Ибраһим Жетінші қара сөзде не туралы айтылады? Құмарлық Абайдың әжесінің аты қалай?Зере «Жүрегім менің қырық жамау»


Шәкәрім Мекке, Мәдина сапарына баруға Абайдан бата алған жылы не себпті бармай қалды? A. Ағасы Шаһмардан қайтыс болып 287



бет36/72
Дата19.11.2022
өлшемі335,13 Kb.
#51258
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72
Байланысты:
0.Абай, жана общее

286.Шәкәрім Мекке, Мәдина сапарына баруға Абайдан бата алған жылы не себпті бармай қалды?
A. Ағасы Шаһмардан қайтыс болып
287.1904 жылы алдында Мағауия, кейін Абай қайтыс болып, Шәкәрім өмірден түңілгендей болады, тіршілік, тағдыр туралы ұзақ-ұзақ ойларға түседі. Бұл қайғыдан Шәкәрім қалай арылады?
A. Меккеде, Стамбулда, Парижде болу арқылы
288.Шәкәрім әуелі атасы Құнанбайдың, кейіннен ағасы Абайдың қамқорлығында болған. Шәкәрімнің өмірде көрген ең басты үлгісі –кім?
A. Абай
289. «.....Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақындар төртеу. Оның екеуі – Абайдың балалары Ақылбай мен Мағауия. Қалған екеуі – Көкбай мен Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері. Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзетудің жолын айтады. Абай алды бұл шәкірттерге жазушының мектебі сияқты» – деп айтқан кім?
A. Мұхтар Әуезов
290.Шәкәрім өмірінің екінші кезеңі, өз сөзімен айтқанда «зая кеткен» жиырма жыл деп өмірінің қай кезеңдерін айтқан?
A. Болыс болып, ел басқарған кезін
291.Шәкәрім 8 жасында бірінші өлеңін шығарғанда, әкесінің өлімін еске түсіріп мұңайған, содан бала уайымшыл болып кете ме деп қауіптенген туыстары оның өлең жазуын құптамаған. Сонда оны арашалап, баланың талабын қайтармаңдар деп өлең жазуға рұқсат берген кім?
A. Абай
292.Шәкәрім 8 жасында бірінші өлеңін шығарғанда, әкесінің өлімін еске түсіріп мұңайған, содан бала уайымшыл болып кете ме деп қауіптенген туыстары оның өлең жазуын құптамаған. Шәкәрім «Абай болмағанда, менің ақын болуым екіталай еді» деп қай ұзақ өлеңінде (Дастанында) айтады?
A. «Мұтылғанның өмірі»
293.Шәкәрім қай өлеңінен Абайдың Шәкәрімнің өмірінде үлкен орын алатынын, ұлы ұстаз танылатынын, оның Шәкәрімге әсерін, өмірінен алатын орны, бағасы мен мәнін түсінеміз.
A. «Жастарға»
294.Шәкәрім қай өлеңінде «Басқалардың бәрі надан, жүріңдер Абайға барып жалыналық» деп:
«Мынау Абай - бір ғалым жол шығарлық,
Замандасы болмады сөзді ұғарлық.
Амалы жоқ, айналды енді бізге,
Күн туды етегіне жабысарлық!», –дейді?
A. «Жастарға»
295.Мұхтар Әуезовтің қай романында екеуі екі анадан туған Құдайберді мен Абай арасындағы жылы қарым-қатынас суреттелген. Онда Құдайбердінің ауырып, төсек тартып жатқан кезі, оның көңілін сұрап Абайдың келуі, ағалық-інілік көңіл-күй көріністері, қадірлес-қимас ағасының шиеттей балаларына Абай қамқор болатыны бейнеленген?
A. «Абай жолы»
296.Мұхтар Әуезовтің қай романында: «Қарашоқыдағы қыстауға келген соң, Абай ең әуелі әкесіне бармай, Күнкенің үйіне кірді. Мұнда Абайдың ең жақын көретін туысқаны Құдайберді көптен бері науқас болатын. Алдымен соған амандасып, жайын білмек» – деп жазылған?
A. «Абай жолы»
297.Мұхтар Әуезовтің қай романында «Құдайберді өлерде Абай оған: «Балаларыңды әке орнына бағу қарызым болар, жетімдік көрсетпеспін» деп ант еткендей болатын. Айтқанындай, Абай содан бері Құдайберді балаларын өзімен туысқан Оспаннан да, өз балаларынан да қатты еркелететін» деп жазды?
A. «Абай жолы»
298.Шәкәрім жеті жасқа жеткенде әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салған. Содан кейін Шәкәрім неше жасқа дейін ұлы атасы Құнанбайдың қарауында, бақылауында болған?
A. 18 жасқа дейін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет