І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет76/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Қаражан Қ.С. Қазақстан тарихы. – Алматы, «Қазақ Университеті», 2008. – 65-б.


2. Бахр ал-асрар, л. 124а; МИКХ, с. 352.
3. ХV–ХVІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығы тарихының материалдары. – А., 1969. –352-б. // Б. Кәрібаев. Алғашқы қазақ ханы – Керей хан. Егемен Қазақстан. – 1997. 22 наурыз.
4. Салғараұлы Қойшығара. Қазақтар: Роман-эссе. – Алматы: Өнер, 1995. – 7
Ұлы Дала –арийлер өркениетінің бесігі


Бейсембай С. Е. (Қазақстан)
А. Бөкетов атындағы ҚарМУ
Ғылыми жетекшісі: Өскембаев Қ.С., т.ғ.к.,доцент

Бүгінгі таңда ресми ғылыми мәліметтерде адамзаттың ең жоғарғы сатыдағы дамыған өркениеттері ретінде – Шумер, Аккад, Египет, Қытайдағы Шан-Инь, Крит-Миной, Хараппа және Мохенджо-Даро айтылады. Бірақ «Ұлы Дала өркениеті» жайлы сөз де қозғалмайды. «Ұлы Далада» орналасқан Ботай мәдениетінде – басқа өркениеттерге қарағанда ең алғашқы болып жылқы қолға үйретілді. Арийлердің Синташты кешенінде – әлемдік деңгейдегі соғыс жүргізу әдістерін түпкілікті өзгерткен соғыс арбасы ойлап табылды. Арийлер үстемдік еткен уақытта Қазақстан территориясы Еуразия континентінің ірі металлургиялық ошағына айналды. Өлкенің халықаралық сахнада рөлінің артуының басты себебі – металлургияның дамуымен тікелей байланысты [1].


Арийлердің тарихи отаны
Ғылымда арий халықтарының тарихи отаны, шығу тегі жайлы толық мойындалған тұжырым жоқ. Авестаға сүйенетін болсақ, арийлердің мекендеген территориясы – «Айрианам-Вайджа». Айрианам-Вайджаның орналасқан жері жайлы көптеген болжамдар бар. Мысалы, атақты ирантанушы Майкл Витцель оны Гиндукуштың маңайы десе, үнді зерттеушісі Шрикант Талагери Айрианам-Вайджа Кашмирде орналасқан дейді.
Авестада суреттелгендей арийлердің тарихи отаны – «Айрианам-Вайджа» енсіз, шексіз далада орналасқан делінеді. Кең даланың дәл ортасынан керемет – «Даитйя» өзені ағып өтеді. Өлкенің климаты қатал, бір жылда – жеті ай жаз, бес ай қыс болады [4].
Жоғарыда айтып өткен Майкл Витцель мен Шрикант Талагери «Айрианам-Вайджаны» Гималай мен Гиндукушта деп көрсетеді. Олардың болжамын қарастырсақ, Авестада суреттелген өлкемен климаттық және географиялық ұқсастық табылмайды. Біз арийлардың тарихи отанының Қазақстан территориясы және Ресейдің оңтүстік далалық зоналарында болуы мүмкін деген болжам келтіреміз. Болжамға негіз ретінде бірнеше дәйекті дәлелдерді келтіруге болады:
1. Гималай мен Гиндукуш таулы аймақ, ал Авестаға сүйенетін болсақ, Айрианам-Вайджа енсіз, шексіз далада орналасқан [4].
2. Авестадағы Айрианам-Вайджаның «бір жылда – жеті ай жаз, бес ай қыс» деген сипаты, қоңыржай ендік зонасының солтүстік бөліктеріне ғана тән, ал Гиндукуш пен Оңтүстік Гималай субтропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінің тоғысында орналасқан [4].
3. «Airyanem Vaejah» ежелгі иран тілінде – арийлердің даласы, жазығы деген мағына береді [4].
4. Археологияда арийлермен байланыстырылатын ямная, срубная және андрон мәдениеттері – Қазақстанның және Ресейдің оңтүстік далалық зоналарында орналасқан.
Зерттеушілердің пайымдауынша Авеста мәтіндерінің пайда болуының хронологиялық шеңбері б.з.д. 1200-800 жылдар аралығын қамтиды. Ежелгі кітап көптеген топонимдер және этнонимдерге бай. Сол географиялық атауларды қолдана отырып, біз осы мақалада арийлердің тарихи отаны – Айрианам-Вайджаны локализациялауға тырысамыз [2].
Жалпы, Авестадағы географиялық атауларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
1. Этнонимдер: Айрианам, Турианам, Сайриманам, Сайнинам, Дахинам, Канхианам;
2. Оронимдер: Канха, Хукарья және Хара-Бэрэзаити таулары;
3. Гидронимдер: Вахви-Датия, Рангха, Ардви өзені, Ворукаша және Чайчаста теңіздері [4].
Егер сарматтар мен дайлар батысын, ал түркілер солтүстік-шығысын мекендесе, Авестада суреттелген арийлердің тарихи отаны – Айрианам-Вайджаның орналасқан жері – Мұғалжар тауы мен Ертіс өзені аралығын қамтыған кең дала. Сарыарқа осы кең даланың үлкен бөлігін алып жатыр.
Келесі географиялық атау – арийлер даласының ортасынан ағып өтетін ірі өзен – Вахви-Датья.
Біздің ойымызша Вахви-Датья, көне заманда бір өзендер жүйесін құраған Торғай-Ырғыз-Сарысу-Шу өзендері. Геологиялық мәліметтерге сүйенетін болсақ, б.з.д. I мыңжылдықтың басында Торғай-Ырғыз-Сарысу өзендері бір ірі өзенді құрап, Сарыарқа арқылы ағып өтіп, Арал теңізінің бассейніне құйған.
Рангха өзенін көптеген зерттеушілер Сырдария өзені деп көрсетеді. Рангха өзені Чайчаста теңізіне, яғни Арал теңізіне құяды.Ардви өзеніне – Балқаш көліне құятын Іле өзені сәйкес келеді.Ворукаша теңізі – арийлердің мифологиясында ерекше орынға ие. Ол «әлемдік теңіз, орталық теңіз» деп есептелген. Қазіргі таңда зерттеушілер Ворукаша теңізін – Арал немесе Каспий теңізі деп көрсетеді.Біздің болжамымыз бойынша Ворукаша – Балқаш көлі. Біз бұл болжамға негіз болатын бірнеше дәйекті дәлелдерді келтіреміз:
Ежелгі парсы тілі мен түркі тілдеріндегі әріптің алмасу заңы. Парсының «v» және «r» әрпі түркінің «b» және «l» әрпіне сәйкес келеді. Ежелгі парсы (авеста) бойынша – Vorukasha , орта пехлеви бойынша – Vorkash, ежелгі түркі бойынша – Balkash (Vorukasha–Vorkash–Bolkash–Balkash) [5].
Мысалға: Сөздерді салыстыру арқылы Олжас Сүлейменов Шумер және Түркі тілінің ұқсастықтарын тапты. (Дингир – Тенгри, Заггин – Жақын, Уд – От, Ама – Ана, Ада – Ата, Тибира – Темір, Гаш – Құс, Уш – Үш, Узук – Ұзын).
Лексикадағы ұқсастықтарды іздеу арқылы атақты чех лингвисті, шығыстанушы Бедржих Грозный хет тіліне дешивровка жасады. (Хет – Waatar, ағылшынша – Water, немісше – Wasser, орысша – Вода, санскрит тілінде – Vari, латынша – Aqua, парсыша – Ab) [5].
Біздің болжамымызша «Балқаш» деген сөз түркінің «балық» деген сөзіне қатысы жоқ. Балқаш деген сөз арийлердің Ворукаша деген сөзінен қалған субстрат.
Авестада Хукарья (Тянь-Шань) – Ардви (Іле) өзені бастау алатын тау. Ардви (Іле) өзені Ворукаша (Балқаш) теңізіне құяды. Дәлел ретінде Авестадан үзінді келтіруге болады: «Молись великой, славной, величиною равной всем водам, взятым вместе, текущим по земле. Молись текущей мощно Ардви от высоты Хукарья до моря Ворукаша [4].
Сонымен, алпауыт «Ұлы дала арийлерінің» ұрпақтары қазіргі таңда бүкіл Еуразия континентіне таралып орналасқан. Әр жерде таралған халықтардың пікірі әр түрлі. Біз қарастырып отырған жобаның басты мәселесі локализация болғандықтан, біздің пікірімізше және дәйекті негізі бар дәлелімізше олардың тарихи отаны – Қазақстан территориясындағы ұлан-ғайыр дала немесе кейінірек Дешті-Қыпшақ даласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет