37
Бақылау сұрақтары:
1. Ықтималдықтар теориясында оқиға дегеніміз не?
2. Сынақ дегеніміз не?
3. Қандай оқиғаны айқын оқиға деп атаймыз?
4. Қандай оқиғаны кездейсоқ оқиға деп атаймыз? Мысалдар келтіріңіз.
5. Қандай оқиғалар сәйкес емес оқиғалар деп аталады?
§15. Канондық ансамбль. Гиббс таралуы
1. Жылдамдықтық және энергиялық микрокүйлер. Біз негізінен
бөлшектердің жылдамдық бойынша микрокүйлерін талдауды қажет етпейтін
микроканондық ансамблдерді қарастырдық. Себебі, тепе-теңдік күйде
бөлшектердің жылдамдық бойынша микрокүйлер саны бірдей болды және
толық энергияның тұрақты болу шартын қанағаттандыратын микрокүйлер
саны максимал болды. Микрканондық ансамблдердің қасиеттерін анықтауға
эргодикалық гипотеза мен теңықтималдылық принциптері негіз болды.
Енді бөлшектердің микрокүйлерінің жылдамдықтар бойынша таралуын
қарастырамыз. Қандай да бір бөлшекті таңдап оның жылдамдығын әртүрлі
уақыт мезеттерінде ансамблдегі бір жүйеде, сондай-ақ ансамблдің әртүрлі
жүйелерінде
бір
уақыт
мезетінде
қарастырамыз.
Бөлшектердің
жылдамдықтарын білу олардың кинетикалық энергиясы туралы толық
мағлұмат береді. Бөлшектің жылдамдығы мен кинетикалық энергиясы басқа
бөлшектермен соқтығысқанда өзгереді. Сонымен бөлшек ансамблдің әртүрлі
жүйелерінде жылдамдық және энергиясы бойынша әртүрлі күйлерде болады.
Егер жүйелердің біріндегі бөлшекті бақылайтын болсақ, онда уақыт өтуіне
байланысты оның жылдамдық пен энергия бойынша күйі өзгеріп отырады.
Жылдамдық пен энергия бойынша микрокүйлерді анықтау негізгі мәселе
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: