Идеал газдардың кинетикалық теориясы


§5. Газ қысымы. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі



Pdf көрінісі
бет8/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
 
§5. Газ қысымы. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі 
 


11 
3 - сурет. 







 
 
 
 
Δx 
1. Газ қысымы. Молекулалардың қозғалысын қарастырғанда біз 
олардың газ ішіндегі кез келген дене бетімен, ыдыс қабырғаларымен 
соқтығысуларын және олардың бір-бірімен соқтығысуларын ескеруіміз 
керек. Молекулалар бей-берекет қозғалыс кезінде ыдыс қабырғаларына 
немесе газ ішіндегі дене беттеріне өте жақын келеді. Сондай-ақ, олар бір-
біріне де өте аз арақашықтыққа жақындайды. Бұл жағдайда газ 
молекулалары басқа молекулалармен арасындағы арақашықтық артқан сайын 
тез азаятын әсерлесу күштері пайда болады. Осы күштердің әсерінен газ 
молекулалары өз қозғалыстарының бағытын өзгертеді. Бұл процесс 
соқтығысудеп аталады. 
Молекулалардың өзара соқтығысуы өте маңызды. Қазір біз 
молекулалардың ыдыс қабырғасымен соқтығысуларын қарастырамыз. 
Себебі, осы әсерлесулер ыдыс қабырғаларының газ молекулалары тарапынан 
алатын күшін анықтайды. Әрине бұл күш қабырғалар ауданы неғұрлым көп 
болса, соғұрлым көп болады. Молекулалардың қабырғаға әсерін қабырға 
ауданына тәуелді күшпен емес – қысым арқылы сипаттаған ыңғайлы: 
Газдың ыдыс қабырғаларына қысым түсіруі – газдардың негізгі қасиеттерінің 
бірі. Газдың бар екендігін осы қысымның болуымен анықтауға болады. 
Сондықтан газ қысымы – газды негізгі сипаттаушы шамалардың бірі болып 
табылады. Ыдыс қабырғаларына газдың қысым түсіруі 
– газ 
молекулаларының ыдыс қабырғасымен ретсіз, көптеген соқтығысуларының 
салдары екенін XVIII ғасырда Даниил Бернулли байқаған. Молекулалардың 
қабырғаны соғулары ыдыс қабырғаларының деформациясына әкеледі. 
Сондықтан ыдыс қабырғасы да газға серпімді әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет