Әдебиеттер
1. Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы: Жазушы, 1991.
2. Бес ғасыр жырлайды. І том. – Алматы: Жазушы, 1989.
3. Жұмаділов Қ. Қылкөпір. – Алматы, 2003.
ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН
Ахметова Жансая Ерсінқызы
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
Ғылыми жетекшісі: Жаксылыкова К.Б. п.ғ.д., проф.
Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тілің – тірлік үшін.
Қазақ қоғамындағы болып жатырған ең маңызды аспектілерінің бірі, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту жағынан тіл саясаты алға шығып тұр. Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Үш тұғырлы тіл саясатын қолға алсақ та, өз еліміздің ішінде қазақ тілін өгейсітуге болмайтынын естен шығаруға болмайды. Мұндайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деген даналық сөз ойымызға келеді. Тіл – білу – байлық. Әсіресе, өркениеттік өрелік алға шығып, жаhанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Сондықтан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ұрпақ қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болу мақсатында аямай қаржы бөліп, түрлі іс – шаралар ұйымдастырылып келеді.
Жалпы «Үш Тұғырлы» тіл туралы жобаны Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 ж. қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында жария еткен болатын. Ал 2007 жылғы «Жаңа Әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең – кезең мен іске асыруды ұсынды. Яғни, бұл бағдарламалардың басты идеясы Қазақстанды бүкіл әлем халықтарына үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде таныту керек. Атап айтар болсақ олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым – қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, олардың қатарына қосылу үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Қазіргі заманда, біздің мемлекеттің азаматтары, үш түрлі тілді білсе, оның болашағы зор деп ойлаймын. Себебі, біріншіден: өзі үшін, аудармашының көмегісіз, әлемді аралау; екіншіден: үш тілді білсеңіз, шетел компанияларында кедергісіз жұмыс жасай аласыз; үшіншіден: үш тілді білсек, мемлекетімізге әлемдегі ең жақсы дамыған 10 мемлекет қатарына қосылуға көмектесеміз; төртіншіден: саяси,экономика жағынан тығыз қарым қатынасымызды одан сайн нығайтуға жетелейді.
Үш тұғырлы тіл саясаты заманның зәрулігінен туындаған қажеттілік деп есептеп, оны игеруден қорықпауымыз керек. Қазіргі күнге ағылшын тілін білген әлемнің тілін білгенге есеп. Мектеп,жоғары оқу орындарында ағылшын тілін еңгізу, әсіресе іргелі ғылымға бастайтын пәндерді ағылшын тілінде оқыту – ұлтты қандай бәсекеде болсын ұтысқа жетелейтін өте ұтымды жоспар.
Кейбір азаматтар «Үш тұғырлы тіл» мәселесін түсінбей отыр. Себебі мемлекеттік тілге әсері тиуі мүмкін деп. Шын мәнінде, мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жақандану кезеңінде үш тілді білу қажет деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Үш тілді білу, ол біздің Болашағымыз».
Әрі қарай дамып,өскісі келетін адамның тек үш тілмен шектелмей, басқада өзге халықтың тілін игеруге ұмтылады.Себебі, біз көп ұлтты мемлекетте тұрамыз. Мемлекеттің дамуынын ең басты шарты – қоғамда бейбітшілік пен және келісімде өмір сүру.
Қазақстан біртуар азаматтарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дән де,мән де болу керек» - деген есеп. Шын мәнісінде сол ана тіліміздің дәмін де, мәнін де кетіріп алмас үшін шын жанашырлықпен әрбір қазақтың оның дамуына атсалысқаны дұрыс. Әрине, өзге тілді де силауға, барынша білгенімізді жөн көремін. Қазақстанның әрбір азаматтары мен азаматшалары өз мемлекеттік тілін жетік меңгеру қажет, соны естен шығармайық.
Достарыңызбен бөлісу: |