І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет12/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

  1. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Үш тұғырлы тіл» жобасы, Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайы. 2006 ж.

  2. «Үш тұғырлы тіл» тақырыбынан www.bilimger.kz парақшасынан үзінді

  3. Торайғыров С. әдеби сөздері


ЕТІСТІКТІҢ ОСЫ ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ: НАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕРЕҒАРЛЫҚ
Аширханова Дәметкен (Өзбекстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі – Қадырқұлов Қ., ф.ғ.к.

Қазіргі қазақ тілі туралы жазылған оқулықтардың бәрінде дерлік осы шақтың екі түрі ұсынылады. Олар: нақ осы шақ (жай түрі мен күрделі түрі) және ауыспалы осы шақ. Сонымен қатар барлық оқулықтар мен зерттеу еңбектерінде осы шаққа төмендегідей ережелер беріледі:


-... осы шақ формасы сөйлеп отырған (диалог) уақыт бойында болатын я болып жататын амал- әрекетті суреттейді (А.Ысқақов);
Қазіргі қазақ тілінің морфология саласына арналған бұл оқулықта осы шақтың екі түрі көрсетіледі: нақ осы шақ (жай және күрделі түрі), ауыспалы осы шақ.
-... Осы шақ - сөйлеу кезінде болып жатқан қимылды білдіретін етістіктің формасы (Ы.Маманов);
Бұл зерттеу еңбекте де осы шақтың екі түрі беріледі: нақ осы шақ (жай және күрделі түрлері), ауыспалы осы шақ.
-...істің болу, болмау, осы кезде болып жатса аяғы тынбаған іс болса, осыны көрсету үшін етістік осы шақта болады (Қ.Жұбанов);
Бұл зерттеу еңбегінде ғалым осы шақтың төрт түрін береді: жалпы осы шақ (Бейімбет пьеса жазып жатыр), Кәдімгі осы шақ (Бейімбет кітап жазып жүр), Қазіргі осы шақ (Бейімбет кітап жазып отыр), Әзіргі осы шақ (күн құйып тұр).
-...Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс- әрекет, жай- күйді білдіреді. Осы шақтағы етістіктер кейде істің,қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұратынын да білдіре алады(Қазақ тілінің грамматикасы, 1- том,Ғылым Академиясы);
Бұл еңбекте де нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді. Нақ осы шақтың үш түрлі жасалу жолы көрсетіледі:
а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде жұмсалады. Мен отырмын, сен тұрсың, сіздер жүрсіздер,бала жатыр т.б.
ә) Осы төрт етістік -ып, -іп, -п және -а, -е, -й тұлғалы көсемшелермен тіркесіп айтылады. Мұндайда отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктері екінші орында тұрып, айтып отырмыз, келе жатырсыңдар,оқып жүр, білмей тұрсыз болып жіктеліп қолданылады.
б) Жатыс септіктегі у тұлғалы қимыл есімдері жүргізудемін, ізденудесіздер болып баяндауыш қызметінде айтылуда да нақ осы шақ мағынасында жұмсалады.
Бұдан басқа -улы, -улі тұлғалы етістіктер жеке де, жатыр, тұр, отыр, жүр етістіктерімен тіркесіп те 3-жақтық нақ осы шақ мәнін білдіре алады.
Бір күрек пен бір қайла керегеге сүйеулі тұр (Мұстафин). Есік жақта тілерсектері дір-дір етіп, екі ешкі мен бір арық торпақ та байлаулы тұр (Мүсірепов).
-... Іс, қимылдың сөйлеп тұрған уақытта істеліп жатқанын көрсететін етістіктің түрі осы шақ деп аталады (Ғ.Әбуханов);
Бұл оқулық та осы шақты нақ осы шақ (жай және күрделі), ауыспалы осы шақ деп екіге бөледі. Біздің қазіргі оқып жүрген екі түрлі осы шағымыз.
- ... Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
1. Сөйлеп тұрған кездегі іс- әрекеттерді білдіреді.
2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс- әрекеттерді көрсетеді(С.Исаев);
Проф. С.Исаевтың оқулығында да екі түрі беріліп, тек көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғасымен қоса -а, -е, -й тұлғалары да ұсынылып, екіншісіне мысал келтірілмейді.
Ал академик Н.Сауранбаев осы шақты ашық райдың осы шағы ретінде қарастырады:
-… ашық райдың осы шағы істің дағдылы болып тұратынын, не істеліп жатқанын білдіреді: құс ұшады, су ағады, жер көгереді, бұлбұл сайрайды десек, ұшу,ағу, көгеру, сайрау істерінің әрқашан болып тұратыны айтылады. Ал самолет ұшып келе жатыр, су ағып жатыр, бұлбұл сайрап тұр десек, ұшу, ағу, сайрау істерінің қазір болып жатқандығы айтылады.Осымен байланысты ашық райдың осы шағы екі түрлі болады: а) ауыспалы осы шақ, б)нақтылы осы шақ.
Нақтылы осы шақ көсемшенің -ып, -іп -п жұрнақты түріне жүр, жатыр, тұр, отыр етістіктері жалғасуы арқылы жасалады: жүріп жатыр, жазып отыр, келіп тұр, айтып отыр, оқып жүр.
Нақтылы осы шақта негізгі етістік көсемше тұлғада тұрады да өзгермейді, ал көмекші етістіктер(жатыр, тұр, отыр, жүр) негізгі етістіктің соңында тұрады да, оларға жіктік жалғауы тікелей жалғанады. Бұл төрт етістік - өзінің жаратылысында күйді, халды білдіретін етістіктер. Сондықтан олар негізгі істің қазіргі уақыттағы қалпын, күйін көрсетеді. Бұл төрт етістік білдіретін нақтылы осы шақтың да өзіндік ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет