Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет34/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
4-жаттығу.  Қыстырма сөздерді мағыналық түрлеріне қарай жіктеңіздер. 

 

Рас,  мұндай  қатерлі  науқас  адамның  бойына  ғана  емес,  ақыл-ойына  да 



запыран  зəрін  құйып,  аяусыз  улап  тастайды  екен.  Əрине,  адамның  қашанда 

басы  аман,  бауыры  бүтін  боп,  ауырмай-сырқамай  айдарынан  жел  есіп 

жүргеніне  не  жетсін.  Бірақ  ғұмырында,  сірə,  мұрттай  ұшып  ауырып 

көрмеген,  өзін  науқас  қаттырақ  қысып,  жаны  жарға  таянбаған  адам  көп 

нəрсені  терең  түсіне  де,  сезіне  де  алмайтын  шығар.    Жұрттың  айтуынша, 

профессор  əдетте  кеселі  тым  асқынып  кеткен,  операциядан  тірі  шығуы 

дүдəмал    науқастармен  ғана  сыпайылық  сақтап,  жылы  шыраймен, 

«жақсылап»  сөйлеседі  екен.  Демек,  мен  ертеңгі  операцияның  өзінен  емес, 

профессордың мені əлденеге қиғысы келмегендей-ақ іштей мүсіркеп тұрған, 

мейірімге  толы  көздерінен  үрейленіп  кетсем  керек.  Мүмкін,  кімнің  қорқақ, 

кімнің батыр екенін тек төбеден төнген өлім қаупі ғана анықтайтын шығар. 

Дəлірек айтсақ, адамдар бақытсыз боп қалам ба деп үрейленеді екен.  Бірақ, 

өкінішке  орай,  науқасым  мен  ойлағандай  жеңіл-желпі  болып  шықпады. 

Біздер де оның өтінішін екі еткен емеспіз, сірə. Əрине, мен қазір бүкіл жан-

дүниесі,  ой-сезімі,  ақыл-парасаты,  о  бастан-ақ  күн  шұғыласынан  жаралған, 

өздері  де  жан-жағына  мейірім-шарапатын  шашып  жүретін,  жаны  нұрлы 

адамдар  хақында  айтып  отырмын.  Меніңше,  жайшылықта,  қауіп-қатер  жоқ 

кезде шешіле қоймайтын жалғыз ғана өмір жұмбағы бар. Тегінде, сол дұрыс 

болар.  

 

5-Жаттығу.  Тиісті тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

Меніңше  темірдей  төзімділік  пен  болаттай  беріктіктің  тамыры  біз 



ойлағаннан  гөрі  əлдеқайда  тереңде  жатыр.  Ұзақ  түнге  кірпік  қақпай  аузына 

сыймай  ісіп  кеткен  əлсіз  тілмен  кітап  беттерін  жалап  ашпай  тұрып  мені 

түсіну қиын болар  сірə. Мен өзім сау-саламат жүргенде  сірə  бүйтіп қуанып 

көрген  емеспін.  Мүмкін  əбден  өмірдің  зəрін  тартып  барып    қол  жеткен 

қуаныш  жайшылық  кездегіден  гөрі  артықтау  боп  көрінетін  шығар.  Шындап 

келгенде  менің сенен бір ғана артықшылығым бар-ау деймін. Жалпы  арғы 

ата-бабаларымыз кеңпейілді  жомарттық қасиеттерді жақсы көрген сияқты. 



 

34 


 

-  Қалқам    көп  кешікпей  кел    мен  шайыңды  жасап  даяр  етіп 

отырамын.(Ə.Н.)  

Мəселен    өз  мінің  мен  қателігіңді  мойындаудан  қорықпау    өзгеге 

қаталдық емес(одан оңай не бар), өзіңе қаталдық көрсете білу  өзіңді жазалай 

білу қысқасы  ең алдымен өзіңді өзің жеңе білу – мұның бəрі ерлікке жатпай 

ма?  (Т.Ə.)  Жалпы  алғанда    көрмеген  аз  жылда  ауыл  өміріне  бірталай 

жаңалықтар  кірген.(С.М.)  Бəлки    бұл  ауылдың  тоғыз  хаттағыдай  қимыжық 

сырларын ол жалғыз білетін шығар.(Б.Қ) Үлкендердің айтуына қарағанда əр 

өркешінен төрт пұттан астам май түскенге ұқсайды.(Ө.Қ.)  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет