Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Ежелгі жыраулардың ел басқару ісіне араласқандығы жөнінде баяндаңыз



бет111/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127
72. Ежелгі жыраулардың ел басқару ісіне араласқандығы жөнінде баяндаңыз.
Жыраулар – қазақтың жоқтаушылары. Жыраулар – халықтың келешегі. Жыраулар – туған халқының өсіп-өркендеуін қалаушылар. Жыраулар – сабақтастық жібін үзбеуші, дәстүр жалғаушылар. Жыраулар – өткен мен келешек арасындағы алтын көпірлер. Жыраулардың жыры – ұлттық құндылық.Жыраулар – қазақ ауыз әдебиетінің ақылгөй даналары. Заманның зарын, мұңын, қуанышын жырға қосып айтуды дәстүрге айналдырған. Әр жыраудың өзіндік стилі, ырғағы, мотиві өзгеше. Жыраулар – хан сарайының белді мүшесі, ханның ақпараттық саясатын жасаушылар.Жыраулар адамның өмір туралы, өмірдегі оның орны туралы ойлануға, рухани жетілуге шақырады, өз өмірін анықтау, мәнді өмірге жету әр адамның өз қолында деп түсіндіреді. Өмірге адам болып келдің бе, адам болып өмір сүр, адамшылық қасиеттерді бойыңа жина, сонда мәнді өмірге жетесің деп бізді үйретеді. Намысыңды қайрап, бойыңа рух беретін жыр жолдары жас ұрпақтың бойына елдік, ерлік сананы оятатындығы анық. Жырауларымыздың рухты жырлары қаншама ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бізге жеттіСолардың ішінде жыраулық институттың орны ерекше. «От ауызды, орақ тілді» жыршы, жыраулар заманның шынайы бейнесін суреттеп, жырға қосқан. Ұлы даланың кең байтақ даласында ізгіліктің дәнін сеуіп, білім, ғылым игеруді, «толық адам» болуын насихаттады.


73. Сыпыра жыраудың өмір сүрген дәуірі, ел ісіне араласуы туралы баяндаңыз.
Сыпыра жырау (XIV ғ.) суырып салма ақын.Руы - Кете. XIV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар жырының талайында аталады. «Өз өмірінде толғау айтып өткен» Сыпыра жайында «Ер Тарғында» «Тоғыз ханды түзеткен кісі еді» делінеді. «Телағыс» жырында ел бірлігінің ұраншысы, ал «Құбағұлда» «Жүз сексенге келген» дана қария ретінде көрінеді.
«Едіге би», «Тоқтамыс туралы аңыз» деген жырлар бар. Осылардың бәрінің о бастағы тудырушысы Сыпыра жырау болғанға ұқсайды. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағымын деген. Дау-дамай, талас туған кезде халық әрқашан әділін айтар Сыпыра жырауды шақырып, оның шешіміне қанағаттанатын болған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мәселен, ол ноғайлықтарға—Сыбыра йырау, башқұрттарға—Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге — Сафардау,қырымдықтарға — Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды. Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі - Сыпыра жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. Бұған жол бермеу үшін Сыпыра жырау Тоқтамысқа Едігеге елші жіберіп, онымен татуласуға, ал сонан соң оны алдап өлтіруге кеңес береді. Сыпыра жыраудың толғауы нақты ақындық сипаттамалар мен бейнелі сөздерге толы. Жырау Едіге жүріп өтуге тиісті жерлерді айшықты суреттеп, тарихи тұлғаларға бейнелі анықтамалар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет