І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет72/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди». – Алматы, «Тұран» баспасы. – 2003. - 306 б.


2. Кәрібаев Б. Бұрындық хан. – 2002.- №3. -13-14 бб.
3. ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. А., 1969. – 217 б.
4. Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралье в ХҮ-ХҮІІ вв. М., 1982. –112б.
5. Кәрібаев Б. Бұрындық хан. Егемен Қазақстан. – 1998. – 16 қазан.
6. Дүйсенов С. «Бұрындық хан туралы не білеміз?» Астана ақшамы. – 2003. - 26 шілде.
АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ – ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ


Әлғаз Сержан (ҚХР)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Мажиқызы Н.


Тарихымызда бүкіл өмірін туған халқына арнаған Алаш азаматтары аз емес. Олардың өмір жолы мен артына қалдырған мұраларын зерттей отырып, болашақ ұрпағымыздың сана-сезімін халқы мен Отанына деген сүйіспеншілігін ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында олардың өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеу кез келген тарихшының міндеті. Биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде 150 жылдығы тойланғалы отырған Алаштың арақты азаматы Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен артына қалдырған мұраларын көпшіліктің назарына ұсыну біз үшін үлкен мәртебе болмақ.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан1866 жылы 5 наурызда Семей обылысының Қарқаралы уезінде дүниеге келген. 1937 жыл 27 қыркүйекте өмірден өтеді. Ол ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің ішіндегі аса көрнекті тұлға. Халқының азаттығы үшін күрескен және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым және аудармашы болып, бүкіл ғұрымын өзінің халқына арнаған болатын.
Арғы тегі Шыңғыс тұқымынан тараған төре Әлихан Бөкейханов қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей, одан Батыр, одан Мырзатай, оданӘлиханның әкесі Нұрмұхамед туылған болатын.
Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Онан соң қаладағы үш кластық бастауыш мектепті бітіреді. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1890-1894 жылдар аралығында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті
Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялыларымен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше әсер етеді.
1905 жылдан бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиналыстар ұйымдастырады. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905 жылы Әлихан Бөкейхан Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Әлихан Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Абақтыдан шығып Санкт-Петербургға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кездегі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Әлихан Бөкейханов та солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды. 1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петербургда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды. 1909-1917 жылдары «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді. 1911-1914 жылдары «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.
ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш-қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.
1916 жылы жер аудару мерзімі аяқталып, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық-саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ бұл үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылы желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайындаАлаш автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейханов тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Әлихан Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайта тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі. 1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Қорыта айтқанда, санаулы ғұмырын өз халқының бостандығы үшін, азаттығы жолындағы күреске арнаған Алаш зиялыларының ардақты азаматы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы өте күрделі жағдайда өтті. Соған қарамастан ұлт азаттығы үшін болған күресін жалғастыра берді. Оның бұл ғибратты ғұмыры біз жастарға өнеге болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет