98
Демек, жүйенің қандай да бір күйіндегі энтропиясын сол күйдің
ықтималдығымен байланыстыруға болады. Бұл гипотезаны алғаш
Л.Больцман енгізген болатын.
Салыстырмалы үлкен флуктуациялар тек аз бөлшектерден тұратын
жүйелерде орын алады. Егер тұйық жүйедегі бөлшектер саны өте көп болса,
онда жүйе сипаттаушы параметрлері (мысалы, жылдамдықтары) орташа
мәннен аз ауытқитын күйде көбірек болады. Бөлшектер саны көп жүйелерде
салыстырмалы үлкен флуктуациялар кездеспейді дерліктей, барлық
флуктуациялар аз мәндерге ие болады. Тепе-теңдік күйде оң және теріс
флуктуациялар тең ықтималдықты. Егер жасанды түрде тепе-теңсіз күй
жасалса, онда көбірек жағдайда жүйе ықтималдығы жоғарырақ күйге өтеді.
Тұйық жүйедегі өздігінен өтетін процестер кезінде энтропия артатындығы
белгілі. Сондықтан жүйенің әрбір күйіндегі энтропиясымен сол күйдің
ықтималдығы арасында бірмәнді сәйкестік болуы тиіс. Енді біз осы
сәйкестікті анықтайық.
Достарыңызбен бөлісу: