Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет49/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69
 
 


77 
4.Термодинамиканың екінші бастамасы 
 
1. Термодинамиканың бірінші бастамасы өтіп жатқан термодинамикалық 
процестің бағыты туралы ешқандай мағлұмат бермейді. Термодинамиканың 
бірінші бастамасы оқшауланған жүйенің энергиясы тұрақты болып қалуын 
талап етеді. Егер адиабаталық оқшауланған жүйе екі денеден тұратын болса, 
онда 
олардың 
арасындағы 
жылу 
алмасу 
шартын 
қанағаттандырады. Мұндағы
бірінші дененің екіншісінен алған жылу 
мөлшері, ал
екінші дененің біріншіге берген жылу мөлшері. Жылу қай 
бағытта өтетіндігін термодинамиканың бірінші бастамасы түсіндірмейді. 
Термодинамиканың екінші бастамасы процестің бағытын айқын 
көрсетеді. Екінші бастама температураның сандық мөлшерін анықтауға және 
рационалды температура шкаласын жасауға мүмкіндік береді. 
2. Термодинамиканың екінші бастамасының негізін салған француз 
инженері және физигі Сади Карно. Өзінің 1824 жылы жарық көрген «Оттың 
қозғалтушы күші және сол күшті тудыратын машиналар туралы» деген 
еңбегінде Карно жылуды жұмысқа айналдыру шарттарын зерттеген. Бірақ ол 
кезде Карно жылутегі көзқарасында болғандықтан термодинамиканың нақты 
тұжырымдамасын бере алмады. 1850-51 жылдары бір-бірінен тәуелсіз неміс 
ғалымы Рудольф Клаузиус пен шотланд физигі Вильям Томсон (лорд 
Кельвин) термодинамиканың екінші бастамасын тұжырымдады. 
3. Қыздырғыш пен суытқыш. Жылулық (ішкі) энергиясының қоры бар 
денелер жылу резервуары деп аталатыны белгілі. Егер қарастырылатын 
жүйенің күйін жанастыру арқылы өзгертуге берілген екі жылу 
резервуаларының бірінің температурасы
, ал екіншісі
болса және 
қатынасы орындалса, онда бірінші резервуарды қыздырғыш, ал екінші 
резервуарды суытқыш ретінде қолдануға болады.
Бақылау сұрақтары: 
1. Термодинамиканың бірінші бастамасы өтіп жатқан термодинамикалық процестің 
бағытын анықтайды ма? 
2. Жылу резервуары деп нені айтамыз? 
3. Қыздырғыш пен суытқыш қалай таңдалады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет