І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет79/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Мұқатова О.Х. Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектеріндегі ауызша тарих айту дәстүрі //«Отан және әлем тарихы: ХХІ ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері» атты халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференция материалдары, -22-23 қараша Алматы, 2007 – 258-261 бб.


2. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – Алматы, 1991. – 18 б.
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ РУХАНИ ӨМІРДІҢ ДАМУЫ


Досанова Гүлнұр Каировна (Қазақстан)
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ халқының рухани дәстүрлері өзінің зерттелуі жағынан жас болғанымен, даму тарихы өте ерте дәуірлерге кететін, өзіндік бастан кешкен кезеңдері бар дәстүр. Қазақ халқы өзі қаншалықты ғұмыр сүрулерін бастан кешсе, оның руханилығы да сонша жасап, талай дәуірлерді артқа тастады. Әрбір халықтың рухани дәстүрлері ғасырлар бойы даму барысында жасалған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын мұра. Басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзіне тән тарихы бастан кешкен өрлеу сатылары, әрбір лайықты мәдени мұрасы, рухани дәстүрлері бар.


ХІХ ғасырда Ресей империясының отаршылдық әрекеттері қазақ қоғамының дәстүрлі жағдайын өзгертті. Көшпелі тіршіліктің аясы тарылып, қоғам дағдарысқа тап болды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында патша үкіметі мұсылман халықтарының, әсіресе, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық мәдени дамуын барынша тежеп, пәрменді орыстандыру, шоқындыру саясатын үдете түсті және оған мүмкіндігінше тежеу салып, қатаң қадағалануға алынды. Мешіт, медреселерді рұқсатсыз тұрғызылуына тиым салынды, олардың жабылуын көздеп медреселерде орыс тілін оқу ең басты міндет деп енгізді. Ал мешіт, медреселердегі молдаларды отаршыл үкіметтің өзі тағайындайтын болды. Бұл көрсетілген міндеттер орындалмаған жағдайда жергілікті әкімшілік органдары мешіт медреселерді жабуға құқылы болды.
Мұсылмандыққа «қарсы миссия» мәселесі ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары көтерілді. Бұл істердің барысы мемлекет тарапынан бақылауға алынып, оған нақты нұсқаулар беріліп тұрды.
Патшалық Ресей мен оның миссионерлері Қазақ жерінде 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады. Бұл саясатты патша үкіметінің шенеуніктері Қазақ даласына толық иелік ету сынды, өздерінің түбегейлі мақсаттарына жету үшін жүргізіп отырды. Олар қазақ халқын шоқындыру және орыстандыру үшін сан түрлі айла-тәсілдерді қолданып бақты. Мәселен, Ресей империясы қазақ халқын отарлаудың ең сенімді әдісі «водворение» яғни орыс шаруаларын қазақ халқымен араластыра қоныстандыру саясатын ұстанды.
Сонымен, қазақтардың христиандық сенімге кіргізу патшаның Қазақстандағы отаршыл саясатының негізгі бағытының бірі болды. Ол ұйымдастырылған миссионерлік қоғамдармен де, қостармен де, жеке тұлғалармен де – христиандықтың идеологтарымен де жүргізілді. Торғай облысында әрекет еткен миссионерлік қоғамдар мен қостар 1875 жылы құрылған православиелік миссионерлік қоғамның Орынбор Епархиялдық ұйымымен байланыста болды. 1913 жылы Орынборлық епархияда 2 миллион 300 мың адам болды, оның 800 мыңы бөгде, негізінен мұсылман халқынан болды [1, 59-б.].
Торғай облысының қарамағында екі миссионерлік қос – Ақтөбелік және Макарьевтік өз қызметтерін атқарды.
Ақтөбелік миссионерлік қос 1897 жылы облыстың Ақтөбе және Ырғыз уездеріндегі «қажеттіліктерге» қызмет көрсету үшін ашылды. Қоста 20 адамға арналған (қазақтарға және орыстарға) интернаты бар бірсыныптық орыс-қырғыз миссионерлік мектебі жұмыс істеді. Онда оқыту бір сыныптық шіркеу-приход мектептеріне арнап Қасиетті Синод бекіткен бағдарламаға сәйкес, миссионерліктің белгілі идеологы Н.И.Ильминскийдің жүйесіне қатысты іске асырылды» [1, 69-б.].
Макарьевтік миссионерлік қос 1894 жылы ұйымдастырылды. Ол Қостанай және Торғай уездеріндегі миссионерлік істің қажеттеріне қызмет көрсетуге тиіс еді, жекелей алғанда, «Макарьев елді мекенінің жаңа шоқынған қырғыздарының материалдық және діни адамгершілік қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек еді» [2,70-б.].1914 жылдың 1 қаңтарына бұл елді мекендерде екі жыныстың 249 жаңа шоқындырылған қазақтары тұрды. Қоста жер төлемі болды, оны бөлу кезінде жаңа шоқындырылғандарға 20 десятина жер бөлінді [2,70-б.].
Облыстың әскери губернаторы 1913 жылғы өз есебінде оларды былай сипаттады: «Жаңа шоқындырылғандардың сыртқы өмір қалпы бойынша орыстардан еш айырмашылығы жоқ. Өз үйлері мен шым үйлерін орыстар сияқты салады. Олардың барлық үйлерінің алдыңғы бұрышында қасиетті иконалары бар божница тұрады, олардың алдында жексенбі және мереке күндері лампада жанып тұрады. Барлық жаңа шоқындырылғандар кресттік белгіні жасайды, крест тағып жүреді...кетуге бейімдері жоқ»– делінген [3,70-б.].
Миссионерлік қоста ересек шоқындырылған қазақтарға кешкі сыныптар мектебі болды. Онда «Қасиетті тарихты және дұғаларды» оқыды, шіркеулік әндерді үйренді. Мектептегі сабақтар жетісіне үш рет – жексенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері өткізілді. Алғашында материалдық пайдаға қызыққан жаңа шоқындырылғандар кейін қатал шындықпен кездесті. Олардың көбі қорқынышты кедейшілікте өмір сүрді. Губернатор жазды: «Олар жартылай құлап жатқан шым үйлерде тұрады, нан да, киім де, аяқ киім де жоқ... Егер бұл бейшаралардың халі жақсармаса, онда қос өзінің кейбір бала-шағаларынан айырылады» [1,76-б.].
Макарьевтік миссионерлік қоста да, 20 адамға (орыстарға және қырғыздарға) арналған интернаты бар бірсыныптық орыс-қырғыз миссионерлік мектебі болды. 1914 жылдың 1 қаңтарына мектепте 83 оқушы болды, оның 52-сі – орыс, 13-і –жаңа шоқындырылғандар және 18-і – қазақ-мұсылмандар.
1914 жылғы «Торғай облысының шолуында» көрсетілді: «Жалпы жаңа шоқындырылғандар орыс тілінде жақсы сөйлейді және оларды орыстардан айыру қиын. Соған қарамастан, Макарьевтік елді мекенінің жаңа шоқындырылған қырғыздарын нағыз христиандар және Христос сенімінің әділдігіне қатты сенеді деп айтуға болмайды, өйткені, олар әсіресе, бірінші буынның жаңа шоқындырылғандары бұрынғы дәстүрлері мен әдеттерінен және мұсылмандық танымдарынан босана алмай жүр»[2,66-б.].
Миссионерлер қазақтарды орыстандырудың, жаңа шоқындырылғандарды христиандық арнасында ұстаудың ең тиімді құралы мектеп, әсіресе, шіркеу-приход мектебі деп есептеді. Священник Д.Кононов Орынборлық православиелік миссионерлік қоғамының епархиялдық комитетінің 35 жылдық қызметі туралы есебінде атап көрсетті: «Шоқындырылған бөгделерді христиандыққа бекітудің ең жақсы құралы жас ұрпақты христиандық сенім рухында тәрбиелеу екенін түсініп, комитет шоқындырылған бөгделер мекендерінде мектептер ашуға бөгелмей шаралар қолданды» [3, 5-б.].
Торғай облысында миссионерлік қостағы екі мектептен басқа, көптеген шіркеу-приход мектептері салынды. Олар Орынборлық Епархиялық училищелік кеңеске қарады, ол әкімшілік жағынан осы Кеңестің Қостанайлық және Орскілік екі бөлімінің, сондай-ақ, Орскілік (дін қызметшісі В.Пальмовтың) және Қостанайлық (дін қызметшісі В.Русановтың) екі бақылаушының жақын жетекшілігінде және билігінде болды [4,16-б.].
Қазақ халқын рухани құл қылу исламды және оған байланыстылардың барлығын олардың өмірінен шектеуге, сосын ығыстырып шығаруға бағытталған іс-шаралар кешенінен тұрды. Ислам сенімінің «жалғандығы», мұсылман халықтық-мектебелер мен медреселердегі дәстүрлі мектептік білімнің зияндығы және дінилігі жөніндегі жаппай насихат мешіттердің жабылуымен, молдаларды полицейлік қуғындаумен және т.б. қатар жүрді. Мұсылмандық қасиетті жерлерге тәуап етушілерге қатаң талап қойылды. Патша әкімдері ауданда мұсылман дінін ұстаушыларды жер аударуға дейін барып, оларды қуғын-сүргінге ұшыратты.
1876 жылдың күзінен мектебе мен медреселерді ашуға, оларда орыс сыныптары ашылған және ол ашушылар қаражатына қамтамасыз етілген жағдайда ғана рұқсат берілді. Шәкірттерге орыс тілі мен орыс тарихын оқыту зорлап міндеттелді.
Биліктің арнайы рұқсатынсыз мектебе, медреселерді де және мешіттерді де салуға болмады. Әр жаңа салынған мектебе уездік, шаруалар басшыларының, Орынбор оқу округінің, Торғай облысының мектептері инспекторларының қатаң бақылауында болды. Отаршыл әкімшілік облыстағы мұсылман мектептерін жабу және жаңа мектебе мен медреселерді ашуды болдырмауға кез-келген сылтау іздеді. Қуғын-сүргінмен қатар жүрген мұндай шаралар мұсылман мектептерінің «табиғи өліммен өлуіне» әкелуі тиіс еді.
Мұсылмандардың рухани істері Торғай облыстық басқарманың қарауында болды. Ол жаңа мешіттерді салуға ең қатаң талаптар қойды, сондай-ақ, ескі ғимараттарды жөндеуге рұқсат бермеді. 1891 жылы «Дала ережесінің» 99-бабына сәйкес Торғай облысында мешіттер салуға Ішкі істер министрлігі рұқсат берді. Мешіттер қоғамдар есебінен қамтамасыз етілді, бірақ соңғыларына бұған қаржы жинауға келісім бермегендерді еріксіз көндіруге тиым салынды. Сондықтан билік осы мақсатқа ақша жинау кезіндегі еріктіліктің жоқтығын сылтау етіп, әрқашан мешіттерді салу туралы өтінішті қабылдамай тастауы мүмкін еді.
Қорыта айтсақ, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының діни сана-сезімінде кең түрде таратылған мұсылман діні мен христиан діні идеологиясы қамтылған кезең болатын. Сонымен бірге Ресей патша отаршылдары қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығын иеленіп қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: орыстандыру, шоқындыру, қазақ тілінен, дінінен айыру шараларды жүзеге асырды. Соның нәтижесінде, қазақ халқы ата-баба дінінен, тілінен, әдет-ғұрпынан, салтынан, дәстүрінен айырылу процесі басталған еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет