І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


Әдебиет 1. Кенжеахметов С. Жеті қазына, 2005. ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ



бет16/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиет
1. Кенжеахметов С. Жеті қазына, 2005.
ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ


Әбдібай Аида Сакенқызы (Қазақстан)
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Ғылыми жетекшісі: Бөлекбаева Н.И.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ-ардың,


Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың!
(М. Жұмабаев)
Кез келген ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты екені аян. Қандай да бір ұлт өз болашағын қаларда, ең алдымен, тілінен, дінінен, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрінен бастау алуы тиіс. Тіл кеткеннен кейін ұрпақ санасынан ұлттық сезім де кетеді. Тіл бар жерде ұлт бар, ұлттық сана-сезім, ұлттық қадір-қасиет бар, тіл кеткеннен кейін ұрпақ санасынан ұлттық сезім де кетеді. Тіл – ұлттың жаны. Оны білмеу – ұлттық дәстүрден, ұлттық қасиеттен жұрдай болу деген сөз. Әрбір халықтың ой-өрісін, парасат-парқын, сезім түйсігін, дүниетанымы мен болмыс тірлігін танытатын – оның тілі. Тіл — өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі.
ХХ ғасырдың басында ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді.Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз, әйтсе де біздер оны құрметтеп, қолдап, аялау керектігі жөнінде көп ой толғаған емеспіз.
Белгілі ғалым Махмұд Қашқари «Тәрбие басы – тіл» деп көрсетеді. Жалпы, қай тәрбиенің де бастауы отбасынан басталатыны рас, патриоттық сезім де отбасынан қалыптасады. Тіл туралы айтылғандардың бәрі желге ұшып, қоқысқа айналмасын десе, әр қазақ өз шаңырағында ағарту ісімен айналысса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда ғана әр адамның санасында ұлттық намыс, патриоттық жігер оянар еді. Сөйтіп, ол да ана тілін қадірлеуге, сыйлауға, ұмытпауға, патриоттық сезімнің оянуына ат салысар еді. Нағыз патриот әрқашан ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп, өз ұлтының құндылықтарын басқа біреулердің тепкісіне ешқашан бермейді.
Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан екен: «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді (түсіндірілмейді). Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Осындай маңызды мәселені еліміздің кез-келген азаматы түсінсе, жүрекпен сезіне білсе біздің қоғамдағы тіліміздің мәртебесі де асқақтай түсер еді.
Әр жеткіншекті халқының тілі мен салттық, тұрмыстық дәстүрі негізінде тәрбиелегенде ғана ұлттық рухы жоғары ұрпақ қалыптасады. Тарих, дін, тіл – ұлттық тұтастықтың, Тәуелсіздіктің кепілі. Өз үйінде бүгін өз тілін қорғай алмаған қазақ, ертең Тәуелсіз Отанын қалай қорғамақ? Бала тәрбиелеуде туған тіл табиғатына көңіл бөліп, халық тәжірибесіне, дәстүріне сүйене отырып тәрбиелеуіміз керек.Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын өнеге тұтпай тұрып, жастарды ұлтын сүюге, ұлтжандылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Өз халқының табиғи мінезін бойына сіңіріп өскен әрбір жас ұрпақ ана тілінің де қадіріне жетері сөзсіз. Халық аңыз әңгімелері, ертегілер, шешендік сөздер, тарихи мәні зор батырлық, ғашықтық, эпостық жырлар жас өспірім баланың таным-талғамына жақсы әсер етеп, адамдардың өнерге деген сезімін оятады, құштарлығын арттырады, жақсылыққа, ізгілікке, парасаттылыққа тәрбиелейді, сұлу сазымен, керемет сөзімен сүйсіндіреді. Өзінің ұлттық менталитетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, ділін сақтай білген халық қана өз-өзін қорғай алады. Сондықтан ана тіліміз, ата дініміз, ұлттық тәрбие – ұлттық мүддеге, мемлекетке, халыққа қызмет ететін рухани құндылықтар.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағының көзі ашық, көкірегі ояу ойшыл азаматтары шығармаларын көпке ортақ тілде жаза білді. Кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдырды. Солардың бірі – түркі әлемінің ұлы ойшылы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл˗Фараби бабамыз. Ол ғылым мен білімдегі, адам мен әлемдегі ең терең байланыстарды, қасиеттерді, сипаттарды құндылық ретінде өрнектей білген. Сондықтан болар әл-Фарабиді энциклопедист-ғалым деп танитынымыз. «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту» - дейді ғұлама.
Ал елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Рухы берік, санасы ояу, мәдениеті озық, әдебиеті өрен елдің болашағы да баянды болады» − деген еді («Егемен Қазақстан»,12 қаңтар, 2012 жыл). Ұлттық рух, ұлттық тіл ─ ұрпақ тәрбиесінің арқауы.
Қазақ тіліменен қатар қазақ әдебиетінің де ұрпақ тәрбиесінде орны ерекше. Қазақ әдебиеті – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал, ол арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымыздыасыл қасиеттерімізді танытамыз. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды.
Сөзімді қорыта келе айтарым, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! Бүгінгі күні егемен ел ретінде әлем мойындаған Қазақстанға деген қызығушылық артып, өркениеттің материалдық ғана емес, рухани құндылықтарымызды да танып-білуге деген ынта-ықыласы тереңдей түсуде. Ата-бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, ай-жұлдызымыз оңынан туып тұрған шақта осы рухани құндылықтарымыздың қайнар бұлағы – қазақ тілінің қадір-қасиетін өзгеден бұрын өзіміз жете түсінуіміз қажет. Қазақ тіліне деген құрмет пен ықыласты ұлттық сана биігіне көтерген жөн. Бұл міндет – сіз бен біздің перзенттік парызымыз. Себебі, қазақ тілі:
– ата-бабамыздың келер ұрпаққа аманаттаған асылы;
– халқымыздың небір жауһар мұраларын қалыптастырған тіл;
– әдебиетіміз мен мәдениетімізді сақтап қалған тіл;
– болашаққа апаратын ең құнды жәдігеріміз.


Әдебиеттер



  1. http://portal.kazntu.kz/files/publicate/2014-01-26-786_0.pdf

  2. http://makala.kz/ruhaniat/%D2%9Baza%D2%9Bstanny%D2%A3-bolasha%D2%93y-%D2%9Baza%D2%9B-tilinde/

  3. http://el.kz/m/articles/view/content-23609

  4. М.Жұмабаев “Шолпан” өлеңдер жинағы, 1912ж., Қазан қ.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет