Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Қыз жұмбағын, оның кай құстың ерлігі артық деген сұрағын



бет38/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Қыз жұмбағын, оның кай құстың ерлігі артық деген сұрағын Сәкен поэмасында хан тобыры тағы да шеше алмайды. Қыз шарттары арқылы ақын Абылай маңындағы адамдардың тек даңғойлық даңққа ғана мас боп жүрген ақылсыз, топас жандар екенін толығырақ аша түседі. Олардың ішінен не мергендікпен, не тапқырлык-пен кезге түсер адам табылмайды. Хан өзі де ондай касиеттерден жұрдай. Шың басындағы орамалды атып түсіре алмаған соң хан қызға ендігі шартың қолдан келмес іс болмасын деп ескертеді. Тұтқын кыз шартына хан басымен қол сұғуы да — оның ер емес екендігінің бір айғағы. Ақын оларды жемтікке үймелеген топас жыртқыштар дейді.
Бүл айтылғандар да Сәкеннің бүкіл поэманың рухын хан мен оның қатыгез әдет-салттарын әшкерелеуге құрғандығын көрсетеді.
Ақынның халықтық позициясы тек қыз басындагы мұңға халықтық тұрғыдан ортақтаса білуі ғана емес, оны осы тордан құтқарар халық өкілін де суреттеп көрсете алуымен байланысты. Ең соңында қазақ батыры Адақ қана қыз сынынан өтіп, оның жұмбағын шешеді. Оқжетпес үстіндегі аққу ілген бүркітті атып түсіреді, оның басындағы қыз орамалына оқ тигізеді. Өзінің үлесіне тиген қызды Адақ рұқсат беріп, еліне қайтарады. Бұл арқылы автор зорлық пен қара күшті жеңген әділдікті, ақылдылықты паш етеді.
Қыз жұмбағын шешер алдында Адақтың ханға шарт қоюы да оның тартысты бейбіт жолмен шешуге жасаған талабы еді.
Жұмбақты сонда ғана шешіп көрем,
Қыз сезін шайпау болса, кешер болсаң,—
дейді ол ханға.
Поэманың осы тұсында көңіл аударарлық бір эпизод бар. Абылай Адақ шартына «кешірем» деп уәде берген шақта айдын көлде еркін жүзіп, сайрандаған екі аққуға бүркіт түсіп, бір балапанын алып кетеді. Ол тура Оқ-жетпес шыңына қарай шарықтайды. Көл басындағы у-шуға бүкіл Абылай қолы назар аударады. Хан мен оның қанішер нөкерлерін осы уақиғаның куәсі ете отырып, мұны ақын әлсізге әлдінің жасаған зорлығының бір көрінісі есебінде бейнелейді. Ол балапанын жоқтап сыңқылдаған жұбай аққу үнінен баласын іздеген туған әке-шешенің зарын естиді. Осы көрініс кейбіреулерді жабырқатып, санасына аяныш сезімін кіргізеді.
Әлсізді әлді жеген күші басым,
Жылатқан әлсіз болса қарындасын.
Тұтқын қыз осыны ойлап құз басында
Аққуға қарап тұрып төкті жасын.
Жыртқыш бүркітті Оқжетпес басына жете берген шақта Адақ атып түсіреді. Бұл эпизод арқылы автор қалмақ елін шапқанға жауды жеңдік деп құр даурықпалық жасаған, өздерінің айуандық қылығына мән бермеген Абылай мен оның жендеттеріне анадан баланы айыру сезімі қалай болатынын әдейі керсеткен.
Бұрын шың басына оқ жеткізіп көрмеген ханның қолы бұған қайран қалады. Бұдан кейін Адақ орамалды атып түсіреді. Қыз жұмбағын түгел шешеді. Сөйтіп ол өз олжасына тиген қыздың басына азаттық береді. Адақ-тың азаматтық ісіне қыз қатты риза болады.
Ойлап ем сырымды айтып жыламаққа,
Жұмбақтап ханнан ерік сүрамаққа.
Әдейі кұз басына шығып едім,
Бермесе, түңғиыққа құламаққа,—
дейді ол. Бұдан қыздың шарттарының бәрі азаттық алуға жасалған талап екенін көреміз. Ол шарттарды орындап, қызды әйелдікке аламыз деп хан әскерлері даурыққанмен, қыз оларға тию туралы ойламаған да. Ол олжаға түсер болса, құздан суға құлап өлуді ойлаған.
Адақ та Абылай ісіне сын көзімен қарайды. Қыз жұмбағындағы момындарды жеп жүрген бүркіт — хан екенін шеше отырып, ол:
Жазықсыз қалмақпенен жауласамыз,
Аянбай адша кырып ауласамыз.
Қалмақ та ел өзіміздей деген болса —
Теңгермей бойымызға дауласамыз,—
деп мойындайды. Осы үзіндіде ақын халықтар достығын мадақтайтын интернационализм идеясын көтереді.
Ақын Абылайдың қыздың азаттық алуына риза болмай қалғанын, бірақ уәдеден аса алмағанын жазады. Сөйтіп поэманың өзекті оқиғасы — «Оқжетпес», «Жұмбақтас» есімдеріне байланысты әңгіме жауыздықты әділ-діктің жеңуімен тынады.
Сәкен поэмасының композициялық жағы шашыранды, жинақы емес екенін мойындау керек. Ол тұас бір жүйелі сюжетпен дамымайды, бөлек-бөлек уақиғалар тізбегінен тұады. Олар— Көкшетаудағы жер аттарына байланысты аңыздар. «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» туралы жоғарыда айтылған әңгімелер осыны дәлелдейді.
Поэманы оқып отырғанда Сәкеннің негізгі ойы — Көкшенің көркем табиғатын жырлау болғандығын байқау қиын емес. Ол кандай уақиғаны әңгімелесе де Көкшетаудың табиғат байлығымен, көлінің, тауының әсем көріністерімен байланыстырып, соған меңзей отырады. Кейде ол өзінше тауға, шыңға, көлге портрет, мінездеме береді. Жеке батырды ол ұйықтап жатқаи батыр күйінде:
«Көкшетау» поэмасы реалистік стильде жазылған. Оның тілі бай, образды, бояуы көркем екені айтылды. Кезінде әртүрлі сын болғанына қарамастан, поэма ең әділ төреші — өмірдің ең сынынан өтті. Сәкен мұнда өткен дәуірлердің ұнамсыз сыпаттарына, қатыгез хандардың озбырлықтарына әділ үкім айтты. Социалистік заманның мылқау табиғатты да жаңартып жатқанын да көрді. Сондықтан «Кекшетау» біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі болып кірді.
Екі поэма да аңыздық негізде жазылған.Яғни жазушының шығармасында фолькорлық дәстүр, азаттық идеясы, суреттеу мен кейіпкерлер мінездері, күрескер адам бейнесі жан-жақты ашылған. Бұл автордың көркем шығарма жазудағы ізденісінің нәтижесі. Жазушының шығармаларындағы жаңашылдық: Сыршылдық, жаңа тыныс,суреттеу(Көкшенің табиғаты),дүниетанымдық көзқарасы шебер көрсетілеген.Өзіне дейінгі жазушылардың көркемдік ізденісін жаңаша бейнелеу,суреттеу тәсілдерімен шығармаларына арқау ете білген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет