Идеал газдардың кинетикалық теориясы


§33. Қайтымды және қайтымсыз процестер



Pdf көрінісі
бет50/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69
 
§33. Қайтымды және қайтымсыз процестер 
1. Жалпы және дәл қайтымды процестер. Қандай да бір процестің 
нәтижесінде жүйе А күйінен В күйіне өтсе және жүйені қандай да бір жолмен 
қайтадан А күйіне басқа денелерде ешқандай өзгерістер болмайтындай 
қайтаруға мүмкін болса, онда мұндай процесті қайтымды процесс деп 
атаймыз. Егер жүйені бастапқы күйіне қайтару мүмкін болмаса, онда ондай 
процесс қайтымсыз процесс деп аталады. Қайтымсыз процестің мысалы 
ретінде, жылудың көбірек қызыдырылған денеден азырақ қыздырылған 
денеге өтуін қарастыруға болады. Мұндай процестің қайтымсыз екендігі 
Клаузиус постулатынан шығады. 


78 
Егер жүйені соңғы В күйден бастапқы А күйге А→В тура процесіндегі 
күйлер тізбегінен дәл кері бағытта өтуін талап етпесек және жүйе кез келген 
әдіспен бастапқы күйге оралатын болса, онда мұндай процесті жалпы 
қайтымды процесс деп атаймыз. Егер жүйе бастапқы А күйіне В→А кері 
процесімен тура процестегі күйлер тізбегімен кері бағытта оралатын болса
онда А→В процесі дәл қайтымды процесс болып табылады. 
2. Қайтымды процесс – квазистатикалық. Дәл қайтымды процестің 
квазистатикалық процесс болатындығы айқын. Себебі, квазистатикалық емес 
процесс қандай да бір жылдамдықпен өтеді. Егер процесс жылдамдығы 
нөлден артық болса, онда жылдамдық жүйенің күйін сипаттайтын 
параметрлердің біріне айналады. Бұл кезде тура және кері процестердің 
жылдамдықтары әртүрлі болғандықтан кері бағыттағы күйлер тізбегі тура 
бағыттағы тізбектен өзгеше болады. Күйлер тізбегі арасындағы айырма тек 
қана процесс квазистатикалық болғанда жойылады. 
Керісінше, егер жүйенің ішкі параметрлері тепе-теңдік күйде сыртқы 
шарттармен бірмәнді анықталатын болса, онда кез келген квазистатикалық 
процесс дәл қайтымды процесс болып табылады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Қайтымды және қайтымсыз процестерді түсіндіріңіз және мысалдар келтіріңіз. 
2. Жалпы және дәл қайтымды процестерді түсіндіріңіз. 
3. Квазистатикалық процесс қайтымды процесс пе әлде қайтымсыз процесс пе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет