І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет7/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   156
Байланысты:
treatise40283

3. Адресаттың ықпалы жүйесіндегі қызметі.
а) рецептивті қызметіқабылдау, түсіну, қызығу, есте сақтау, көңіл бөлу, троптың көрнекі болу ерекшелігіне негізделеді, яғни ақпарат жақсы көрсетілсе оны қабылдау, түсіну оңай әрі жеңіл болады, есте ұзақ уақыт сақталады;
ә) гедонистік қызметі – қанағаттану; мұнда троптар – адресат үшін сөйлеуді қызықты, тартымды ету немесе сөзбен шығармашылық ойнау.
Сөйлеу барысында троптар осы қызметтері атқару үшін адресант пен адресатқа қандай құралдардың көмегімен осы немесе басқа интенцияны тану немесе жүзеге асыруға болатындығын білу керек [2, 50-53]. Жоғарыда көрсетілген троптың барлық функциялары метафораларға да тән. Сондықтан да ол әсер етудің ең тиімді құралы, саяси, масс-медиялық, ішінара педагогикалық дискурс түрлерін тануда тиімді болып қала бермек.
Саяси дискурс мәтіндері арнайы әлеуметтік-саяси орныққан пікірлердің негіздемесі болып табылатын сөйлеу тәжірибесін өзектендіреді. Саяси дискурстың мақсаты – социумда адам жағдайына әсер етіп, көзқарасын қалыптастыруға бағытталған сөйлеушіге / жазушыға қажетті түрлі саяси жағдайларға деген арнайы қатынасын және бағасын қалыптастыру. Саяси дискурста концептуалдық метафора беретін мағынаны арнайы категорияға жатқызады және сол арқылы тыңдаушы / оқырманды осы беретін мағынаны қабылдауға «мәжбүр етеді». «Заттық емес әлем» түсінігі (тұлғаның мінезі, оның эмоционалдық көңіл-күйі мен интеллектуалдық қызметі, адамдармен қарым-қатынасы, әлеуметтік өмір құбылыстары мен оқиғалары және т.б.) сезімдің қабылдауда негізі жоқ, сондықтан тілді қолданушылардың жете түсініп, ұғынуының өзі олардың тілдегі көрінісінің негізгі құралы болып табылады. Бұл өз кезегінде метафораларды әлемді тануға ықпал жасауындағы ең тиімді тәсілге айналдырады. Саясаттағы метафора – бұл ізденіс, белгілінің белгісіздікке деген проекциясы, бұрыннан бар білімге сүйене отырып адам тәжірибесінің әлеммен өзарабайланысы шеңберінен шығуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады[1,17]. Осылайша саяси метафора – адресаттың сезімі мен еркіне, интеллектіне ықпал жасаудағы маңызды құрал болып қала бермек. Саяси метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Саяси метафора ерекше әсерлі, ол «дәл осы жерде және қазір» ықпал жасайтын, түсінікті; сонымен бірге берілген мәдениеттің негізгі түсініктеріне сәйкес ұлттық тамыры да жоқ емес [6,10-11]. Күнделікті сөйлеу тілінде біз метафораларды көптеп кездестіреміз. Біз әдетте саясаткердің көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде (мәселен, сайлау алды берген уәделері т.б.) комиссиялық актілер жиі кездесетіндіктен, саяси саласындағы сөйлеу тілінде метафоралар тым жұтаң, аз болады деп ойлаймыз. Саясат саласында өте жиі кездесетін эмоционалды ықпал ету жағдайына келгенде, метафоралардың тығыны ашылады деуге болады. Мысалы сөйлеушінің мақсаты қорқыту, үркіту болып, ультиматум қауіпке барып тірелгенде сөйленетін сөздердің барлығы метафораға айналатындығы анық. Осылайша саяси метафора – қоғамда немесе басқа бір субьектіде қандай да бір бір саяси бірлік (саясат, партия, бағдарлама, іс-шара) жөнінде жағымды немесе жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында сөйлеу арқылы ықпал ету. И.М.Кобозеваның пікірінше, саяси дискурстағы метафораның негізгі қызметі эвристикалық және аргументативтік болып табылады. Сондай-ақ зерттеуші саяси мәтіндерде метафора «өте бір маңызды әрі шиеленісті саяси мәселелерді қозғағанда, талас тудыратын саяси мәселелерді талқылағанда айтылған сөзді адресат қаз-қалпында интерпретациялап түсінбеу үшін сөйлеушінің сөзінің жауапкершілігін барынша азайтып, жұмсартатын интерактивті қызмет» атқаратындығын көрсетеді [4,10]. А.П.Чудинов «Россия в метафорическом зеркале» атты еңбегінде саяси метафоралардың когнитивтік, номинативтік, коммуникативтік, прагматикалық, бейнелілік, гипотетикалық, модельдік, эвфемистік, танымалдылық секілді қызметтерін айрықша атап берген. Осы зерттеу еңбекке сүйене отырып, біз өз жұмысымызда саяси метафораның негізгі қызметтерінің қатарына когнитивтік, эвфемистік, прагматикалық, бейнелілік және модельдік қызметін жатқызамыз.
Когнитивтік: ақпаратты өндіру және өңдеу қызметін атқарады. Мұнда метафора ойлаудың құралы, түсінудің құралы, рубрикация, қандай да бір болмыс фрагментін мүлде басқа сала түсінігіне жататын сценарий, фрейм, слоттардың көмегімен түсіндіру және бағалау ретінде қарастырылады.
Прагматикалық: метафора адресаттың бойында дәлелдеуді талап ету арқылы сөйлеушінің / жазушының эмоциялық жайы мен дүниетанымына қажетті қалыптастырудағы қуатты құрал болып табылады. Метафора кейбір білім қоры коммуниканттары үшін жалпы нәрселерге сүйенуге мүмкіндік береді. Сол арқылы өзіндік жалпы платформасын құра алады, осыған сүйеніп сөйлеуші өзінің көзқарасын еркін дамыта алады.
Бейнелілік: метафора хабарламаны барынша образды, көрнекті, эстетикалық мағыналы дүние етуге қабілетті. Образдық форма адресаттың көңілін аударып, қызығушылық туырады және айтылған нәрсенің бояуын күшейте алады. Метафоралық форманың күші көп жағдайда айтылғандардың мағыналық дәлдігі және тереңдіктің белгісі ретінде қабылданады.
Модельдік: метафора әлемнің өзіндік моделін құруға мүмкіндік береді, оның элементтері арасындағы өзара байланысты түсіндіреді. Өзара байланыстағы метафоралар жүйесін пайдалану мүлде басқа ұғымдар саласына жататын концептілер жүйесінің көмегімен саяси шындық моделін құруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде, түсінуді, ұғынуды қажет ететін саяси ситуацияның өзі бұрыннан таныс дүние ретінде қабылданады және оған дайын баға да беріліп қойған.
Эвфемистік: бұл метафора автор белгілі бір себептерге байланысты тікелей номинациялардың көмегімен белгілеуді қажет деп санамайтын ақпараттарды беруге көмектеседі [6,47-49].
Бұл функциялардың ешқайсысы өз бетінше өмір сүре алмайды, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Метафоралық модель мен контекстке тәуелді, тұтастай алғанда саяси метафораның бұл немесе басқа да функцияларын игереді; ал қалғандары (біз көрсеткендерден басқа) ілесіп жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет