ЛИТЕРАТУРА
1. Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана, Астана, декабрь 2015 года – Через кризис к обновлению и развитию
2. Послание Президента РК Н. Назарбаева народу Казахстана, Астана, декабрь 2008 года- Повышение благосостояния граждан Казахстана – главная цель государственной политики
3. Яковлев Д.Е. Дополнительное образование детей. Словарь – справочник. Москва. 2002
4. Ковалева Г. С. Образование, ориентированное на результат: компетентностный подход и функциональная грамотность учащихся. Москва, 2014
5. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011- 2020 годы. Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года 1118
ОЙЫН – БЕЛСЕНДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
Серикова Жанерке (Қазақстан)
ҚазмемқызПУ
Ғылыми жетекшісі: Ерғожина Ш.Л., п.ғ.к.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Ертеде гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері – мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті – балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын арқылы оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген білімнің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Мектепте тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол демалу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.
Қазақ тілін оқыту барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалім мен оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады. Олар :
Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;
Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
3. Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге мүмкіндік жасайды.
Ұлттык ойын элементтерін сабақта қолдану оқушылардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. Ойындар арқылы оқытуда ескерілетін жайттар:
Қандай педагогикалық құралдар мен оқыту технологиялары қолданылса, ол ұлттық санаға, оқушылардың қабылдау түйсігіне сәйкес келуі басты шарт.
Іріктеліп алынған оқыту технологиясы мен әдіс-тәсілдері бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей ұлттық санаға, салт- дәстүрге, тәрбиеге сай болуы тиіс.
Ойындар арқылы оқытудағы қойылатын талаптар:
1. Ойын мазмұны өтілетін тақырыптың мазмұнынына сай болуы шарт.
2. Сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес келуі тиіс.
3. Ойын білімділікпен қатар дамытушылық мақсатқа сай келуі тиіс.
4. Оқушының бойына сіңіретін тәрбиелік сипаты болуы шарт.
5. Ойын шарты түсінікті болуы.
Осы аталған талаптар ескеріліп, тиянақты жүргізілген тапсырмалар баланың белсенділігін арттырып, білімдік дағды қалыптастырып, білімнің сапасын арттыра алады. «Кім тез?» ойыны. Шарты: ай аттарын дұрыс жазу.
1. ңақарт
2. пақна
3.уарзын
4. рымма
5. мысума
6. рқүқыйке
7. арқаша
8. зақан
9. лежсантоқ
10.мазыт
11.деліш
12.суірә
«Жоғалған заттар бюросы» ойыны
Бюро қызметшісі мен ойынға қатысушылар әр түрлі заттардың суреті бар карточкалар алады. Бұл - олардың жоғалған заттары. Ал бюро қызметкеріне әр түрлі заттардың суреттері жапсырылған плакат ұсынылады. Дайындықтан кейін қатысушы бюроның терезесіне келіп, қызметкермен сөйлеседі. Мақсат: өз затын толық сипаттау, белгілерін атау, қызметкердің сұрақтарына жауап беру. Қызметкер заттың түсін, көлемін (үлкен, кіші), неден жасалғанын сұрайды. Сипатталған затты өзінде бар заттармен салыстырады. Егер олар сәйкес келсе, іздеушіге береді. Бюрода болатын заттардың бірнешеу болғаны дұрыс. Мысалы: 3 қолғап, 2 сумка. Қызметкер рөлін мұғалімнің өзі ойнай алады.
Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Сын есімді меңгерту кезінде оқушылардың заттың сынын, сапасын, т.б. қасиеттерін ажырату дағдысын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |