417.Мұхтар Әуезовтің «Жуандық» әңгімесі алғаш рет кімнің атынан жарияланды?
A.«Айғақ» деген құпия атпен
418. Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің қай мақаласында төрт ақын – Ахмет Байтұрсынов, Сәбит Дөнентаев, Шәкәрім, Бекет Өтетілеуовтің «өлеңдері сырты төгілген сұлу, тілі кестелі анық, халықтың ұғымына, оқуына жеңіл, тәнті», сондықтан да «бұлар халықтық (народник) ақындар» деп айтылған?
A. «Абайдан соңғы ақындар»
419. Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің қай мақаласында «Шәкәрім, көбінесе, өлеңі халыққа ұғымды болуын көздейді. Және өлең арқылы халықтың ақылын да тәрбие қылып жетілдіргісі келеді. Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абайға өлеңінің сыртымен болмаса да, ішкі мағынасымен еліктеген кісі– Шәкәрім. Мінді, кемшілікті айтқанда жерлеп, кекеп, шенеп, оңдырмайтын Шәкәрім өлеңінде шанышпа ащылық бар» деген?
A. «Абайдан соңғы ақындар»
420. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Осы еңбегімді бастыр қарағым, қаламақысын өзің ал, сол менің саған берген көмегім болсын» деп, өзінің көлемді де сұлу қай дастанын Мұхтардың қолына табыстаған?
деседі. Дастан 1922 жылдың соңғы айларынан бастап Ташкентте шығатын «Шолпан» журналында басыла бастайды.
A. «Ләйлі– Мәжнүнді»
421. Қай жылы көрнекті жазушы, философ, драматург Асқар Сүлейменов
даңқты дарын иесі Мұхтар Әуезовті «Толстойдың деңгейіндегі суреткер» деп баға берген?
A. 1977 жылы
422. Мұхтар Әуезов 1949 жылдың мамыр айында Тула қаласы жанындағы Ясная Полянадағы кімнің мұражайында болды?
A. Лев Толстойдың
423. М.Әуезов: «Оның жолы барлық Россиядағы ұсақ елдерден шыққан ақын-жазушылардың халін, тағдырын танытады. Ақынның өмір кезендері мен еңбектерінен соны айқын аңдауға болады», –деп кімді сипаттаған?
A. Коста Хетогуров
424. «Абай» романын француз тіліне аудартып, редакциясын басқарған
A. Луи Арагон
425. Австрияның қандай журналы «Абай» романын қазақ халқының тарихына байланысты кең алып бағалайды?
A. «Вег унд циль» 426.Көрнекті жазушы, философ, драматург Асқар Сүлейменов даңқты дарын иесі Мұхтар Әуезовті «Толстойдың деңгейіңдегі суреткер» деп қай мақалсында баға берген?
A. «Болмыс пен бетпе-бет»
427. 1977 жылы көрнекті жазушы, философ, драматург Асқар Сүлейменов
даңқты дарын иесі Мұхтар Әуезовті «Толстойдың деңгейіңдегі суреткер» деп баға беріпті.Осындай ой 2014 жылдың тамыз айынын11-15 аралығында Ясная Полянада «Лев Толстой и мировая литература» атты ІХ-шы Халықаралық ғылыми конференцияда қандай тақырыпта жасалған баяндамада да атап көрсетілген?
A. «М.Әуезов прозасындағы Л.Н.Толстой дәстүрі»
428. Мұхтар атасына Толстойдың «Қажымұрат», өзге де шығармалары тура-
лы тамсана тамылжытып әңгімелейтіні жөнінде кімнің еңбегінде айтылған?
A. Евгения Лизунованың
429. Мұхтар атасына Толстойдың «Қажымұрат», өзге де шығармалары тура-
лы тамсана тамылжытып әңгімелейтіні жөнінде Евгения Лизунованың қай
еңбегінде айтылған?
A. «Аңыз адам»
430. Л.Н. Толстойдың Шәкәріммен хат жазысқан тарихын, Толстойдың өскен ортасына, музей-үйіне, кітапханасына, усадьбасына, исламдық рәсіммен жерленген бейітіне (басына белгі қойылмай, тек жылына екі рет жаңартылып отыратын) барып, тағзым еткен М.Әуезовтің 1949 жылдың 28-29 мамырында Ясная Полянаға барған сапары жайлы құнды әдеби-мұрағаттық құжаттар
негізінде ғылыми сараптама жасалған «Алыппен алып сырласты» және «Мұхтар Әуезов танымындағы дін және ұлттық бітім» деген мақалалардың авторы
A. Талатбек Әкім
431. Белгілі әуезовтанушы ғалым Талатбек Әкімнің Л.Н. Толстойдың Шәкәріммен хат жазысқан тарихын, Толстойдың өскен ортасына, музей-үйіне, кітапха-
насына, усадьбасына, исламдық рәсіммен жерленген бейітіне (басына
белгі қойылмай, тек жылына екі рет жаңартылып отыратын) барып,
тағзым еткен М.Әуезовтің 1949 жылдың 28-29 мамырында Ясная
Полянаға барған сапары жайлы құнды әдеби-мұрағаттық құжаттар
негізінде ғылыми сараптама жасалған мақалалары қалай аталады?
A.«Алыппен алып сырласты» және «Мұхтар Әуезов танымындағы дін және
ұлттық бітім»
432. М.Әуезов орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі кімді былай деп еске алады: «Мен Василий Ивановичке өте-мөте қарыздармын. Ол менің бойыма орыс әдебиетіне деген зор сүйіспеншілік дарытты, батыс классикасымен таныстырды», – деп?
A. В.И.Поповты
М.Әуезов тағлымының келесі бір өзегі – қазақ әдебиетінің Шығыстық арнасын кеңейтуі, байытуы. Ол бір ғана Индия елін біліп тануымызға қыруар еңбек етті. Жазушы Индия туралы тамаша очерктер жазды, сол елдің атақты жазушысы Рабиндронт Тагордың творчествосын талдауға арнап қандай мақала жазды?
A. «Тагордың кемеңгерлігі»
434. «Мен М.Әуезовтің шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман «Абай» менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығарманың маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, ондай шығарманы табу қиын» деп баға берген
A. Луи Арагон
435. «Абай» романын француз тіліне аудартып, редакциясын басқарған Луи Арагон қай еңбегінде: «Мен М.Әуезовтің шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман «Абай» менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығарманың маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, ондай шығарманы табу қиын» деп баға берген
A. «Совет әдебиеті»
436. «Юманите» газетінің бетінде Луи Арагон пікірін қуаттай келіп: «М.Әуезовтің романын алар болсақ, мұнда ең алдымен поэзияның легін сезінесің, қиыр кеңістіктің кереметін сезінесің» деген пікірдің авторы
A. Андрей Стиль
437. Француздың белгілі сыншысы кім өзінің үлкен мақаласының қорытындысында: «Әуезовтің үніндей үнмен, Әуезов жырлаған ұлылықпен, керемет махаббатпен жырланған бақытты халықтың шіркін не арманы бар екен», – деп түйіндейді?
A. Бержарон
438. Шетел оқушылары мен сыншыларының пікірлерін көрсететін түйінді ой Лейпциг қаласында шығатын «Дер библиотекарь» журналында жарияланды. Осы журналға қай неміс сыншысы: «М.Әуезовтің «Абай жолында» өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі, сол кездің әдет-ғұрып тұрмысы, сол күйінде, әр қырынан, өз сатысымен тамаша бейнеленеді. Бұл кітаптың аты немісше «Таң алдында» деп аталады. Бұл ат болашақ зор даңқы шығатын жаңа ақынның дүниеге келуімен бітпейді. Ол сонымен бірге ғасырлар бойы артта қалған бүтін бір халықтың енді-енді қалыптасып келе жатқанын, оның тарихында тұңғыш рет еркін болашаққа қадам басқанын көрсетеді», –деп жазды?
