І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет5/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. – 509 б.
2. Білімділер сайты
3. Қазақ тілінің лексикологиясы және фразеологиясы. – Алматы,1989.
КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Алтынбек М.Ж., (Қазақстан) магистрант
Абай атындағы ҚазҰПУ
Ғылыми жетекшісі: Оразбаева Ф.Ш., пед.ғ.д., проф.

Кез келген тұлға қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе отырып, қызықты мәліметтер мен өзі жөніндегі ақпаратты хабарлай алады және оларды талдай отырып, қоғамдағы өз іс-әрекеттерін жоспарлайды. Мұнда коммуникативтік құралдар көлемі қаншалықты бай болса, өзара байланыс та соншалықты сәтті жүзеге асады. Бұл тәжірибенің сәтті шығуы ең алдымен ақпарат алмасу сапасына тәуелді. Сондай-ақ, тұлғаның қоғамда өзін көрсете алуы мен өзіндік белсенділігі оның коммуникативтік құзыреттіліктің психологиялық қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты.


Әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесі еліміздің экономикалық, психологиялық, әлеуметтік, рухани және мәдени хал-ахуалын нығайтуға, ұлттық құндылықтарымыздың, ана тіліміздің ерекшеліктері мен қолданылу аясын кеңейтуге қабілетті, қарым-қатынасы жоғары тұлға тәрбиелеуге құрылуы керек. Білім ордаларының басты әрекеттерінің ең негізгі нәтижесі білім, білік және дағды жүйесі болып есептелінеді. Бұл білім беру жүйесінде баланың жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуы, білім-біліктерін күнделікті өмірде қолдана алатын қабілеттер мен коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру көзделіп отыр. Аталмыш міндеттерді шешу барысында білім берудің аясын барынша даралау мақсатында оқу жүйесін құзыреттілік тұрғыда ұйымдастыру талабы басты назарға алынады.
Елімізде біршама жылдардан бері «құзыреттілікке бағдарланған білім беру мен дамыту» тұжырымдамасы ресми түрде қабылданып, бұл жұмыстың қолдаушылары мен келісімге келе алмайтын қарсыластары да пайда болып келеді. Аталған тұжырымдамаға сәйкес пікірталастар әлі күнге дейін өз шешімін таппай, біраз пікірлердің тууына себепкер болуда. Сондықтан да еліміздің білім жүйесіндегі әлеуметтік, экономикалық, саяси, қоғамдық өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісін ерекше идеяларға сай негізделген ұлттық деңгейдегі мазмұнмен қамтамасыз етуде құзыреттілік ұғымының маңызы зор.
Қазіргі таңда қоғамда коммуникативтік кұзыреттілікпен қаруланған білімді ұрпақ тәрбиелеу ең басты мақсаттарымыздың бірі болып отыр. Бұл мақсаттың байыбына бармас бұрын, алдымен «құзыреттілік», «коммуникация», «қарым-қатынас» ұғымдарын анықтап алу қажет. Құзыреттілік – тек бiлiм мен бiлiктiң жиынтығы ғана емес, керiсiнше субъектiнiң қоғамда кездесетiн проблемалық жағдаятта қандай тәсіл қолдану керектiгiн анықтай алуы және оны iске асыру жолында меңгерген бiлiм-білік, дағдысын ұштастыра алу қабiлетi болып табылады.
Ал коммуникативтік құзыреттілікті меңгерудің қайнар көзі –тілдік қарым-қатынас тәжірибесі, тұлғааралық тәжірибесі, тұлғаның мәдениет пен өнерді қабылдау тәжірибесі екені даусыз. Құзыреттілік - белгілі бір деңгейдегі күрделі тапсырмалар мен мәселелердің шешімін табуда тұлғаның білім, білік және тәжірибесінің сәйкес келуі; нақты міндеттерді орындауда өздігімен және жауапкершілікпен әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттілік пен біліктілігі; жинақталған білім, біліктерін өзекті ете білу қабілеті мен оны өзінің өмірлік жағдайында қолдана білуі.
Сонымен қатар «құзыреттілік» ұғымы психологиялық, педагогикалық сөздіктерде түрліше түсіндіріліп жүр. Сөздікте өзіне деген сенімділік, алға қойған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарға төтеп беруі, өздігімен оқуға дайындығы және қабілеттілігі, табандылығы, шешім қабылдай алу қабілеті, қиын мәселелерді шешуге дайындығы, жеке жауапкершілігі мен дәрменсіздік сезімінің жоқтығы секілді ұғымдар қамтылған.
Қазақ ғалымдарының арасында «коммуникацияның негізгі мазмұны «жалпы қарым-қатынас», «араласу», «хабарласу», «байланыс» деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу үдерісін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді» [1, 39.], - деп тұжырымдайды Ф.Ш.Оразбаева. Ғалым «коммуникация» сөзін «қатысым» деп алмастыра келіп, қазақ тілінің оқыту әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «айтылым», «жазылым», «тілдесім» деген терминдерді енгізді.
«Коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы алғаш рет әлеуметтік психологияда білім-білік, дағды негізінде басқа адамдармен байланысты құру және қолдау қабілеті ретінде қолданылған. Қазір психологиялық әдебиеттерде «коммуникативтік құзыреттілік» терминінен басқа да коммуникативтік қабілет, коммуникативтік дайындық, қарым-қатынас құзыреті, тұлғаның коммуникативтік әрекеті, мәдениет және біліктілік деген сияқты терминдер көптеп қолданылып келеді. Бір қарағанда бұл терминдер белгілі бір жағдайда ғана қолданылатын синонимдес сөздер сияқты болып көрінуі мүмкін. Ал ғылыми тұрғыдан олардың мағыналық ара-жігін анықтап, ашуға болады. Сөйлеу әрекетін жүзеге асыратын – тіл болса, оның іске асуына жағдай жасайтын – коммуникация. «Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектерінің қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты қасиеті баса айтылады.
Білім беру жүйесін жаңартудың негізінде күтіліп отырған нәтижелердің бірі ретінде «құзыреттілікке бағдарланған білім беру мен дамыту» тұжырымдамасын ұсынуда. Бұл тұрғыда психология ғылымының маңызы зор. Тұжырымдаманы жақтаушы Б.Д.Эльконин: «құзыреттілік - тек танымдық және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды»[2], - дейді.
Е.В.Коблянский, Ю.М.Шукова, Ю.А.Коджаспирова, А.Л.Кидран секілді ғалымдар өз еңбектерінде коммуникативтік құзыреттілікті әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік тұрғысынан қарастырып, тұлғалық сапа ретінде қалыптастырып, индивидтің әлеуметтік және психологиялық қатынасқа алғашқы енуінде әлеуметтік рөлді тиімді орындау, адамның бейімделу деңгейі мен психологиялық даму нәтижесі деген түсініктеме береді. Көптеген әлеуметтанушылар мен психолог мамандар С.Ю.Головин, А.В.Петровский коммуникативтік құзыреттілік тек тілді немесе басқа қарым-қатынас кодтарын меңгеру ғана емес, индивидтің тұлғалық ерекшелігі, оның сезімі, ойы және әрекетінің үштік бірлігі екендігін өзара қолдайды.
Психологиялық көзқарастарды жинақтай келе коммуникативтік құзыреттілік – бұл тұлғаның шынайы қарым-қатынасқа сәйкес жағдайда сөйлесім, оқу, аудиттік және жазуда өзінің сөйлеу әрекетін ұйымдастыра, басқара білу мүмкіндігі деп тұжырымауға әбден болады. А. Панфилов коммуникативтік құзыреттілік – бұл білім, білік, дағдылардың жиынтығы деген тұжырымын айтып, оларды мынадай негізде қамтамасыз етілуі керек деген талап қояды: қатынас түрлері мен оның негізгі сипаттамасы, қарым-қатынас амалдары; қатынас қызметі және коммуникативтік үдерістің ерекшелігі; вербалды және вербалды емес қарым-қатынастар; сұрақтар мен жауаптар, іс-әрекетте өзара әрекеттесудің формалары мен амал-тәсілдері, технология мен адамдарға әсер етудің тәсілдері.
А.Н.Журавльев, Р.К.Шакурова, Н.Ф.Талызина секілді психолог-ғалымдардың еңбектерінде «құзыреттілік» ұғымын «қалыптасқан іс-әрекетті жүзеге асыру үшін білім-білік, дағдының жиынтығын қамтиды», - деп түсіндіреді. Сонда, біздің түсінігіміз бойынша, психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымы танымдық, практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде анықталған. Жас ерекшеліктеріне байланысты жеке тұлғалардың құзыреттілігі оның психикалық деңгейіне, мәдени, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер етуіне тікелей байланысты болады. Сол себептен, білім алушылардың психологиялық ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілікті дамытып, қалыптастыру мүмкіндігімен анықталады.
Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымы «белгілі бір салада топтың, тұлғаның жетістігі мен табыстылығы» ретінде қарастырылады. Құзыреттілік ұғымының мән-мағынасын істің жайын түсініп әрекет етуі деп түсінуімізге әбден болады.
М.Кэрст құзыреттіліктің бес түрлі тәсілін көрсетіп, «тұлғаның мәселені шешуге сәйкестігі, тұлғалық қасиеттердің және қабілетінің жиынтығы», - деген анықтама берді [3]. Д.Зиглер мен Л.Хьелл бұдан да нақтырақ анықтамаға тоқталып, «құзыреттілік – психологиялық сапа ретінде тұлғаның адамға қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түсуде өзінің қабілетін мойындайтын, өзінің сезімінен бастап өзіндік табыстылығын және пайдалылығын, сенімділігі мен күш-жігерін білдіреді [4], - дейді.
Қарым-қатынастағы құзыреттіліктер мен оған қатысушы субъектілердің интерактивті, коммуникативті мінез-құлықтарының сәйкес болуын, өзара әрекеттегі субъектілердің әр алуан психологиялық ерекшеліктерді жүзеге асыруда максимал көзқарастарды игерудегі жетістіктерімен байланысты түсіндіреді ғалым Е.В.Руденский. Ол коммуникативтік құзыреттілік субъектісі келесі әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер мен қабілеттерді өз дәрежесінде игеруі тиіс үш қағиданы ұсынады:
- тұлғааралық әрекет жағдайына болжам жасай алу, яғни, алдын - ала сезу қабілеті;
- коммуникативтік құзыреттіліктің қарым-қатынас үдерісін бағдарламалау;
- тұлғалардың алуан түрлі мінез-құлық жағдайында қарым-қатынас үдерісін басқара білу.
Бірақ, солай бола тұра қарым-қатынастың инструменталды жағымен ғана әуестену адамдардың рухани мәнін жоюы және бұл қарым-қатынас түсінігін коммуникативтік әрекет сияқты қарапайымдануға әкелуі мүмкін. Пайдалы ақпарат алу немесе беру, серіктестердің белсенділігінің артуы, жүктемені түсіру немесе ортақ әрекетпен басқару, көмек көрсету және өзге адамдарға ықпал жасау қарым-қатынастың негізгі мақсаты болып табылады.
Психология ғылымында «коммуникативтік құзыреттілікті - басқа адамдармен байланысты құру және қолдау қабілеті» ретінде қарастырылғаны белгілі. Қорыта келе, коммуникативтік құзыреттілік – бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуниканттардың жинақталған білім, білік, дағдылармен қарулануы, тілдік қатысымды терең меңгеруі деп тұжырымдаймыз.
Көптеген ғалымдардың пікірінше, құзыреттілік «тәрбиелі» ұғымымен сәйкес келеді. Оның төңірегіндегілер тиімді немесе тиімді емес байланыс жағдайындағы тұлғааралық мінез-құлық ерекшелігі. Сондықтан коммуникативтік құзыреттілік тек дара сапа ғана емес, бірін-бірі түсінуге ұмтылған тұлғалардың санасының белгілі жағдайы.
Коммуникативтік құзыреттіліктің психологиялық ерекшеліктері жоғарыда есімдері аталынып өткен ғалымдардың еңбектерінде көрініс тауып, белгілі бір дәрежеге жеткендігі көз қуантады. Аталған психологиялық көзқарастарды сараптай келе, экономмикалық, әлеуметтік, мәдени ортада қалыптасқан құзыреттілік деп – білім-білік, дағды және мінез-құлық нормасы, білім алушының өз білімін іс жүзінде жүзеге асыру, тәжірибеде қолдана алу біліктілігі деп түсінеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет