Әбу Райхан әл-Бируни (973-1050) Ол – астраном, математик, географ, тарихшы, акын. 22 жаста ғалым атанған. Парсы, араб,грек, үнді тілдерін меңгерген. 150 еңбек жазған. Еңбектері: «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астраномияның кілті» т.б. Жердің Күнді айналатынын тұңғыш рет айтты. Планеталардың қозғалу заңдылықтарын анықтады. Жер глобусының пішінін жасап, 600 ден астам қаланың координаталарын анықтады.
Махмұд Қашқари (1029-39 ж.ж). аралығында туған. Өлген жылы белгісіз. (XI ғ.) Ыстықкөл маңындағы Барысхан қаласында дүниеге келді. Қашқарда өмір сүрген.Ол — түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, ғалым. Баласағұнда өмір сүрген. Қарахан ақсүйектері ортасынан шыққан. Ол Қашқар, Бұхара, Бағдатта білім алған. Түркі елдерін аралап, заң, арифметика, Құран, хадис бойынша білім алды. Араб, парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді. М.Қашқари — тұңғыш түркі филологы. «Диуани лүғат ат-түрк» сөздігі (Түркі тілдерінің сөздігі) еңбегін 1072-1078 ж.ж.Бағдатта жазып бітірген, бірақ қазір түпнұсқасы жоғалған. 1266 ж. жасалған көшірмесі 1915 ж. Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған. Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. Бұл кітаптың қазак әдебиетіне, тіліне, тарихына, этнографиясына қатысты екендігі дәлелденген.. 6800 түрік сөзіне араб тілінде түсінік берген 3 томнан 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған. Ғалымның бұл кітабы ерте орта ғасырлық түркі халқының энциклопедиясы сияқты.
М. Қашқаридың түркі мәдениеті мен әдебиетіне ықпалын түсіндіріңіз.
«Қайырымды, мейірімді Алланың атымен бастаймын» деп, дәстүр ұстап «Түбі бір түркі тілін» жазған Махмұд Қашқари түркілердің адамзат тарихындағы ықпалды орнына айырықша мән береді. Осы бағалы жәдігердің, ауызша сақталған әдебиет үлгілерінің үздік поэтикалық кеңістігі мен қазақтың сөз өнеріндегі түбегейлі тамырластық даусыз. «Түркілер өздерінің қатарына қосылғандарды барлық игі тілектеріне ортақтастырып залымдардың зорлық-зомбылықтарынан сақтады. Олардың қаһарынан сақтану үшін түркілердің салты мен жолын ұстау сол заманның ақыл иелеріне дәстүр болып қалыптасты. Қасірет-мұңын түсіндіріп, шағыну үшін түркілерге өз тілінде сөйлеуден басқа жақсы жол жоқ. Өзінің ортасындағы жауларынан жерініп, сыйынып келгендерді түркілер әрқашан қамқор қанатының астына алып, төнген қауіп-қатерден құтқарады. Олармен бірге басқалар да пана табады. Сол себепті түрік тілін үйренудің қажеттілігін өмір талабы мен ақыл таразысы әбден дәлелдеді» [1,9-б]. Махмұд Қашқари «мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби-көркем мұра» мәнінде бағалаған, «Түркі сөздерінің жинағы» атаған еңбекте берілген әдеби мұраның рухани-көркемдік кеңістік түзген тарихи ықпалы өлшеусіз мол. Еңбекте «Түркі халықтарының бәйіттері» топтамасымен берілген поэзиялық туындылар үлгілерінің күні бүгінгідей дәлдік, нақтылық, айқын суретшілік дарыған поэтикасы назар аударады.
Көлемі қысқарып жетті ме, жоқ әлде бір шумақпен дүние құбылысын аулау дағдысында туған ба – ол кейінгіге жұмбақ. Алайда сол бір шумақтың өзінің өзгеше серпін қуаты, суреттілігі, әсер өрісі байқалмай қалмайды.
Арланды қоймай қуып, әлсіреттім, Жөніне жіберсін бе аршын екпін.
Жотасын күжірейтіп айбат шекті, Мен оны сойылменен тартып өттім.
Қазақ поэзиясындағы қара өлең өлшем, ұйқасымен ұқсастығы байқалғанымен, шығарма тармақтары бір құбылысты жеткізуге тартылған.
Жанақ ақындағы, Абайдағы, Ақан серідегі, Шәкәрімдегі, кейін кең өріс түзген саятшылық, аңшылық өмірдің серпінін түсіруде дәстүр жалғаған өлең.
Махмұд Қашқари кітабында сөз ұстау шеберлігін ұштауда қайнар бұлақтай тіршілік дарытып отыратын айнала дүние-болмыстың жаратылыс сұлулығын сұқтана жырлау-пейзаждық лирика үлгілері де берілген.
Шөл дала Көктемде жайқалыпты,
Өзгеше таулар басы ой танытты.
Бар жәйі дүниенің байқалыпты.
Өрімдей уыз гүлдер шешек атып.
Өлең үлгісі, құрылымы жаңағы саятшылық өлеңінен басқа. Бәлкім, туған дәуірі де басқа.
Махмұд Қашқари топтамаға «бәйіт» атауын берген. Сол бәйітке келетіндей өлең. Ұйқасы – аааб. Сипаттауы суреттен басымдау.
«Сөздікте» берілген әдеби туындылар ішінде кейінгі поэзия үлгілерінде кездесе бермейтін ұтымды теңеулер бар. Ақ бұлттың желігіп, қайық боп көкте көкте жүзуі – керемет. Қар, мұз еритін көктемгі шақтың ұлы құбылысын судың жаратылыс еркімен – ағу еркіндігімен астастырған поэтикалық иірімдерде дара ақындықтың нышандары мен мұндалап тұр. «Сөздіктегі» Қазақ поэзиясындағы тұрақты желілердің, басты сарындардың, көркемдеу тәсілдерінің арғы замандардан жалғасқан дәстүрлі үлгілері жаугершілік замандар суреті түскен жауынгерлік поэзия, азамат ердің тұлғасы; дүние туралы толғану, тоқтам айту; ел басқару, билік иесіне арнау сөз; ынтық сезім иірімдері; адам құлқы, пенделік пиғыл, т.б. толып жатқан өміршең, озық әсер, мазмұнымен баурайды.
Ұрыс даласындағы жауынгер ахуалы Доспамбет жыраудың «Озушылар, озмаңыз» толғауында айтылғандай ақиқат ауыртпалығымен жеткен үлгілер — жаугершілік замандардың куәсі. Жарасы жайсаң ердің ауыр тартты, Жанын көп қан тоқтамай жабырқатты. Сонан да қайран сабаз тауға тартты, Енді оны қалтарыстан кім таба алар. Аңғарымпаз беймәлім автор ұрпақ өсіру парызы сынды ұлы миссияны шалқар игілікке кенелген екі ауыз сөзбен айтып өтеді.
Жеткіз менің сөзімді білімді адамдарға, Тай ат болса – енесі артына алаңдар ма. Бұлжымас адамгершілік қағидаларға бағынып отырмаған ел басқарушының ақыр түбі қандай қалде қалатындығы ескертілген шығармада да адамның өмір сүру өзегіндегі мығым, мызғымайтын ұстанымдар меңзелген.
Әкім осы асқынған
Өз еліне қас қылған,
Жазықсызды басқа ұрған, Отыр енді бүкшиіп.
«Сөздіктегі» әдебиет нұсқаларында сипаттау мен суреттеудің қызметіне жегілген сөзді кәдеге жарату, ұқсатудағы айшықтау, құбылтудың әдіс-тәсілдері озық.
Адамның қасіретті, қамырыққан бір сәттерін баяндауда өлеңді шығарушы алабөтен тапқыр әсірелеуге жүгінген. Көз жасым бұлақ болып толып ақты, Аққу, қаз жүзуге оған келіп жатты. Көл боп жасым төгілді, Оған құстар шомылды. Көз жасына құс шомылып, аққу, қаз жүзген әсірелеу үлгісін бұрын-соңғыда кездестірдік пе!? «Сөздіктегі» әдебиет үлгілерінің ауызша сақталып жеткендігі, немесе жазбаша түрден алынғандығы туралы бұл туралы арнайы зерттеу жүргізілмегендіктен, қазірде бізде жарытымды мәлімет жоқ.
Қазақтың авторлық ауызша әдебиет үлгілірі үзік-үзік болса да сақталып жеткен XV-XVIII ғасырлардағы дәстүрлі қалып, дәстүрлі тіркес басымдығы Махмұд Қашқари түзген поэзиялық туындыларда ара-тұра ғана байқалады. Жазбаша поэзия үлгілерінен озық кеткен тіркестер молдығы бұл дүниелердің шығу тегі, сақталып жету ерекшеліктері туралы біржақты байламдар жасаудан сақтандырады. Адам мінездері, жауынгер, азамат ердің баласының жан-күй құбылыстарын жеткізудегі тосын поэтикалық тапқырлық, тың сипаттау тәсілі – дара ақындық қолтаңбаның үлгісі.
Жалпы, жаппай баяндау жетегіндегі хабарлама автордың көңілін көншітпеген, келелі кеңес үстіндегі келісті тұлғалардың ширығу, шамырқану кейіптері поэтикалық өреде көрініс тапқан. Батыр шықты әр түсті, Өш алуда айтысты. Сақалдарын тартысты, Кеуделерде кек жанып.
«Сөздіктегі» өлең үлгілеріндегі «Қара атымен қасқайып тауларды» асқан майдангердің танысбейтаныс тұрқы толқытады, тұшындырады.
Кейінгі замандардың әдеби дамуындағы тұрақты поэтикалық бітім түзген батыр тұлғасы – әріден жеткен бір құндылығымыз мәнінде ұдайы кәделі болып қалды, ілгері озып, дәстүр дамытып отырды.
ХІХ ғасырдағы авторлық ауызша әдебиеттің поэтикалық олжасы мол бір саласы сол дәуірдің ендігі ел қамын жеген Едігелері туралы, Исатай, Кенесары, Жанқожа батырлар туралы тарихи өлең, жырлар болды. Бұл туындыларды шығарушылардың дара поэтикалық бағытындағы дәстүрлі негіздердің арғы түпбастау, қайнар-бұлақтары туралы, жаңа нышандар туралы айтса таусылмайтындай сөз әлі де ұшан-теңіз.
«Сөздіктегі»:
Аттың түйіп құйрығын, Тәңірдің күтіп бұйрығын.
Алуға өмір сыйлығын, Із тастап кейін шегіндік, — сынды жедел екпінді ұрыс сәттегі тас түйін, ұшқыр қамданған жауынгер кейпін кейінде Махамбет поэзиясынан дәл осы динамикада, дәл осы шайқас ауданында көргенбіз.
«Сөздіктегі» серпінді суретті үзілген жолдар, батырлық эпостың екпін-әсерінде баяндалған оқиға ауаны қабағы қату жаугершілік замандар сипатында жетеді. Туысын түгел шақырды, Қаруларын асынды. Ашуланып ақырып Өш алмаққа жиналып…
Бастады жау жорықты Сырттай талай торыпты. Бізді көріп қорықты Істеріне өкініп.
Жау жайпаған ерлер қаза жетіп мерт болғанда туған, қадірін асырып, теңеу таппаған жоқтау өлең үлгілерінің эпос түзудегі ықпалды шығармашылық өрісі де арғы дәуірлерден бастау алатындығы айтылады.
Еңіреген ер еді,
Ойы елге төр еді,
Адамның асыл зерегі, Ажал оны әкетті.
…
Өртті талай өшірген,
Басынан көп іс кешірген,
Шешендік сөзге көсілген
Қайран ер ерте көз жұмды. («Сөздіктен»).
Бұл бағыттағы туындылар да астастыра айтудағы, салыстыра кейіптеудегі сөз тапқырлығы, үздік үрдісті таңбалайды. Тоқтады енді от жүрегі қызулы, Демі бітіп, оның үні үзілді.
Аты-дағы бар тізімнен сызылды, Тірлігінің ірге тасы бұзылды
Татар дәмі жер бетінен таусылып.
Өлеңде өлім — тірліктің ірге тасының бұзылуы. Өлім стихиясын образдық кеңістікке шығару дәстүрі қазақ поэзиясындағы тұрақты желілердің бірі болып қалыптасқан.
«Сөздіктегі» заманға көңіл толмау, қауіп айтудың қашанғы, өзекті зар сарынында келіп отыратын толғамдардың дәстүршілдік мәнін де ХІХ ғасырдағы әдеби дамумен сабақтастыра айтқызатын мығым негіздер бар.
Бүтіндей заман өзгерді
Құтыртып жаман сөздерді
Адамдар өтірік сөзге енді Парасатты бек кеткен соң.
Немесе:
Білімдіден ақылдылар қорланды
Естілерді есер заман торға алды … Адамды заман күйі әлсіретті.
«Сөздіктегі» ер қанаты – қазан аттың сынын ашу, қадірін асыру машығындағы алған қанық суреттер, тапқыр теңеу, сипаттау үлгілері назар аударады.
Саят құрған сәттің құмар-әсері ат үстіндегі аңшы қалпынсыз тұтас жетер ме! Қасқырды атым менің тарпып жықты, Серпіні жануардың артып мықты. Дауысым да сонда менің шалқып шықты, Көңілімнің құдіреті артып тіпті. «Туласын асау, долығы шықсын іштегі,
Шыланып терге, ерттеулі тоқым ішпегі» сынды жанды поэтикалық тіркестерде ат құмар көшпелінің асау үйрету дағдысындағы алабөтен еліткен болмысы қылаң берген. Жүрісімен өнерін асырған ат, шабысы бөлек жүйрікке құмар түрік баласы ұғымындағы түзілімдер, жүйрігінің екпіні еліктіреді.
Адам баласымен бірге жасап келе жатқан ғашықтық сезім, көл-көсір ішкі күй жұмбақтары жасырынған өлеңдер XV-XVIII ғасырдан негізінде ауызша сақталып жеткен, ауызша туған поэзияда басым жауынгерлік, жаугершілік сарындарға ығысып жол бергендей. Бұл мәңгі сарын «Сөздіктегі» өлең үзіктерінде өнімді түзілім құрған.
Көңілім сәулемді ойлап тыншымады.
Жанымды ғашық оты шымшылады.
Әсерлі әуезімнен мұң шығады.
Өзіңді сәулетайым есіме алсам. Ізінің тізбегін санаған ессіз, дертті жанның, ынтық ғашығынан басқа дауасы жоқ. Жабығу, жалбарыну, іңкәрлігі соған ғана арналған.
Жасырын құрған тұзаққа, Ілігіп сәулем, ауырдым. Еміңді созсаң ұзаққа Жанымды орар ауыр мұң.
«Сөздікте» алынған ғашықтық сезім өлеңдеріндегі нақты күй немесе шығыс, сопылық поэзия лебі тұрғысында арнаулы зерттеулер жасалуы қажет сияқты. Сымбаты өзі, Сиқырлы көзі. Әдепті сөзі
Алды менің еркімді, — сынды қиыстырулардың Абай өлеңіне аналогияға сұранып тұрғанын байқаймыз.
Жыл мезгілдері көрінісін қамтыған мынадай бір шумақтар және де Абай лирикасын ойға салады.
Жазғы жайлау жасыл-ды, Тұман түсіп ашылды.
Жылқы үйездеп, қасынды. Құлын-тайы кісінеп.
… … …
Қыс, сенде бүрсеңдейді жан-жануар, Жаз менде бар сұлулық мән тағы бар.
Сарқырап сай-саладан ағады су,
Бөлеген ақ моншаққа жағаны бу.
Жамылған жасыл жапырақ бағалы ну.
Қанатын көк жүзінде қағады қу.
Абайға Еуропа әсерінен дарыды деп айтылатын қайсы бір сурет, жанды поэтикалық құбылыстарды «Сөздіктен» табар едік. Ай-дағы құлақтанып қораланды, Ақша бұлт Көк аспанды орап алды.
Малшыды бастағы әсем орамалды.
Толассыз нөсерлетіп жаңбыр құйып.
Тылсым сахара, дала өмірінің «бір қызығы» — саятшылық бағытындағы өлеңдердің ізі суымай Абайға, Абайдың алдындағы Жанаққа, кейінгі Ақанға, Шәкәрімге келіп жеткендігіне не дерсіз!
Құс салып, ит жүгіртіп аң аулайды, Қырларда қызыл түлкі алаулайды.
Немесе:
Жігіттер, жеміс өсер жайқалатын, Көніл де тнйса жұмыс жай табатын.
Адамға аң аулау да ой салатын.
Қайталық серуендеп желпініп бір.
«Сөздікте» кеңістікті ен жайлаған ел тұрмысын көрсететін кәдімгі күнделікті күйбең өмір суреттері түскен, пенде баласының көңіл күйінен бір сәт ашылған өлең жолдары да біршама.
Атымды сұрап алып арықтатты
Жем – шөпке жануарды жарытпапты.
Тәңірдің талқысынан қорықпапты.
Оңбаған ырысымды алыстатты .
Махмұд Қашқари жинағындағы айтыс үлгісі осы бір көне жанрдың назар аударарлықтай өзіндік қисынымен берілген. Мұндағы Жаз бен Қыстың «сөз қағыстыруларында» ұтымды тапқырлық үлгісі қолданысқа түскен.
Бірі бірінен кемшілік тергенде айтыстың жанрлық шарты бой көрсетіп отырады. Сөзге, дәмді сөзге тоқтаудаң түркілерде ежелден келе жатқан жазылмаған заң болғандығы тұрғысында ой салады. Әрқилы мінін тауып Жаз әбден қысып тастаған Қысың да қаражаяу емес. Сөз тапқанға қолқа бар ма!
Жаз, сенде жылан-шаян еркіндейді, Шағуға адам, малды еркім дейді. Сан мыңдаған улы жәндік желпілдейді, Деп қыс та бар шындықты баян етті.
Жаз бен Қыс айтысын баяндаушы автор олардың айтыс үстіндегі қалып, күйін «Аралары кектеніп алыстады» деп дөп басқан. Қаншалықты демократиялық өнер болса да, айтыста қарсы тараптар ауырламай қала алмайтын ащы сөздер жеткілікті, шартына орай ашулануға қақысы жоқ болса да, ауырлап қалатынын жоққа шығармас едік.
Дүниенің өзгешелігі, өзгермейтін адамшылық парыздар — атамзаманнан асыл сөздің арқауы. «Сөздіктегі» түркілер дүниетанымы түзілген бастауы өмірдің құнымен әдіптелген нақыл сөздерде қалған поэзия үлгілері – дүние-жаратылыс жайлы толғамдар – қазақ сөз өнерінің тарихында қай дәуірлердегі де желілі арналардың, өлеңдік түрдің бірі болып сақталған.
Алуан гүл түрге еніп жайқалыпты, Көркімен көңілдерге ой салыпты. Табиғат талай жанға нәр танытты, Әлемде өзгермейтін ешнәрсе жоқ.
Тіршілік даналығы, өмір сабақтары түйінделген қос тармақ тоқтамдар үлгісінде бой тасалаған дәстүрлі негіздер бағытында да үзілді-кесілді, бір жақты дәйектеме жасау қиын.
Іс бастасаң асықпа, толғансаң ой өседі,
Асыға тартқан шақпағың тұтанып, тез өшеді.
<…>
Ақылды адамға артық жалынбайды Үлгілі өсиетті қабылдайды.
«Сөздіктегі» өлең өлшемдері, ұйқас ыңғайы, ырғақтық-интонациялардың әр келкілігі әдеби мұраның ХІ ғасырға дейінгі бай түзілу тарихымен сабақтасқан.
Аааб, ааба, аабв, аааа, ааа, аа ұйқасты жолдарымен келіп отыратын елдік дәстүр, түркілердің кісілік ұстаным — өмір аңсары, тіршілік дағдысы сақталып жеткен өлең өлшемдерінің үлгісі қайдан, қашан, кімнен, қалай қалыптасқандығы тұрғысында қазақ өлеңтану ғылымында айтылатын тоқтамдар әлі де келешектің еншісінде қалып отыр. Махмұд Қашқари «Сөздігіндегі» жұқанасы ғана жеткен өлең үлгілеріндегі серпін, әсер, сурет, даналық дәйегі біздерді әрдайым толқытады, марқайта түседі.
Авторлық ауызша әдебиеттің айқын ерекшеліктері оның өнертұтастығы сипатымен синкреттілік қалпымен де айқындалады.
Рухани, мәдени кеңістіктегі сал-серілер шығармашылығындағы осы дара белгі авторлық ауызша әдебиеттің басқа да жанрларында байқалып отырады. Бар. Әдеби мұраны игеруде ауық-ауық қорғалып, айтылып жүрген айтушы мен тыңдаушы арақатынасындағы жіпсіз байланысты. Көпқырлы шығармашылықтарының дарынның құдірет құлашы кең. Тыңдаушы ұйытатын Сөз болғанда, сол сөзді « түте алмай жүн етпей», өңін ашу – өнер.
Автор мен тыңдаушы ұғымын көркем әдебиеттің белгілі бір тарихи кезеңдердегі көпміндеттілігі, фольклор мен авторлық ауызша әдебиеттің айырым белгілері, жыраулар поэзиясының төлтума ерекшеліктері негізінде айқындаудың өзіндік қисындарын, қазақ әдебиеттану ғылымында қағаберіс қалған автор мен тыңдаушы категориясының эстетикалық, тарихи, әлеуметтік мәні бағытында арнайы диссертациялық еңбек жазылып, қорғалды