A. Герберт Кремпиен
439. Қай жердің «Вег унд циль» журналы «Абай» романын қазақ халқының тарихына байланысты кең алып бағалап, «Біздің көз алдымызда Абай ақынның өмір тарихы тар кемерінен тасып шыққан жеңімпаз, өрен өзен сықылды, сол кездегі көшпелі қазақ халқының тарихына астасып кеткен. Әуезов үлкен суреткерге тән нәзіктілікпен, толып жатқан әсем детальдармен, үш ұрпақты көрсететін туған халқының келелі кезеңін көзімізге елестетеді», –деп жазды?
A. Австрияның
440. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы және басқа әңгіме, повестері көптеген шетел тілдеріне аударылды (орыс, ағылшын, неміс, поляк, румын, грек, венгер, болгар, чех, т.б.). Бүкіл әлемдік екі жүз томдық «Дүние жүзі әдебиетінің кітапханасы» сияқты ғажайып серияда «Абай жолы» эпопеясы нешінші том болып басылуы қазақ жұртшылығының мәртебесін биікке көтерді?
A.132,133
441.«… халқының асқақ мұраттары жолында бойындағы бар жақсысын: күллі ғұмырын, дарын қуатын, терең танымын, білімі мен білігін аямай жұмсап, рухани ұстаз атану хақына ие болған арыстарымызды, қазақ мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асыл тұлғаларын бүкіл халық болып қастерлеу, мерекелеу сияқты жақсы салтымыздың жалғасы. Абай, Шоқан, Құрманғазы, Жамбыл, Шәкәрім қандай жарқын есімдер, даналық жарқылы, дарын жасыны іспетті! Тіпті осы ғажайып шоғырдың ішінде айрықша жарқырап Мұхтар жұлдызы нұр шашып тұр», – деген пікірдің авторы A.Н.Назарбаев_442.'>Н.Назарбаев 442.«Әңгіме, әлбетте, санда емес, М.Әуезов туындыларының асылдығында, мінсіз сапасында. Ол «Абай жолы» эпопеясының өзге бір жол жазбаған күннің өзінде осы туындысының өзі-ақ оның келер ұрпақ көкірегінен мәңгілік орын алуы үшін жетіп жатыр еді.....» – деген пікірдің авторы A.Н.Назарбаев 443. «Өткенімізге мұқият зер сала қарауға ұмсындыратын, тындырған ісіңді ұлы бабаларымыз ісінің таразысына таратуға ұмтылдыратын,өз затыңды туа бітті табиғатыңды пайымдатпай қоймайтын Әуезовті қазақ әдебиетінің классигі демегенде не дейсіз, «Абай жолы» біздің әдеби шығармашылығымыздың шыңға біткен шынары демегенде не дейсіз» – деген пікірдің авторы A.Н.Назарбаев 444. «Игорь полкі турасындағы сөз» барлық Русь атанған славяндарға ортақ ескерткіш еді, ұлан-ғайыр тарих бойында украина халқы әдебиеті мен беларус халқы әдебиеттері ұдайы туысқандық қалыпта айқасып өседі. Украинаның ұлы философ ағартушысы Григорий Сковорда (ХҮІІІ ғас. өмір сүрген) украина әдебиеті мен орыс әдебиетіне де әсер етеді», – деп тұжырымдар жасаған
A. Мұхтар Әуезов
445. Әлем әдебиетінің өзара байланысы туралы, әсіресе сол кезде көп ұлтты совет әдебетінің даму заңдылықтарын көп зерттеп, әдебиет туралы құнды ойларын ортаға сала отырып қай ғалым былай деп жазды: «Әдебиетіміздің ішінара байланыс қарым-қатынастарын олардың бір-біріне жақындаса араласуымен қатар зерттеу дұрыс. Бұны әдебиет тарихы ғылымының және зор мұраты деп санау керек»?
A. М.Әуезов