Әдебиеттер
1. Ramazanov T. S., Dzhumagulova K. N. Effective screened potentials of strongly coupled semiclassical plasma // Phys. Plasmas. - 2002. - Vol. 9. - P. 3758.
2. Knaup M., Reinhard P.G., Toepffer C. Wave Packet Molecular Dynamics Simulations of Deuterium in the Region of Laser Shock-Wave Experiments // Contrib. Plasma Phys. - 2001. - Vol. 41. - P. 159.
3. Militzer B., Ceperley D. M. Path integral Monte-Carlo Simulations of the Low-Density Hydrogen Plasmas // Phys. Rev. E. - 2001. - Vol. 63. - P. 066404.
4. Militzer B., Ceperley D. M. Path integral Monte-Carlo calculations of the deuterium hugoniout // Phys. Rev. Lett. - 2000. - Vol. 85. - P. 1890-1893.
5. Filinov V.S., Bonitz M., Kremp D., Kraeft W.D., Ebeling W., Levashov P.R., Fortov V.E. Path Integral Simulations of the Thermodynamic Properties of Quantum Dense Plasma // Contrib. Plasma Phys. - 2001. - Vol. 41, № 2. - P. 135-138.
6. Kraeft W.D., Kremp D., Ebeling W., Röpke G. Quantum statistics of Charged Particle Systems. – Berlin: Akademie-Verlag, 1986. - P. 381.
ШОҚАН – ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СУРЕТШІСІ
Қабыл Аян (ҚХР)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Мәтбек Н.Қ., ф.ғ.к.
Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, тез сызба, мүсіндеме, майлы бояулы сурет, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын ұлттық дүние танымға негізделген көркемөнер.
Қазақ бейнелеу өнері өзінің бастауын көне тас, қола, темір дәуірлеріндегі жартас суреттерінен, одан қалды, сақ-скиф, ғұндар және түрік қағанаты заманынан алады. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі халықтың қол өнері рухани әдебиет байлығы болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегінен басталып, кәсіби кескіндеме бастауында этнограф ғалым Шоқан Уәлиханов тұрды.
Ал нағыз кескіндемелік кәсіби бейнелеу өнері ХІХ ғасырдағы ұлы бабамыз – ғалым Ш. Уәлихановтан басталады. Одан бері бейнелеу өнерінің негізін қалаған классик суретшілеріміз: Ә. Қастеев, Н. Г.Хлудов, О. Таңсықбаевтарды атауға болады. Бұлардан кейінгі буын ұрпақ суретшілері қазақ өнерін әлем танитындай деңгейге көтерді.
Шоқан туралы зерттеулер өте көп, алайда соның көбінде Шоқанның суретшілік өнерін қағыс қалдырады. Кейінгі өнер зерттеушілері қазақ суретшілік өнерін төңкерістен кейін бастау алады деп көрсетеді, бірақ одан бұрын да қазақ халқында маман суретшілер мен қолөнер шеберлері бар болған. Оның бір дәлелі – Шоқан Уәлиханов.
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушысы Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) жақсы суретші де болған.
Ғалымның бай мұраларының бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол, негізінен, портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Өз еңбектерін суретпен толықтырып отырған, көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тущь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Суретшілік өнерді арнайы үйренбесе де оның суреттерінде кәсіби шеберлерге тән өзіндік қолтаңбасы бар. Бұл ғалымның табиғи дарынының ерекше бір қырын байқатады. Қазіргі уақытта Шоқаннан бізге мұра боп қалған 150-ге тарта сурет бар [1].
Оның қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді беделді басылымдарда жарияланған. Шоқан өзінің күнделіктерін, қолжазбаларын суретпен көркемдеп, көрнекі кескіндемелерімен де толықтырды. Ғалым сондай-ақ тастағы жазуларды, ондағы көне заманның суреттерін қағазға айнытпай түсіру арқылы кейінгі ұрпақтың сол жазуларды оқуына жағдай жасады.
Шоқан – адамның жан дүниесін, мінез-құлқын, түр-тұлғасының ерекшеліктерін тура бейнелей алатын аса жоғарғы шеберліктегі суретші.
Суретшінің қас қағым сәтте сызған графикалық долбар суреттері Европаның қайта өрлеу дәуіріндегі үш өкілі: Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, Микеланджело шығармаларымен сабақтасып жатыр. Озық туындылары «Аға сұлтан» портреті. «Би Сартай», «Бақсы», «Қазақ музыканттары» және «Алтай көрінісі», «Жатақ» деген графика, кескіндеме салаларында әр кейіпкердің өзіндік ерекшеліктерін асқан шеберлікпен бейнелей алған. Шоқанның бұл шығармаларынан суретшінің ілім заңдылықтарын жете білетіндігін адам денесінің арақатынас өлшемдерін жете түсінентіндігін, суреттерінің құрылысы мен композициясынан аса кәсіби суретші екенін көруге болады. Мысалы, сызықтардың табиғи үйлесімділігі және жарық пен көлеңкенің қатынасы осының бәрін суретші дұрыс орындай алған.
Шоқанның аз уақыт ішінде салған нобай суреттерін ықшамдай білген. Шығармаларынан шоқтығы биік осы тез сызба суреттері кезінде «Көгершін» суретімен аты әлемге танылған, бұл сурет бейбітшіліктің символы болып, әлемнің түкпір-түкпіріне таралған Пикассоның туындысына ұқсас долбар, нобай суреттері өте көп. Соның бірі «1856 жылғы Құлжада Қытай жайсаңдарын қабылдауымыз» атты портреттік шығармада суретші тез сызбамен қысқа ғана уақытта Қытай елшілерінің түр-тұлғасын шынайы бейнелей білген. Осыған ұқсас туындыларынан «Қазақтың бейнесі», «Қырғыздың ат баптауы», «Ұйғырдың киім киісі» т.б. осындай ұлттық ерекшелігімен бір дәуірдің қоғамдық белгісін, халықтың мінез-құлқын, салт- санасын, рухани әлемін, дүниеге көзқарасын дәл сол дәуірдегі тарих көрінісін көз алдына әкеледі. Сол заманның келбетінен бізге тарихи дерек береді.
Шоқанның портреттік адам тұлғасын бейнелеуде сол адамның ішкі жан-дүниесіне үңіле отырып, мінез-құлық ерекшелігіне айқын сипаттама береді. Өзінің «Автопортреті» - кәсіби типте орындалған шығарма. Оның графикалық туындылары арасында портреттік жанр басты орын алады. Шоқан - өткір ойлы, көргенін жаңылмай бейнелейтін аса шебер суреткер. Шоқанның адам келбетін бейнелеудегі аса шеберлігі - адамның ішкі жан-дүниесін жарқыратып ашуында.
Ол «Бұғы руының бас манабы Боранбай» суретінде Боранбайды кескіндеуінде кеудеден жоғары келбетіне көбірек көңіл бөледі. Қиғаш қас, қысық көз, қыр мұрынды, шоқша сақал, сирек мұртты моңғолға ұқсас дөңгеленген өңін нанымды бейнелейді. Күңгірт түстерді үйлесімді пайдалану арқылы Боранбайдың бет-пішінін айқындай түскен. Шоқанның кез келген портретті шығармасын алып қарасақ, жанды сызықтың құдіретімен қас-қағым сәтте бейнеленген нобайлары асқан шеберлікпен туындаған. Адамның тынымсыз іс-әрекет жасаудағы тұлғасын дәлдікпен қағаз бетіне түсіре білген. «Тезек сұлтанның портреті», «Сарыбағыш руының манабы Сартай», «Ұлы жүз сұлтаны Мамырхан Рүстемов» т.б. портретті туындылары ұлттық мазмұнда өз шешімін тапқан [2, 39]. Шоқанның еңбектері орындалу сәттілігімен ғана емес, ұлттық бейнелеу өнеріміздің, оның ішінде ұлттық реалистік графикамыздың алғашқы үлгісі болуымен де құнды.
Бүкіл саналы ғұмырында Шоқан өнер зерттеушісі ретінде көрінді. Ол қысқа ғұмырында сурет, сәулет, мүсін және қолөнерге айрықша мән берген. Осы салалар бойынша Шоқанның еңбектерін зерттеген тарихшы Әлкей Марғұлан оның сурет жазбаларын мынадай жеті топқа бөледі:
Жас кезінде салған суреттері.
Қазақстан мен Қырғызстан мәдени және археологиялық ескеркіштерінің суреттері.
Қазақтардың, қырғыздардың, ұйғырлардың тұрмысы мен салтына қатысты суреттер.
Ыстықкөл экспедициясы суреттері.
Құлжа сапарынан туған суреттер.
Қашқар экспедициясы суреттері.
Замандастар портреттері [3].
Қорытындылай келе, суретші Шоқан Уәлихановтың қазақ сурет өнеріне қосқан үлесі өте зор. Ол – өз өміріндегі болып жатқан құбылыстар мен заманның әр көрінісін суреттеу арқылы кейінгі дәуірге, болашақ ұрпаққа мұра ретінде үлгі болып, бейнелеу өнерін кейінгі толқынның үйренуіне өз үлесін қосқан кәсіби суретші.
Достарыңызбен бөлісу: |