80
қыздырылған денеден көбірек қыздырылған денеге берілу процесін Клаузиус
процесі деп атайды. Демек, бұл постулат Клаузиус процесі мүмкін еместігін
көрсетеді. Клаузиус постулаты жылуды азырақ қыздырылған денеден көбірек
қызыдырылған денеге беру тіптен мүмкін емес демейді. Бұл процесс тек
басқа денелерде ешқандай өзгерістер болмағанда ғана орындалмайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті қалай анықталады?
2. Екінші текті перпетуум мобиленің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
3. Термодинамиканың 2-ші бастамасының Вильям Томсон (лорд Кельвин) берген
анықтамасын айтыңыз.
4. М.Планк берген термодинамиканың 2-ші бастамасының анықтамасын айтыңыз.
5. Термодинамиканың 2-ші бастамасының Клаузиус тұжырымдамасын айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: