І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет73/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Қойгелдиев М. Қазақ демократиялық интеллигенциясының 1905-1917 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі. 1994. – 525 б.


2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. –Алматы: Санат, 1995. – 368 б.
3. Нұрпейіс К. Алаш һәм Алашорда. –Алматы: Ататек, 1995. -256 б.
4. https://kk.m.wikipedia.org
БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ


Әукен Гүлдана (Қазақстан)
Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Нусупбаева С.А.

Бұқар жырау – әдебиетімізде аты әйгілі, ірі тұлға. Бұқар жырау (1685-1778) 1685 жылы дүниеге келген. ақын ретінде өз ортасына ерте танылған, Тәуке ханның тұсында оның жанындағы аса ықпалды билердің бірі болды. Ақын өмірінің көп бөлігін жоқшылықта өткізген, жеке меншігінде ешқандай малы болмаған. Ол алпыс жасқа толғанда дала билеушілерінің арасынан жас сұлтан Абылай алға дара шығып, ақынды жанына тартқан. Абылай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек-түйдек жырмен сөйлейтін болған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Бұқар жырау Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астында топтастыруға күш салды.


Бұқар жырау шындықты бетке айтататын батылдығымен де дараланады. Кейбір тығырыққа тірелген мәселелерге орай ешкім хан алдында батыл сөйлей алмағанда, жырау ғана қиядан қисын, қиыннан жол тауып беретін болған. Бірде Абылай хан көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау мұның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаулық жолынан сақтап қалады. Мұндай жағдай тек ханмен ғана емес, басқыншы жауды жеңу жолындағы әр қилы талас-тартыс кезінде де болып отырған. Сондай сәттерде де жырау қара қылды қақ жарып, тек қана шындықты бетке басып айтатын болған.
Жыраудың жұртты татулық-бірлікке, адамгершілікке үндеген үгіт-насихатық жырлары да әр алуан. Бұларда ол халқымыздың ертеден келе жатқан жол-жоралғысы мен салт-дәстүрін негізге ала отырып, мұсылман дінінің қағида шарттарын да үлгі ете білді.
Бұқар жыраудың өзіндік өрнек, мәнерін айтқанда, оның аз сөзге көп мағына сыйғызатын шеберлігің бөліп атаған жөн. Мұндай жолдардың мақал-мәтел іспеттес болып құрылатынын көреміз. Бұлар осы сипаттарымен үлкен ойды қорытып жинақтау дәрежесәне көтеріледі.
Өмір көріністерін кеңінен қамтып бейнелеуі жағынан ол жазба әдебиетке бір табан жақын тұрды, өзінен кейінгі ұлы Абайға да әсер етті. Қазақ өлеңдерінің мазмұны жағынан байып-көркеюіне елеулі үлес қосқан жырау туған халқының болашақ тағдырының қалыптасуына да өз жырларымен еңбек етті.
Бұқар жырау жылдары әр алуан басылым, жинақтарда кейде толық, кейде қысқартылып жарық көріп келеді. Бұлардан 1925 жылы «Таң» журналында, одан соң С.Сейфулиннің «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» тәрізді жинақтарда басылып келгенін айтуға тиіспіз. Бұдан тыс бір топ өлеңдері Ш.Уалихановтың, Г.Н.Потаниннің жинақтарында, «Шайыр» жинағында жарық көрді.
Бұқар жыраудың шығармалары бізге қолжазба түрінде жетіп оотыр. Бұлардан белгілі ақын, ауыз әдебиетінің мұқият жинаушысы М.Ж.Көпеев қолжазбалары елеулі орын алады.
Бұхар – XVIII ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың тұстасы, Абылайдан жасы үлкен. Ол Абылайға:«Абылайшам», «Абылайша» деп сөйлейді екен. Бұқар өзінің «Ей, Абылай, Абылай!» деген өлеңінде.

Ей, Абылай, Абылай!


Сені мен көргенде-
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет төренің
Қызметінде тұр едің,

-дейді. Осы өлеңінде ол Абылайды 11 жасынан бастап, өмірінің соңына дейін білетін адам болып сөйлейді.


Бұқар – халқының, елінің тағдырына қабырғасы қайысып, парасатты ой түйген жырау. Хан Абылайдың кеңесшісі, ақылгөйі, поэзияның ірі өкілі.Бұқар аласапыран заманның тіршілік болмысын, ел басына төнген қауіп-қатерді, екіталай кезеңді жыр өрнегіне түсіріп, халқының тағдырына ортақтасқан жырау.
Еліміз өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, тәуелсіздік алғаннан кейін философ ақын Бұқардың есімі де халық сүйіспеншілігіне, ықыласына бөленді. Қарағанды қаласының ең бір үлкен көшесіне, бір ауданына Бұқар жырау есімі берілді. Жыраудың дүние салған жеріне оның ұрпақтары зәулім күмбез тұрғызды.
XVIII ғасырдағы бізге мәлім ақындардың ішінде әлеуметтік мәселелерді басымырақ жырлаған ақын – Бұқар. Ол өз кезіндегі әр алуан қоғамдық мәні зор мәселелерге үн қосып, өзінің көзқарасын білдіріп отырған.
Бұқар жыраудың өз сөздеріне және ел аузындағы әңгімелерге қарағанда, ол хат білген адам болса керек. Бірақ оның «Керей, қайда барасың?», «Айналасын жар тұтқан», «Бірінші тілек тілеңіз», «Асқар таудың өлгені», «Ей, Абылай, Абылай!», «Қалданменен ұрсысып», «Кәрілік», т.б. өлеңдерінің бәрі де бізге жазба түрде емес, ауызша жеткен.
Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген- белгілі ғұлама, фольклорист әрі ділмар ақын – Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ол Бұқардың шығармашылық өнерін аса жоғары бағалаған.
Бұқар шығармаларының бір алуанының тақырыбы Абылай есімімен байланысты. Абылайды жырлауда да сыртқы жауға қарсы күрес, ел ынтымағы, ел бірлігі Бұқар өлеңдерінің негізгі өзегі болып отырады.

Қырық беске келгенде,


Жақсы мен жаман демедің.
Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің,

-деп, енді бірде: «Үш жүздің басын құрадың», - деп Абылайды Жоңғар қалмақтарына қарсы күресте елге басшылық еттің, оның азаттық жолындағы күресінің ұйымдастырушысы, қолбасшысы болдың деп мадақтайды.


Жоңғар қалмақтарының Абылай тұсындағы күшті ханы – Қалдан Серен. Бұл- тарихта аты мәлім, әдебиеттен көп орын алған адам. Бұқар жыраудың айтуынша, Абылай бастаған қазақтар сол Қалданды бірде ойсырата жеңеді. Сол жеңісті дәріптеп шығарған өлеңінде жырау қазақтың басқа батырларының да ерлігіне айрықша тоқталады:

Қалданменен ұрсысып,


Жеті күндей сүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар-
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жәнібек.
Абылай салды жарлықты,
Қалдан ханды қашырып,
Шеп салған жерін бұздырып,
Ұрысты қатты қыздырып.

Ғасырлар бойы қазақ еліне шабуыл жасап келген қалмақтың сол кездегі ең күшті ханын қазақтың жеңгендігіне қатты қуанады. Ел үшін ерлік көрсеткен батырларды ұрпаққа үлгі ете тереңнен толғап, шабыттана жырлайды.


Абылайды Абылай еткен, оған абырой әперген, «бір жағынан қарашаның елдігі болса», екіншіден, «ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары» еді деген әділ пікір айтқан.
Абылай туралы өлеңдерінде Бұқар жырау оның жақсылық жақтарын ғана көріп қоймайды кемшіліктерін де айтады. Ол «Ей, Абылай, Абылай!» деп, азуы алты қарыс ханға өктем сөйлейді. Айтарын бүкпейді, батыл айтады. Өйткені жырауға ел бірлігі, ел тағдыры қымбат.
Бұқар жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Бұқар жыраудың толғаулары, шын мәнінде Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел «Көмекей әулие» Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстануына, әскери -мәмілегерлік қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Бұқар жырау толғауларында Ресей империясының отаршылдық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленді.
Сөйтіп, Бұқар Абылайдың ұнамды жағын да, саясатындағы кемшіл тұсын да көрсете келіп, оны өзінше образ етіп шығаруға тырысады. Екіншіден Абылай образын жасау барысында халық батырларының ел үшін істеген істерін дәріптеп, басқаға үлгі етеді. Ел басқарушылардың халықпен қатынасы, байланысы қандай болу керектігі туралы құнды пікірлер айтады.
Ол ханға «жаулық жолын сүймеңіз» деп тыныштық, бейбітшілік жолын ұсынады. Соғыспауға үндейді, «соғыссаң кетер сәніңіз» деп ұрыстың, жанжалдың, егестің неге апарып ұрындырарын айтады.
Бұқар жыраудың көп өлеңдерінің Абылайға арналуының негізгі себебі – қазақ елін сол замандағы беделді Абылай ханның айналасына топтастыру еді.
Бұқар жыраудың асыл тегі. Арғын ~ Қодан ~ Дайыр қожа ~ Қара- Мейрамсопы Сүйіндік ~ Қаржас ~ Алтынторы ~ Жолымбет ~ Қалқаман ~ Бұқар.
Бұқар поэзиясы – нақылдық поэзия. Ол нақылға толы. Сондықтан да жырау толғаулары ел арасына кең тараған.
Мәңгілікке кеткен, өсиеті біздің заманымызға жеткен Көмекей әулие аруағы иемен болған елін, қасиетті жерін жебесін деп еске алып отырған қасиетті елі бар. Ғарышта самғап еліміздің болашағын қорғаған алып қырандай, қазақ халқының, бостандығының, дербес мемлекеттігінің дауылпасы Бұқар жыраудай-ақ болар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет