І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет88/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Апашбайұлы А. Жыр- ғұмыр. – Алматы: Атажұрт, 2013. – 131 б.


2. Ер Жәнібек Бердаулетұлы. Тарихи жырлар мен аңыздар / құрастырған: Ж. Ошан, Н. Нәбиолла. – Алматы, 2014. – 52 б.
3. Қазақ ауыз әдебиетінің қазынасы: Жиырма бес томдық. 3 – том. Дастандар. Урімші, 2011. – 470 б.
4. Ел ұраны – ер Жәнібек: зерттеу мақалалары./ құрастырған: Ж. Шәкенұлы, Н. Түсіпханұлы . – Алматы: «Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры».– 2014. – 83 б.
5. Баймолда Д. «Қазақ көші».– Алматы қ., 2003 ж. – 13 б.
ҚОСТАНАЙ МҰРАҒАТЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ


Кабдибекова М.Н. (Қазақстан)
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Ғылыми жетекшісі: Анасова А.Б.

Мұрағат – тарих үшін жинақталған құжаттар қоймасы. Сондықтан ол жеке тұлға мен қоғамның, мемлекеттің тыныс-тіршілігімен бірге тыныстап, өмір сүріп, халқына, мемлекетке, қоғамға қызмет етеді. Мұрағат қоры, оның құндылықтарынегізінен қандай ғылымның болмасын деректік көзі. Әсіресе, тарих ғылымы және оның салалары мұрағат құжаттарынсыз тақырыптың теориялық-тәжірибелік байланысын айқындай алмайды.


Мұрағатпен жеткілікті дәрежеде таныспау оның қызмет аясын білмеуі және мұрағаттанулық білімді меңгермеу көп жағдайда болашақ тарихшының маман ретінде қалыптасуына кедергі келтіреді де, оның тарихи дамуға деген ой-өрісін, гуманистік көзқарастарын, таным-түсінігін едәуір тежейді.
«Мұрағат» сөзі әртүрлі адамдардың танымында түрлі түсініктерді тудырады. Көпшілік қауым бұл ұғымды көнерген, қажетсіз қағаздардың жиынтығы деп түсінеді. Тарихшы-зерттеушілер үшін мұрағат – адамзат қоғамының өткен өмірін жан-жақты бейнелейтін аса құнды құжаттардың жиынтығы, идеялық және материалдық байлық, адамзат естелігі, өткені туралы мәліметтер көзі [1, 102].
Мұрағаттардағы құнды тарихи құжаттарды саралап және зерделеп, зерттеу арқылы тарихи процесті түсіну бүгінгі таңдағы өзекті мәселе.
Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының тарихы 1923 жылдың 21 желтоқсанынан бір штаттық бірлік құрамы – меңгерушіден тұратын Қостанай губерниялық мұрағат бюросынан бастау алады.
Облыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініс өзгерісі губерниялық мұрағат бюросына да әсерін тигізді, 1925 жылы округтік мұрағат бюросы, ал 1930 жылы аудандық, қалалық мұрағат бюросы болып қайта құрылды.
1936 жылы Қостанай облысының құрылуына байланысты, 1937 жылдың желтоқсан айында Қостанай облыстық атқару комитетінің жанында қарауына аудандық, қалалық мұрағат бюроларының орнына құрылған облыстық мемлекеттік мұрағаттың қарауына берілген мұрағат бөлімі құрылды. 1938 жылдың қазан айынан 1960 жылдың шілде айы аралығында мемлекеттік мұрағат, облыстың барлық мұрағат мекемелері тәрізді, Қостанай облысы бойынша ІІХК мұрағат бөлімшесінің қарауында болды, кейін Қостанай облыстық атқару комитетінің жанында қайта құрылған мұрағат бөлімінің қарауына тапсырылды [2, 7].
1963 жылдан бастап жұмыс істеп жатқан аудандық мемлекеттік мұрағаттар негізінде облыстық мұрағат филиалдары құрылды – Арқалық (1966 жылдан 1997 жылдар аралығында бірнеше рет өз мәртебесін өзгертті, 1997 жылдан бастап облыстық мұрағат филиалы болып табылады), Денисов (1966 жылдан бастап – Орджиникидзе, 1977 жылдан – Жетіқара, 1997 жылдан – Жітіқара), Лисаков, Семиозер (1997 жылдан – Әулиекөл), Урицкий (1997 жылдан – Сарыкөл), 2001 жылы аймақтық мәртебесін алды [2, 7].
1991 жылғы 4 қарашадағы Қостанай облыстық атқару комитетінің шешімімен Қостанай облыстық комитетінің ҚКП мұрағатының құжаттары облыстық мұрағатқа тапсырылды (ол 1939 жылдың 22 желтоқсан айынан жұмыс жасап келеді).
Қазіргі таңда «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ құрылымында 20 филиалдар: 5 аймақтық мемлекеттік мұрағат, 15 аудандық және қалалық мемлекеттік мұрағаттар бар.
Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының толықтыру көздері мыңнан астам әр түрлі меншіктегі мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар болып табылады.
Облыстың мұрағат қоймаларында ХІХ ғасырдың аяғы және қазіргі кезеңге дейінгі аймағымыздың тарихи өткен шақтары туралы құжаттар жинақталған [2, 9].
2013 жылдың 1 қаңтарына «ҚОММ» ММ және оның филиалдарының ақпараттық әлеуеті бес мыңнан астам қорда қалыптасқан 1,5 милллионға жуық істерді құрайды. Бұлар басқару және ғылыми-техникалық құжаттамалар, жеке тектік және жеке құрам бойынша құжаттар, аудиовизуалдық жәдігерлер. Көбінесе, бұл құжаттар мемлекеттік тілде (қазақ тілі) және орыс тілдерінде, сонымен қатар бірлі жарым ағылшын, корей, неміс, татар, украин тілдеріндегі дереккөздер. Аз мөлшерде араб және латын графикасы негізінде жазылған қазақ тіліндегі құжаттар кездеседі.
Ағымдағы тарихи кезеңіндегі мұрағат құжаттарының өзі уақыт өткен сайын орасан ғылыми және әлеуметтік құндылығын сақтайды.
Екі жүз-үш жүз жылдан кейін біздің ұрпақтарымыз қазіргі кезеңдегі көріністі қалай құрайды? Әрине, ұқыпты сақталған құжаттар естеліктерінен алыс жылдар оқиғалары туралы біліп жатқан өзіміз сияқты, мұрағаттар және онда сақтаулы жәдігерлер көмегімен.
Төңкеріске дейінгі мекемелер қорының аз санды құжаттары да қызығушылық тудырады.
Қостанай уездік земстволық басқармасы құжаттарының арасында 1915-1919 жылдардағы ауылдар және болыстар, қолөнер шеберханалары және май өңдеу зауыттары, тұтынушылар қоғамдары және несие серіктестіктерінің сандары, тұрғындардың жынысы мен жас құрамы және экономикалық жағдайы, егістік жағдайы және астық жинау мөлшері, ауыл шаруашылық құралдарының бар болуы, азық-түлік бағалары туралы мәліметтер бар. Төңкеріске дейінгі кезеңдердегі облыс тарихы жайындағы қызықты бірлі-жарым олжалар кеңес органдары құжаттарының қорларында кездесетінін атап өту қажет, себебі, 20-сыншы – 30-ыншы жылдардың басында қағаздардың жетіспеушілігіне байланысты тым ертеде пайда болған құжаттардың аударма беті жаңа құжаттардың шығуынан қолданылды.
Осындай қызықты құжаттардың бірі Торғай губернаторы Эверсманға Қостанай – Троицк теміржол қозғалысының ашылуына байланысты ІІ Николай императоры жолдаған құттықтау жеделхаты болып табылады. (Құжат Қостанай уездік халық шаруашылығы кеңесінің қорындағы «1920-1921 жылдардағы Қостанай қаласының өрт сөндіру – құрылыс бөлімі және өрт сөндіру командасы қызметкерлерінің тізімі» ісінде анықталды [2, 9].
Уездік, губерниялық, округтік, болыстық және аудандық атқару комитеттерінің қорларында азамат соғысының барысы, қылмыспен күрес және шаруашылық бұзушылықпен күресті ұйымдастыру, өткен жүзжылдықтың 20-сыншы–30-ыншы жылдарда аймақтағы егін шығымсыздығы және аштық және ашыққандарға көмек жасау комиссияларының қызметі, тұрғындардың сауатсыздығын жою, кәсіпорындарды мемлекеттік меншікке айналдыру, ауылшаруашылығын индустрияландыру және ұжымдастыру, ауылшаруашылық артельдерін, кеңшарлар мен ұжымшарлар құру, шаруа қожалықтарын және байлардың мүліктерін тәркілеу туралы құжаттармен толықтырылған.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі құжаттар – біздің жерлестеріміздің еңбек және жауынгерлік, батырлық ерліктерінің жылнамасы.
Мұрағат қорларында майдан мен тылдың берік байланысын куәландыратын көптеген мәліметтер сақталған – соғыстағы жерлестерімізді азық-түлікпен, киім-кешекпен көмек көрсету, ұшақтардың және танк колонналарының құрылысына қаржы жинау, әйелдер трактор бригадаларын құру.
Мұрағат құжаттары облыстың қалалары және аудандарына эвакуацияланған кәсіпорындарды қабылдау және орналастыру (Сталинград әуе мектебі, Симферополь тері комбинаты, «Клинволокно» фабрикасы, № 507 зауыт, Херсоннан тігін фабрикасы және тағыбасқалары) және олардың өндірісін қалыптастыру; әскери – жұмылдыру жұмыстарын өткізу; эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру; Қостанай қаласында 151-інші жеке атқыш бригадасының құрылуы, эвакогоспитальдардың қызмет етуі туралы сыр шертеді. Азат етілген аудандарға қостанайлықтардың көмек көрсетуі, техникаларды, механизаторлар мен басқару мамандарын жөнелту, облыс кеңшарларынан малдарды айдау туралы құжаттары аса қызығушылықты тудырады. Соғыстан кейінгі кезеңіндегі құжаттар халық шаруашылығының қайта құрылуы, өндірістік кәсіпорындарды бейбітшілік өнімдерді шығаруға алмастырылуы, облыс кәсіпорындарында социалистік жарыстарды өрістету жөніндегі мәліметтерді құрайды [2, 11].
Тыңды көтеруге келген жастардың хаттары мен арыздары, жаңа тұрғындар мен құрылысшылардың, жас жүгері өндірушілері мен ауылшаруашылық озаттарының алғашқы облыстық слеттарының хаттамалары, МТС, жаңа кеңшарларының құрылуы, облыстағы қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымының дамуы – осының бәрі мұрағат қорларында кездеседі [3, 145].
Оқу орындары, мәдениет, денсаулық сақтау тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемелерінің қорларында мектептер және ауруханалар желілерін оңтайландыру, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім, емдеу мекемелерінің жаңа түрлерін қалыптастыру, облыс тұрғындарын еңбекпен қамтуды ұйымдастыру туралы мәліметтер кездеседі.
Қостанай облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясы, Ішкі саясат басқармасы, облыс, қалалар және аудандар әкімдері аппараттарының қорларында облыстық Ассамблеяның, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық, діни ұйымдар мен саяси партиялардың құрылуы мен қызметі, мемлекеттік және басқа тілдердің дамуы, жексенбілік мектептердің қызметі, ұлттық, мемлекеттік мейрамдар және патриоттық іс-шаралар өткізу туралы құжаттар жинақталған [2, 12].
Сонымен, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында мәдениетіміз бен төл тарихымыз үшін ғылыми құндылығы жоғары жәдігерлермен байытылуда. Қазіргі жаһандану заманында тарихи жәдігерлер мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етумен қатар, оны қалың көпшілікке таныту және халық игілігіне айналдыру маңызды да жауапты іс. Осы жағдайларға байланысты тарихи құжаттар мен деректер, жәдігерлер сақталатын мұрағат мекемелерінің тарихын зерттеп зерделеу қоғамдық сұраныстан туындайтын, теориялық, практикалық тұрғыдан өзекті тақырып екендігі анық.
Мұрағаттарда сақталатын ақпараттар мемлекеттің қоғамдық-саяси, экономикалық-мәдени дамуында ерекше орын алатын ұлттық стратегиялық байлық болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет