І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет119/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 17.01.2014.


2. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
3. Тренерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, – 2012.
4. Мирсейтова С. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» . – А. – 2010.
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Онгарова Шынар Серікқызы (Қазақстан)
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда.


Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда.
Қазақстан экономикасы соңғы жылдары қарқынды даму үстінде болды. Экономикамыздың қарқынды дамуы халықаралық сауда рыногындағы мұнай бағасының жоғары болуынан.
Алайда, қазіргі уақыттағы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты, тиісінше халықтың кіріс мөлшері де азайды, Ұлттық банк несие беруге шектеулер қоюының салдарынан, нарықтағы жағдай төмендеп, Қазақстанның ЖІӨ-і өзінің дамуын баяулатты. /1/
Үкімет жаңа үш жылдық бюджетте ЖІӨ өсімі 2016-2020 жылдары орташа алғанда 3,9% болады деп болжанған. Ал, 2020 жылдың аяғына таман 13 332,8 АҚШ доллары көлемінде болады деп бағалануда.

Қазіргі таңда экономиканың барлық саласы баяулау үстінде, әсіресе өнеркәсіп саласының төмендеуін бірден байқауға болады.


Өнеркәсiп өнiмдiлiгiн арттыру арқылы iшкi нарықпен қатар экспорттық әлеуеттi де көтеру алға қойған мiндеттердiң маңызды саласы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек республикамыз 2010-2015 жылдар аралығында төмендегі қазбаларды экспортқа шығарған екен:

2-сурет. Статистикалық мәліметтер бойынша соңғы жылдардағы Қазақстанның экспортындағы тауарлар.



Сонымен қатар, экономиканың сатылмайтын секторларында да баяулау процесі таралуда, мысалы: қызмет көрсету, құрылыс және көлік саласы, себебі бұл салалар, халықтың кіріс көзі мен бизнеске тікелей байланысты болып табылады.
2016-2020 жылдарда экономикалық өсімді қолдайтын бірден-бір фактор ретінде инвестиция болмақ. Мемлекеттік инвестицияландырудың арқасында ірі индустриальды және инфрақұрылымды жобалар ішкі сұраныс динамикасының көтерілуіне өз ықпалын тигізеді. Инвестицияның орташа жылдық өсімі 3,5% көлмінде болды деп болжамдалуда.
Әлемдік нарықта ауқымды түрде мұнай және метал бағасының күрт төмендеуіне байланысты экспортталатын тауар мен қызмет көрсетімі 2015-2016 жылдар да тиісінше төмендейді, алайда 2016 жылдан кейін, экспортталатын тауар динамикасы және қызмет көрсетілімінің траекториясы айтарлықтай өседі, 2017-2020 жылдар аралығында орта есеппен 2,4% болады деп қарастырылуда. /2/
Инвестициялық жағдайдың өсуін қамтамасыз етуге және экономикалық прагматизмнің: табыс көзінің, экономикалық бәсекелестіктің, сонымен қатар экономикалық потенциал өсімін жақсартуға бағытталған "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатының аясында, инвестициялық жағдайды жақсарту мақсатында жұмыстар орындау жалғасуда.
Инвестиция тарту жоғары технологиялық өнімдер шығару арқылы жүзеге асырылады.ЭЫДҰ құрамындағы елдердің деңгейіне біздің инвестициялық жағдайымызды жеткізу үшін екінші реттік жобалар жасалынуда.
Қытай елі құрған Жаңа экономикалық Жібек жолы белдеуі аясында, жаһандық тасымалдауға қатысуға біршама шаралар қабылдануда, сонымен қатар Қытайдан Қазақстанға тауар тасымалдау мақсатында бірнеше бірлескен инвестициялық бағдарламалар қарастырылуда.
Сонымен қатар халықаралық қаржы ұйымымен бірлескен экономикаға және мемлекеттік, жеке ұйымдарға инвестиция тарту аясында атқарылатын жұмыстар күшейтілді.
2016 жылғы қысқартылулардан кейін импортталатын тауар динамикасы мен қызмет көрсетілімі 2017-2020 жылдар аралығында біртіндеп өсу траекториясына өтеді. Орта есеппен 0,7% құрайды.
«Алдағы он жылда Қазақстан жыл сайын экономиканың өсімін кем дегенде 5% деңгейде қамтамасыз етуі керек», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы 30 қарашада Қазақстан халқына арналған жолдауында.Елбасы инвестицияның экономикаға жыл сайын келуін $10 млрд-тан асыруды, ал алдағы 10 жылда кем дегенде $100 млрд-қа жеткізуді тапсырды.
Қазіргі таңда дағдарыстан шығудың ең басты жолдарының бірі ретінде ұлттық валютаның рөлін арттыру болып табылады. Осыған сәйкес елімізде бірқатар шаралар атқарылуда.
Экономикада ұлттық валюта рөлін арттыру мақсатында төмендегі шаралар қолданылуда:
1. Теңгеде жинақтарды ынталандыру үшін капиталдандыруды ұлғайтумен 5 млн. теңгеде 10 млн. теңгеге дейін депозиттер бойынша «Қазақстан кепілдендірілген депозиттер қоры» АҚ төлем сомасы кепілдендірілген салымшылары ұлғайтылады;
2. Долларда халықтың кепілдендірілген депозиттері бойынша ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғарғы мөлшері жылдық 4%-дан 3%-ға дейін төмендетіледі;
3. Шартты белгілерде тауарлар мен қызметтерге баға белгілеуге тыйым салу енгізіледі.
Бірақ қазіргі уақытта доллар бағамының тұрақсыз түрде өсуі теңгеміздің құнсыздануына әкеліп соқтыруда.

3-сурет. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстандағы 10 жыл көлеміндегі инфляция көрсеткіші./3/

Қандай болғанда да, Қазақстан өз экономикасының құлдырау шегіне әлі жеткен жоқ және ол мұнай бағасының арзандау циклы әлі өз шегіне жетпегенімен байланысты болып отыр.
Десе де экономикасы шарықтай дамып келе жатқан мемлекет үшiн осы көрсеткiшпен саябырсу, әрине өкiнiштi жайт болар едi. Бүгiнде жұмысқа кiрiсiп кеткен экономикалық өсiмдi құрайтын салалардағы құрылымдық бетбұрыс – алғашқы индустриялық бесжылдықтың жемiсi. Болашақта экономиканың шикiзаттан тыс саласына құйылатын отандық және шетелдiк инвестиция 30 пайызға өседi деп жоспарлануда.
Бүгiнде егемендi елiмiздiң мәртебесiн көтерiп, мерейiн асырған жетiстiктер мен ортақ табыс толағай. Қазақстанның тәуелсiздiк алған жылдардан берi қарай мемлекет мүддесi мен ел игiлiгi үшiн жасаған ауқымды iс-шаралары дүниежүзiнде үлгiге алынып отырғанын бәрімізге белгілі. Болашақтың еншiсiнде де бағыт-бағдары айқын қыруар iстер бар. Дағдарыстан кейiнгi экономиканың бас көтерiп, нық қадаммен алға басуы – негiзгi мiндет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет