Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Тақсыр, бір білезігім бар еді, Оның өзі тар еді



бет109/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Тақсыр, бір білезігім бар еді,
Оның өзі тар еді.

Албырт өскен ер жігіт,
Оңаша жерде жолығып,
Сол білезігімді кеңітті,



Қатарымнан кемітті, — деп төмен қарайды. Хан: — Ол кім еді, атын айт, — дейді.


Есенбике: — Ол сіздің тобыңызда жүрген əрі батыр, əрі жырау Жиембет, — депті.
Хан Жиембетті шақырып алып: «Бұл не әңгіме? Мына бойжеткеннің айтуы шындық па?» - деп сұрапты.
Сонда Жиембет:
– Иә, тақсыр, хан ием,
Үш ай тоқсан кезінде
Қошқар менен бура мас.
Нақ көктемнің кезінде
Айғыр менен бұқа мас.
Жас болжамы жеткенде
Қыздар менен жігіт мас.
Сол жастықтың жөнімен
Түзетілмес іс қылдым,
Кессеңіз, ханым, міне, бас! - деп, басын хан алдына иіпті. Еріксіз езу тартқан хан жігіт ерлігі мен тапқыр-лығына сүйсініп:
«Айтқандарың бәрі жөн,
Өркенің өссін, екі жас», - деп еке-уінің некесін қиғызып, отау қылып-ты...
Жиембеттің тағы бір әйелін алу тарихы былай болыпты:
Жиембет бір топ жолдастарымен бір жорықтан шаршап, елді сағынып келе жатады. Мезгіл күз, түс қайтқан, бесін уақыты болса керек. Жырау қа-сындағы қосшыларына: «Ел шетіне іліктік, енді кешке қонар бір үй іздейік» - дейді. Сөйтіп келе жатса, алда-рынан айдалада бір ақ отау киіз үй кездесіпті. Ол кезде ат үстінде тұрып, сөйлесуге шақырып, қонуға рұқсат сұ-рау дәстүрі болса керек. Сол салтпен Жиембет ат үстінде отырып сөйлесіп көрсе, үйден орта жастағы бір әйел, сол шамадағы ер адам шығып, қону-ға рұқсат етпепті. Жиембет жырау-дың өзі де сол кезде жігіт ағасы кезін-дегі жаста екен. Әлгі отау бір кердерінің үйі екен дейді. Үйінде бой жетіп отырған қызы бар екен, тосын келген жолаушылардан сол қызын қызғанып, қорықса керек.
Жиембет: «Рұқсат болмаса, зорлап түсуге болмас» - деп, атының басын бұра бергенде, осы жайдың бәрін киіз үй есігінің саңылауынан көріп отырған айдай сұлу бойжеткен сыртқа шыға келіп, былай депті:
– Есігім алды – қараған,
Тау бойында марал жараған,
Әбден байқап қараңыз,
Жиембет жырау болмасын,
Қараңғыда жол таппай,
Ел бағытын сұраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет