280.Шәкәрім өз өмірінің біраз жайын өзінің қай шығармасында айтқан?
A. «Мұтылғанның өмірі»
281.Шәкәрім бес жасында өз бетінше сауат таныған, есейген соң көне түрік, араб, парсы тілдерін өзінің анасынан бірте-бірте үйреніп алған. Кейінірек орысша білетін бір адамнан орыс тілін де меңгереді. Ол кім?
A. Нұрпейіс
282.Шәкәрімнің ұлы Ахаттың айтуынша, Абай Шәкәрімнің жасынан домбыраға құмарлығын байқап, күздің басында, керей руынан шыққан атақты домбырашыны шақыртып алып, Шәкәрімге күй үйретуді тапсырады. Бір жылға тақау уақыт ішінде Шәкәрім одан көптеген күй үйренеді. Шәкәрімге күй үйреткен атақты домбырашы кім еді?
A. Біткенбай
283.Шәкәрім Абайдың саясында, қамқорлығында болып, ұстаздығынан үлгі алудың арқасында өлең жолына түсіп, алғашқы өлеңдерінен бастап, Абайды ауызға алады. Ол «Жастарға» деген өлеңінде:
Кел жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік.
Бір білімді данышпан жан табалық,
Ал енді олай болса, кімді алалық,
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық?
Шын іздесек - табармыз шыны ғалым,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық, – деп жазады. Бұл кезде Шәкәрім неше жаста болатын?
A.19 жаста
284.Абай билігі жүріп тұрғанда, жер өлшеуге елге келген землемерге жер өлшессін деп, жанына орысшаны шала үйренген Шәкәрімді қосып қояды. Үш ай қазақ тілінен бір сөз білмейтін землемермен бірге жүріп, Шәкәрім орыс тілінде таза сөйлеп, жақсы жаза алатын болып алады. Землемерден геометрияны, аспан ілімін үйренеді, тастардан металл шығатынын, жер бетіндегі барлық нәрсе заңдылықтарға бағынатынын түсінеді. Одан өлшеу құралдарымен жұмыс істеуді үйренеді. Землемер кетерде Шәкәрімге сыйға не тартады?
A. Дүрбі
285.Шәкәрімнің ел ісіне араласуы жайында Мұхтар Мағауин қай кітаптың алғы сөзінде «1917-1925 жылдар аралығында Шәкәрім аз уақыт дүниәуи өмірге қайта оралғандай болады, ел ішіндегі игі өзгерістерді құттықтайды, газет-журналдар бетінде замана ағымына үн қосқан өлеңдер бастырады. Алайда қарт ақын көп ұзамай қайтадан ел тірлігінен аулақтайды» – деп жазады?
A. «Шәкәрім. Өлеңдер мен поэмалар»