауіпсіздігін және ресурсты (соның ішінде жайлылықты) қамтамасыз ететін жүйесін түсінген жөн. Қазіргі уақытта ең атақты және қымбат (100 млн) үй, танымал Microsoft корпорациясын ашқан Билл Гейтске арнап, АҚШ-та салынған. Бұл көпэтажды вилла, озат жоғары технологиямен жабдықталған. Ғимаратта компьютерлік бақылау және барлық инженерлік аппараттарды басқару жүзеге асады, сонымен қатар әрбір бөлмеде оңтайлы микроклиматпен қамтамасыз етілген. Үйге кірерде әрбір келуші, үйдің барлық ақпараттық қызметіне қосатын арнайы электронды белгіше алады. Одан әрі белгіше үйдің келуші тілектерін орындауы үшін, келушілердің қайда жүргендігін қабылдағышқа баяндап отырады. Қараңғы уақыттарда әрбір келушілерге қозғалмалы жарық толқындары ілесіп жүреді, және шам адамнан қашықтаған сайын, оның жарығы әлсірей береді.
Материалдардың мысалдарын қарау озық материалдар және олардың қолданылуының аз ғана бөлігін көрсетеді. Олардың түрлері көп, және оларды әртүрлі құрылғылардан, яғни пьезоэлектрлік шақпақтармен тұтандыру шамдарынан және күрделі ультрадыбыстық аспаптардан кездестіруге болады. Тіпті қарапайым материалдарды озық етіп жасауға болады. Өздігінен қалыптасатын цемент, кең таралған қарапайым материалдардың озық қасиеттерімен жасалуына және ауыстырылуына болады, соның арқасында цементтеу ұңғымаларының сапасы көтерілді. Озық материалдарды зерттеу – АҚШ, Массачусетс штаты, Кембридждегі Shlumberger компаниясының зерттеу орталығының ғылыми қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |