І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет87/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер



  1. Есмагамбетов К.Л. Действительность и фальсификация. – Алма-Ата: Казахстан, 1976. – С. 200.

  2. Есмағамбетов К.Л. Қазақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. – 240 б.; Кэстль Д. 1736 жылы Кiшi жүз ханы Әбiлқайырға барып қайтқан сапар туралы. –Алматы: Атамұра, 1996. – 128 б.

  3. Лаумуллин М.Т., Бейсембиев Т.К. Зарубежные исследователи Средней Азии и Казахстана. –Алма-Ата, 1994. – С. 103.

  4. Несипбаева К.Р. Современная англо-американская историография русской экспансии и колонизации Средней Азии. – Алматы: Қазақ университеті, 1997. – С. 191.

ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЫ ЕР ЖӘНІБЕК


Еркінжан Қайсар (КХР)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Мұсағұлова А.Б., т. ғ. к.

Қазақ хандығының батырлар тізімінен ойып тұрып орын алған Жәнібек батыр десе,барлығымыз да бір ой пайда болады. Рас қазақ халқында Жәнібек атты батырлар өте көп болған, айтар болсақ қазақ хандарының алғашқыларының бірі болған Алтын Орда ханы Әз Жәнібек, батырлықтың туын биік ұстап, елінің, жерінің тыныш болуы үшін қазақ мемлекетінің шаңырағын Керей сұлтанмен бірге көтерген Жәнібек хан, содан айтсақ батырлығы мен көзге түсіп жерін қорғаған ақ патшадан тархан дәрежесін алған Шақшақ Жәнібек, Абылайға атын берген, Абылайдың оң тізесінен орын алған, батырлығымен Абылайдың көзіне түскен, жоңғар шапқыншыларына ерлікпен қарсы тұрған Ер Жәнібек, онан кейін әнші Жәнібек пен басқада көптеген Жәнібектер болған.


Қазақта Жәнібектің көптігінен, сол жылдары халқымыздың елеусіздігінен осындай Жәнібек атты батырларымызды бөліп қарауға мұрса тимей, кейбір батырларды ұмытып та барамыз, солардың біреуі халық ауызына өте аз ілінетін Ер Жәнібек, құдай берген тәуелсіздіктің арқасында бұндай тарихи тұлғаларды тарихты зерттеушілер арқылы халыққа қайтадан таныла бастайды, басында тек тарихшыларымыздың аузынан еститін ұлы тұлғалар қазір кітап болып басылып, мектептерде сабақ ретінде таныстыратын болды, бұл да жақсылық.
ХVIII ғасырда қазақтың керей руынан шыққан, Абылай хан тұсында дүниеге келген батырымыз ер Жәнібектің ата тегі: Керей, Жәнтейке, Сүйіндік, Сары-Құрманбет, Бердәулет болады екен, қазақ ел сұрасып жер сұрасқан, Ер Жәнібектің батырымыздың алдымен әулетін атаған жөн сияқты. Бердәулеттің өзі қаз дауысты Қазыбектің жиені болса, Жәнібек жиеншар болары бесенеден белгілі. Жәнібектің тікелей нағашысы – сарыүйсін Досымбек батыр болып келеді, құда құдалық жағынан келгенде данышпан Абайдың арғы атасы Ырғызбай Жәнібекке күйеу бала болады. Бұл қарға тамырлы қазақ үшін жоғалмайтын арқау. Өзекті тамыр әкесі Бердәулет те, одан өрбіген ұрпақтар да елеулі болған. Ер Жәнібек 1714 жылы Сыр бойында (кейбір деректерде Ор өзені) туған. Тарихи деректерде де, Абақ керейлердің бір мезгіл Сыр және Ор өзендерінің бойын мекендегені туралы айтылады. Алайда, бұл өңірде қанша уақыт мекендегені туралы нақты дерек жоқ. Бұл туралы А.Апашбайұлы былай деп жырлайды:
Сол күнде бұл орта жүз Сыр бойында,
Жүреді өткен істер кім ойында.
Оғы тасқа тиген соң көңілі қайтып,
Тұрақтап тұра алмаған бұл орнында деген [1].
Ер Жәнібек батырдың батылдығы бала кезде-ақ көріне бастаған «болар бала боғынан» деп қазақ бекер айтпаған болар. Ол он екі жасында атқа мініп талай шайқастарға қатысып батырлығына дақ түсірмеген ер. Ең алғашқы ерлігі, Абылайдың ілтипатына іліккенін – қан майдан үстінде астындағы көк дөненін ханға түсіп берген, аман сақтап қалуы ғана емес, ата жауын жеңген жол тапқаны. Оған риза болған хан оң жағынан орын беруі жай ғана қиыстра салған әңгіме емес. Ханның оң жағынан орын алуы бақытына талай атақтының үміті болғанымен, атақ-абыройы жете бермейтінін ескерер болсақ, Ер Жәнібектің атағының бірден көтеріліп, талайдың ішін күйдіргенін, қызғанышын оятқанын шамалауға болады. Абылайдың оны шын батырым деп табынғаны тағы бар.
Жоңғарлар қазақ жеріне жеті рет басып кіріп, «ақтабан шұбырындыға» ұшыратқан ауыр кезеңде жауынгерлік сапқа тұрған Жәнібек қонтайшы Халдан Серен Ламо-Дорж шабуылдары кезінде талай тамаша ерлік көрсетті. Жәнібек батыр орыстың уысында кеткен жердің орнын, жоңғардан босаған аумақпен қайта толықтыру, өз бабаларының байырғы мекеніне орнығып, қазақ шекарасын кеңейту міндетін алға қойған. 1756-1757 жылдары қазақ-қытай шайқасында да тамаша ерлік көрсетті.
Қыйса Құмар Сіргебайұлы сақтаған нұсқада Жәнібек нағашысынан көк дөненін мініп келген соң шешесі найманның Қаратай еліндегі соқыр Абыздан бата алуын өтінеді, Жәнібек Сарысу бойындағы бір жүз жиырма бес жастағы Абыздың батасын алып, Торғай, Тобыл, Есілді басып, еліне қайтып келе жатқанда кезіккен айдаһар жыланды өлтіріп, жол жөнекей ат шалдырып отырған екі адамға кезігеді, олармен ілесіп бес күн жол жүрген соң бір-біріне таныстық береді, бірі қаракерей Қабанбай, енді бірі қанжығалы Бөгенбай екенін, өздері қалмақтардың ханы Қоралдай елге тыныштық бермегендіктен, хан Абылай жасақ топтап жатқандықтан, өздері де солай бара жатқанын білдірген соң, Жәнібек те батырлармен бірге барады. Міне, осы топтағы бағаналы Барлыбай, шұбар тулы Жаулыбай, найман батыр Барақ, Сүйіндіктен Олжабай, уақтан Бармақ батыр, керейден Шақабай мен ер Жабай, қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай, Шыңғыр батыр, Малайсары, өжет туған Өтеген, шапырашты Наурызбай, Жәнібек болып жорыққа аттанады. Жекпе-жекке шыққан батырлар осы шайқаста қазақтар арт-артынан үш батырдан айырылады, бұған ашуланған он жеті жастағы Жәнібек қалмақ батырымен жекпе-жекке шығып, оны өлтіріп «Ақжол батыр» атағын алады деген [2]. Абылай бастаған қазақ қосыны 1765-1770 жылдары Қырғыз ұлысына бірнеше дүркін шабуыл жасапты, сол кезде Жәнібек қырғыздың Садыр батырын жекпе-жекте өлтіреді. Аталған жылдар ішінде Жәнібек Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазарту соғыстарына, Қарақол, Нарын, Үржар, Қатынсу, Алакөл, Барлық, Баспан-Базар, Шорға, маңырақ шайқасында атойлап алға шығып ат салысты.
Уақыт жағынан қарағанда 1730-1770 жылдар ішіндегі Жәнібектің жасы 16-56 аралығында болып, осы дәуірдегі қазақ батырларында қанжығалы Бөгенбай, қаракерей Қабанбай, шапырашты Наурызбай, Қаз дауысты Қазыбек, Абылай хан сияқты батырлармен жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста сапта да, сапарда да қанды көйлекті бірге киіп, елге жоқшы болып отырған.
Қазақтың азаматтық тарихын өзінің ойлы өлеңі, мәнді жырымен жазып, адуынды ханын айтқанына көндірген Бұқар жыраудың:
Қара керей Қабанбай
Қанжығалы Бөгенбай
Керейде батыр Жәнібек
Қаз дауысты Қазыбек
Ормандай көп орта жүз
Одан шыққан төрт терек – деген [3] жолдарында да Бөгенбайдың сенімді серігі, қазақ поэзиясына өлмес жырлар тастап кеткен Үмбетай жырауында:
Қашпаған қандай ұрыстан
Керейде Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қу дауысты Қутыбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Абылай сенің тұсыңда
Сол бесеуі болыпты-ай, деген жерлерінен батырлардың үлестерінің көп болып, қазаққа қорған болғанын, Ер Жәнібектің, Уақ Өтеген, Баян және Наурызбай, Орақбай, Малайсары, Есенкелді, Боранбай, Райымбек, Сырымбет, Жанұзақ Кешу, Шынғожа, Сауырық, Көшек, Жауғаш, Өтеген, Қарасай т.б. батырлармен тең тұлғада қаратылатынын айтпасақта бәріміз білеміз.
Сондай ерліктерімен көзге түскен Ер Жәнібек тек білектің күші ғана емес, жүректің басында да үлкен ойы болған. Кейінгі өмірін өзінің туған ата-ана мекеніне қайтам деген ұлы арманы болғанын айта кету керек. Сол заманда керейлердің хандық құрған кезінде моңғолдың атақты биі Есукей өзара қырқыста жараланып, әлі кете бастағанда келешегі бар ұлы Теміршыңды баяғыдан бергі досы Керей ханы Тоғрұлға қамқоршы болып ұлын аман-есен есейтуге өтініш сұрайды. Ол тілекті Тоғрұл орындайды. Теміршың атқа қонған соң өз ағайындарын аузына қаратып, қатыгездікпен өзі моңғол қағандығын құрады да қасындағы найман, керей, татарларға тыныштық бермейді. Наймандар Жетісуға, ал Керейлер Қара Ертісті бойлап, Ом мен Том өңірлеріне жетеді. Жазық далаға үйренгендер орман тоғайды жерсінбей Қызылжар, Қатанай, одан әрі Торғай даласынан Сыр бойына өткен. Ақмырзаның жолы ежелден үдере көшуге үйреніп қалғандары Арал мен Мұғаджар арқылы Ор өзеніне жетеді. Ол жерден де тыныштық таппай 1735-1745 жылдары қалың керей Ор өңірінен Ұлытаудың солтүстігі Арқалық, Едірей тауларын баса Нұра өзеніне, одан Балхаш бойына келген. Содан Ер Жәнібек бастаған Керей көші бастапқы жеріне қарай жол тартты.
Аса шебер дипломат Абылай жоңғардан босаған ежелгі мекенге елді қоныстандыру үшін саудамен басталған «өріс-қоныс алу» саясатын өзінің Қабанбай, Жәнібек сынды сенімді батырлары арқылы іске асыра бастады. Бұл жайында Қытай жазбаларында мынадай деректер кезігеді: «1759 жылы 16 қазанда Әбілпайыз бен Қабанбайдың Жәнібек батыр және Едіге бастаған сауда тоғанағы Үрімжіде 144 атқа сауда жасап қайтты. 1763 жылы 14 қарашадан 2 желтоқсанға дейін Абылайдың Жәнібек бастаған 100 адамдық 7 сауда тоғанағы 234 жылқы, 20 сиыр, 720 қойға сауда жасап қайтты». Бұл да Үрімжі қаласында болған [4].
Ер Жәнібек 78 жасында Қалба тауының сілеміндегі Орта бұлақта дүние салды. Ал бастап келе жатқан ел жұрты атамекенге бүгінгі Шыңжан, Баян Өлгей өлкесіне жеткен. Бұл көш әшейінгі көше берудің салты емес еді. Тіпті бұл үрдіс Шығыс Түркістанда болған ұлт-азаттық қозғалыс. Оспан батырдың күресі тұсында қалың елге ұран болған Ер Жәнібектің ақ туын көтеріп: «Жәнібек! Жәнібек!» деп ұрандатқандары тегін болмаса керек. Бүгінгі күні Ер Жәнібек батыр бастап көшкен Абақ Керейлердің негізі Моңғол жерінде 150 мың, Қытай жерінде 850 мың, Түркияда 20 мың және Франция 2 мың, Германия 1500, Швеция 500, Австрия 200, Ұлыбритания 600, Голландия 250 ел Еуропа елдерінде тіршілік құрайды. Ер Жәнібектің ұрпақтарының көпшілігі ҚХР-дағы Шинжаң да тұрып жатуы –қазақ өлкесінің бір сілемі екенін мықтап дәлелдейді [5].
Абылайдың 1781 жылы, Жәнібектің 1792 жылы қайтыс болғанын еске алсақ, Жәнібек батыр өле-өлгенше қазақ мүддесі үшін қан кешіп, Абылайдың аманатын орындауменболды. Жеңісті шеруінің нәтижесінде бүгіндері екі миллионға жуық қазақ ұрпағының ежелгі мекеніне бауыр басуына негіз қалады.
Ер Жәнібек тек батырлығымен емес, Қабанбай, Райымбек, Наурызбай, Бөгенбай, т.б. батырлармен қатар қазақ елінің жер бетінде сақталып қалуына зор үлес қосқан, сол кезеңдегі ішкі-сыртқы саясатта халық есесін жібермеуге үлес қосқан қайраткерлігімен де қадірлі болған тұлға.
Қорта айтқанда Жәнібек қана емес, қазақ тарихында аты аталатын ерлеріміздің есімімен халқына қосқан үлесін батырлық рухын ұлықтау бүгінгі «мәңгілік ел» мұратындағы біздің борышымыз екенін және оларды ұрпақтан ұрпаққа жалғап мәңгі қазақ халқының жүрек түбінде сақтау керектігін ұғынуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет