Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет36/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Көкшетау ” поэмасы . Халық ертеден - ақ өзінің арман бесігі болған , ерлік салт пен дәстүрге бай , табиғи сыры мол әсем жерлерді жырға қосып , мадақтаған. Яғни, бұл поэмада С.Сейфуллин өткен дәулерден белгілі табиғатты, жерді мадақтау дәстүрін жалғастырған.
Мұнда жер мадақтау жалаң күйінде емес , халық тарихының жарқын бір көріністерімен байланыстырылады. Кейде сүйіскен жастардың сыры да , арманына жете алмаған жас тілектер де осыған орай айтылады. Мұндай өлеңдер кезінде халық өлеңдеріне сіңісіп , ауыздан - ауызға тараған . Қазақ даласында ақын жырларына көп ілінген осындай жерлердің бірі Көкшетау . Ел арасында Көкшетауға байланысты неше түрлі халық аңыздары , ертегі сипатты әңгімелер мол. Сәкен поэмасы , негізінен, осындай халық аңыздарының желісіне құрылған.
Сәкен Көкше аңыздарының ішіне «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы әңгімелерді бөліп алады. Бұл аңыз әңгімелер Көкшетаудағы бірнеше жерлердің жоғарыдағы аттарға ие болуы жайын шертеді. «Жеке батыр» тауының аты қарауылда тұрған батырдың қалғып кетуімен байланысты туса, «Бурабай» сол көлді мекен еткен ақ бас бура тарихымен байланыстырылады. Ақынның ескі аңыз-әңгімелерге сын көзімен қарап, оған халықтық тұрғыдан баға бере білгенін осы тұста анық байқауға болады. Сәкен жырлауындағы ел аңызында Бурабай көлін мекендеген ақбас бура — ардақты ел күзетшісі, соның жақсылық, жаманшылығына ортақ жануар болып суреттеледі. Мұның өзі тіршілігі төрт түлік малмен байланысты болған халықтың сол малды аруақты деп табынуы кезіндегі ұғымның әсері болуы ықтимал. Ақ бура ел өміріне қатысы бар елеулі жайларды алдын ала сезетін болған деседі. Оны елге білдіруге тырысып, бақсыдай азынап тауды кезген.
Ақын ескі аңыз - әңгімелерге сын көзімен қарап , оған халықтық тұрғыдан баға береді . « Оқжетпес ” , “ Жұмбақ тас ” аңыздары – Сәкен поэмасының негізгі тараулары. Ақын сол дәуірдің шындығын , ондағы адамдар , топтар қарым - қатынастарын , ұнамды ұнамсыз адамдар образдарын да осы тарауларда ашады . Бұл аңыздардың негізі - қазақ пен қалмақтар арасындағы ерте кездегі жауласушылық оқиғаларда болып табылды . Сәкен көрші отырған екі ел — қазақ пен қалмақтың ұзақ жылдар жауласып келуінің негізі хандық құрылыспен , оның басында отырған феодалдардың мүддесімен байланысты деп ұғады. Олар халықтың қараңғылығын пайдаланып , сотқарлық істер жасаған . Момын , бейбіт екі халықты біріне - бірін жау етіп көрсетіп , айдап салған. Сәкен суреттейтін уақиға да осы жауласушылықтың бір көрінісі . Поэмада қазақ ханы Абылай бастаған қолдың қалмақты алу кезіндегі оқиғалары суреттеледі. Осылайша тарихты еске салу дәстүрін пайдаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет