Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Қыдан Тайшыдан жеткен жырдың 1456 жылғы оқиғаға қатысын мәлімдеңіз



бет115/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

75. Қыдан Тайшыдан жеткен жырдың 1456 жылғы оқиғаға қатысын мәлімдеңіз.
Қодан Тайшы (1370 - 1460 ж.ө.) - ақын, жырау. Әскери ақ-сүйек нәсілінен шыққан. Арғын руының көсемі. Қодан тайшы кезінде қазақтардың Әбілхайыр ұлысынан бөлініп, жеке дербес ел болуын жоспарлаған Керей, Жәнібек сұлтандарды қолдайды. Шу, Сарысу бойында қазақ хандығы құрылғанда Асан қайғы, Қазтуғанмен бірге ел-жұртты бірлікке шақырған, жаңалықты уағыздаған насихатшы болған. Қодан тайшының баласы Дайыр-қожа бидің қазасына (1456) байланысты толғаған "Қара қыпшақ Қобыландыданың бар еді, кұлыным..." деген жоқтау жыры ғана сақталған. Кезінде сөзі өткір, терең мағыналы жырлар шығарған, өз тұсындағы және өзінен соңғы дәуірдегі әдебиетке үлкен әсер еткен жырау болған. 19-ғасырда жасаған Жанақ ақын Қодан Тайшы талантын қастерлеп, оны өзіне ұстаз тұтқан.
Қыдан тайшы. Жыраудан қалған «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?» шығармасында сипатталатын оқиғалар. Ақжол би (Дайырқожа) мен қобыландының өзара жауласуы. Қазақ қауымының 1456 жылы басынан өткен жағдайын сипаттайтын Қыдан тайшы туындысының «Жылау, жылау, жылау күй» деп басталатын халық жырымен мазмұндастығы. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, жоғарыда аталған туындыларға байланысты пікірлер.
Өз заманының ой-санасына әсер еткен, биікте, асқарда тұрған жандар жайындағы шын, жартылай лақапқа құрылған әңгімелер өз кейіпкерінің тірі кезінде-ақ бой көрсете бастайды. Мұндай әңгімелер уақыт өткен сайын түрленіп, бара бара аңызға айналып кетпек. Тиянағы – тарихи адам неғұрлым соқталы тұлға болса, аңыздар да соғұрлым көп әрі мазмұнды болуға тиіс.



  1. Шәлгездің өмір сүрген ортасына шығармашылық тұлға, ақылгөй азамат, қол бастаған батыр ретінде жастай танылуы жөнінде баяндаңыз.

Жыраулардың ішінде Шалкиіз Тіленшіұлы /1465- 1560/ жыраудың орны ерекше. Терең ақыл иесі Шалкиіз ойларының өміршеңдігі, өзектілігі жоғары болған. Жыраудың әкесі, сахара феодалдарының бірі болса, шешесі Кіші жүздің ұйтқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы еді. Ол үш айлығында анасынан айрылып, нағашыларының қолында тәрбиеленді. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай Ордасындағы Мұса бидің маңайында өтті. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді.
Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның «Асқар, асқар, асқар тау…», «Қоғалы көлдер…», «Арғымақ ару аттар…», «Ор, ор қоян, ор қоян…», т.б. шығармаларында орта ғасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан. Ал «Алаштан байтақ озбасы…», «Жапырағы жасыл жаутерек», «Ер шобан», т.б. жырлары ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы. Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары ? «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» толғаулары.
Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Оның шығармалары 19 ғасырдан бері қарай қағаз бетіне түсе бастады. Қазан төңкерісінен кейін 1875 жылы орыс және қазақ тілдерінде «Императорлық орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімінің жазбалары» жинағында жарияланды. Кейін аталған жинақта, «Астараханский вестник» газетінде, Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясында» және басқа да жинақтарда, ал кеңес дәуірінде «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «15-18 ғасырлар қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында жарық көрді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 9 том
Қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келген. Жыраудың әкесі, сірә, сахара ақсүйектерінің бірі болса керек, ал шешесі кейін Кіші жүздің ұйытқысы болған, орыс деректерінде Сыртқы Орда (Заяицкая Орда) аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы екен. Болашақ жырау үш айлығында анасынан айрылады да, нағашы әжесінің қолына беріледі. Сөйтіп, Дәшті-Қыпшақ жерін жайлаған түркі руларының бірінен екіншісіне көшкен бір ғасырға жуық сапары жөргектен басталады. Мұсылманша жақсы білім, сахара салтымен тамаша тәрбие алған ол қай атырапта өсіп, ержетті — бұл жағы белгісіз. Тек айдынды аламан ғана емес, арқалы жырау ретінде де даңқы шыққан Шалкиізді 1490 жылы Ноғайлы әміршісі Темір бидің төңірегінен көреміз. Шығармаларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскери жорықтар сапында,бірде әміршісінің нөкері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шығады. Алайда тәкаппар жырау Темірмен үнемі жарастық таба бермеген. Темір өлгеннен соң жырау (тәрізі, осы уақытқа дейін өзімен қырбай болып жүрген) Мұса ұрпақтарымен қайта табысады. Өз заманындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сыртқары қалмаған Шалкиіз Ноғайлыда XVI ғасырдың 40-жылдары басталған Жүсіп пен Исмайылдың әйгілі тартысы кезінде Жүсіпті жақтайды. Алайда дұшпандары тарапынан қуғынға, достары тарапынан күндеуге ұшыраған жырау көп ұзамай нағашыларымен біржола араздасып, Қазақ Ордасына қайта өтеді.
Ғизмет иәм би Темір», «Бәйтерек», «Арық хан», «Қатынасы биік көлдерден», «Боз үстінде от жаққан», «Мен иемнің күнінде» өлеңдері мен кейбір жыр жолдары қазақ, ноғай арасынан жиналған жырау мұрасының қай-қайсысында да кездеседі. Ал Шәлгез мұрасының ең маңызды әрі көлемдісі саналатын «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді хажы сапарынан тоқтатуға айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» толғауларының қазақ арасынан жиналып, алды бұдан бір ғасыр бұрын (1875) жарық көрген.
Шәлгездің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл күйін толғайтын бірділі-екілі толғауының өзінде де өмір заңдылығын, заман үлгісін қатар суреттей отырады. Жырау – «от басы. Ошақ қасының» қарапайым пендешілік халіне айналмай, өзіне дейінгі Һәм өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді.
Шәлгез шығармалары ой, мазмұны жағынан қисынды, жүйелі келеді. Мысалы, өлең жолдары бірінде аздау, кейбіреуінде көбірек он бір тирададан тұратын «Би Темірге айтқаны» толғауын алайық. Кеше ғана Темір би сарайында шалқып жүрген өзі би, өзі батыр атақты жырауды бүгін тағдыр түзге тентіретсе, жыр дүлдүлінің бақ, мансабын көре алмаған орда маңындағы «күйбеңдескен көп жаман» жанындай санап, бек сенген Темір биді бұған қарсы қойса, жырау не демек, өз көңіл күйін қалай жеткізбек? Жырау Темір биге деген өкпе-ызасын, оның маңындағы жандайшаптарға деген кекті Һәм сілтілі сөздерін бірден лақ еткізбей, алыстан орғыта, өз халін табиғат құбылыстарына ұқсата, жұптастыра, салыстыра толғайды. Шәлгез нөсер алдындағы түнерген аспанды, көкшілден соққы жеген құс еркесі қудың қайғылы халін тектен-тек айтып отырған жоқ.
Белгілі ғалым әрі жазушы Мұхтар Мағауин: «Шалкиіз – новатор еді»,–дейді. «Ол қазақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін салды. Бұл тұрғыдан алғанда, Шалкиіздің қазақтың барлық жырауының атасы деуге болады» - дейді. Өзінің философиялық поэзиясында Шалкиіз ерлік, батырлық рухын жоғары бағалайды. Қазақ ақын-жыраулары тек қана шығармашылықпен ғана емес, өз заманындағы саяси-әлеуметтік мәселелермен де айналысқан.
Ел басқарған хандармен бір деңгейде сөйлесіп, көбінесе өздерінің ақыл-кеңестерін үнемі айтып отырған. Кейбір, хандарымыз хан сарайында елге абыройлы ақын, жырауларды қызметке алып, отбасын асырап отырған. Өмір пәлсапасымен шұғылданып өмірдің өзекті сұрақтарын алдын ала біліп, оның шешілуіне жағдай жасаған. Жыр, толғаулары негізінен, көшпенділер болмысы, ата-қоныс, адам, қоғам, сол кездегі әлеуметтік жағдайларға, батырлық, көркемдік, адамшылық, өмір мәселелеріне байланысты болып келді. Осы тұрғыдан алғанда Шалкиіз шығармашылығында бір қалыпқа түскен философиялық жүйе жоқ. Мұның себебі Шалкиіз шығармаларының бізге дейінгі ұрпаққа толық жетпеуі себепті деп ойлаймыз. Дегенмен қолда бар толғаулардың өзі адам, қоғам, өмір, табиғат жайында терең түсініктер береді. «Дүниеде тұрақты, мәңгілік ештеңеде жоқ»,−дейді жырау. Шалкиіз жырау: «Көп түкірсе−көл»,−деп елді ұйымдастыққа, бірлікке шақырады. Оның пікірінше, көптің, елдің қолынан бәрі келеді. Ол жауға айбар, елге қорған,−дейді. Сондықтанда Шалкиіз жырау, «жалғыздың жағы жоғалса табылмас, рулының оғы қалса табылар», «Жағаға дұшпан қолы тимеске, артында туысқанның көбі игі», «Белуардан сөз кешсең тобығыңнан келтірмейтін сол қамалаған калың туғанның арқасы»,− деп ағайынның, туғанның көп болғанын қалайды. Шалкиіз жыраудың мұралары бізге әлі толық жетпеген мен, оның рухани мұрасы өте бай. Шалкиіз −қазақ рухани дүниесіндегі ең алып тұлғалардың бірі. Оның сөз өнері, дүниеге деген көзқарасы төл ойлау мәдениетіміздің қалыптасуына тигізген ықпалы өте үлкен.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет