Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы


 Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір



Pdf көрінісі
бет35/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
3. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір 

 

Оңашаланған айқындауыш –  өзі-

нің  алдында  тұрған  мүшені  мезгіл, 

мекен,  заттық  мағына  жағынан  дə-

лелдеп,  айқындап  тұратын  сөздер. 

Сол  себепті  олар  қай  мүшені 

айқындаса, сол мүшемен тұлғалас ке-

летіндіктен,  сондай  сұраққа  жауап 

береді.  Үтір  айқындауыштың  екі 

жағынан қойылады. 



 

Біздің 

ауылдың 

əу 

баста 

ұжымшар боп қалай құрылғанын біз, 

кейінгі  жас  ұрпақ,  тек  үлкендер 

айтқан  əңгімелерден  ғана  білеміз 

(С.Мұратбеков). 

 

 

      1-жаттығу.  Үтірдің қойылу себебін анықтаңыздар. 



 

Біздер,  ауыл  балалары,  назардан  тыс  қалып,  қараңғыда  топырласып,  əр 

үйдің  арасын  жол  етіп  жүрміз.  Біздер,  большевиктер,  əркімнің  көңілі  шат, 

өмірі  дарқан,  қуанышты  болуын  қалаймыз.Сіз,  Ақа,  жігітті  үйге  салып 

отырсыз.(Б.М)  Ал  біздерді,  науқастарды,  əрине,  ол  бұйрықты  мүлтіксіз 

орындауға  тиісті  солдат  санайды.  Біздер,  ойын  балалары,  көктем  келсе-ақ 

Сұрымсайдан  шықпай  қоятынбыз.  Менің  ендігі  арманым  –  сендер,  жастар, 

еліміздің егемендігін қалай да сақтап қалу қажеттігін бүкіл жан-тəндеріңмен, 

алпыс  екі  тамырларыңмен  терең  сезінсеңдер  екен.    Сендерсіз,  жауынгер 

жолдастарсыз,  мен  өмір  сүре  алмайтын,  қазір  бір  найза  тасқа  соғылып, 

мылжа-мылжам  шығатын  сияқтандым.  Сен  құрдасыңа,  майданшы  досыңа, 

ризасың ба, жоқ па оны өзің білесің...  

      Дəл  осы  кезде  тыста,  үй  сыртында,  дабырлап  жүрген  ұсақ  балалар        

сықылығы естіліп еді. Барлыбай жазығында жайлаудың жарық айлы, желсіз 

тынық  түнінде,  Абай  мен  Əйгерімнің  үлкен  үйінде,  аса  нəзік  шеберлікпен 

сызылып созылған скрипка күйі кетті. 

 

2-жаттығу.  Тыныс белгісін қойып, мəтінді көшіріп жазыңыздар. 

 

Бірақ ағасының  өзімді айтам ол кезде оны аңғарарлық жайы мүлде жоқ 



болатын. Ішінде іліп аларлық ештеңесі жоқ сол хаттардың бəрін, сеніңше, біз  

Омаров  екеуміз    басымызды  қатырып  оқып  отыруымыз  керек  пе,  аһ?  Сен  




 

35 


 

Меңтай    Ерболды  иектеп  алып,  аузынан  қаға  беретінің  не  осы?  Біз  Меңтай 

екеуміз  асыл ағаның сізді мақтай айтқан бұл сөзіне төбеміз көкке жеткендей 

боп  қуанып  қаламыз.  Біз    ата-ана  жан  жүрегімізді  жарып  шыққан  жас 

қауымның жақсы болуын тілейміз.  Біз əскери адамдар көлденең көзге əдемі 

көрінетін  парадқа  емес,  Отан  үшін  өліспей  беріспейтін  қатал  күреске 

əзірленеміз.  23  февраль  күні  күндіз  түс  кезінде  қалың  ағаш  ішіндегі  алаңға 

əрбір батальоннан топ-топ жауынгерлер келе бастады. (Ə.Н.)  

 

3-жаттығу.  «Əсіресе»  сөзінің  қызметін  анықтаңыздар.  (шылау  ма,  оңашаланған 

айқындауыш па?). Тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

-Сорлы  кəрінің  көңіліне  о  да  болса  демеу  ғой!..  –  деп  үйдегі  үлкендер 



əсіресе  жеңгелер,  Абайдан  шын  бірдемені  дəметкендей.      Абайдың  бала 

күнінен  сезетін  бір  жайы:  мұндай  кісілермен    əсіресе    дəл  осы  төрт-бес 

кісімен  бас  қосу  ел  ішінде  басталатын  бір  үлкен  істің,  оқшау  істің  белгісі 

болатын. Құнанбайдың бұл күндерде астыртын құлақ салып қатты баққаны  

Жігітек  іші    əсіресе    Байдалы.  –Ой,  шырағым-ай,  сен  болмасаң,  əсіресе 

мынадай  қарлы  күн,  қараңғы  түнде  ішіміз  пысып,  жарылып  кететін  екенбіз 

ғой.  Əсіресе  байдың  шалық  мінез,  есуастау  кемпірі  Анаргүл  шайпау 

еді.(Б.М.)  Ал  біз    əсіресе  мен  қаншама  жылап-еңіресем  де,  өрмектің 

қылышын бермек түгіл, шешемнен ақысына май құйрықтан бір-екі шапалақ 

жеп  тындым.  Кейде  əсіресе  ертеңгілік  табанымыздан  өткен  сыз  шекемізден 

бір-ақ  шығады.    Балаларын  əсіресе  қыздарын    қызылды-жасылды  киіндіріп, 

өздері  де  бар  тəуір  нəрсесін  иығына  іліп,  үйірімен  үш  тоғыз  боп,  туған-

туысқандарына  қонаққа  бара  жатқандары  қандай  келісті.(Ө.Қ.)  Кейбіреулер 

əсіресе Ағаны жаңа көрген жасаң адамдар, көздері тоймай, оның соңына ере 



  ұмтыла,  ұмсына  түсіп  барып  амалсыз  іркіледі.(З.Қ.)    Аңшылар  əсіресе  

Шоқан  қараңғылыққа  тұншығуға  айналған  шақта,  шығыстан  таң  сібірлей 

бастады. (С.М.)  

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет