Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет46/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Айранбай — терең психологиялық әңгіме . Мұнда қашан көрсең де , “ көйлексіз , жеңсіз күртеше тонды жалаңаш етіне киіп алып , қабағы бір түрлі тұнжыраңқы , әлденеге кейігендей , әлдекімді түтіп жеп қойғандай болып отыратын ” Айранбай етікшінің өзімен аталас Кемелбей - шонжарға тәуелділіктен біржола бас тартып , енді “ қазына асырайды ” деп “ коммуниске жазылғаны ” , сөйтіп кедейдің тұрмысы тұрмақ , санасы қалай “ революцияланғаны ” бұрылтпас психологиялық дәлелдермен аса нанымды суреттеледі. Осы секілді шебер жазылған әңгімелердің бірі – «Арыстанбайдың Мұкышы» . Бұл да шап - шағын , бас - аяғы төрт - ақ бет . Сөйте тұра, осының өзі — кішкене әңгімеге үлкен шындық сыйғызып , ол шындықты шыңдап қана қоймай , тастан қашалғандай тип , мезгіл мінезіне суарылған характер арқылы шегелей білудің үлгісі . Басы артық бірде - бір бөгде сөз жоқ . Сондықтан ықшам , жинақы . Бастан - аяқ солай . Әр сөз өз орнында ойнап тұр . Портрет қандай дәл : “ төртбақ , теке көз , шалбар бет қара ” . Ежірейген мықыр Мұқыштың сырт кескіні оқырманның көз алдында дір етіп тұра қалады . Одан әрі Мұқыштың жабыс қақ құлқы мен қимылы суреттеле бере “ қызмет басында ғыларды ” әбден ығыр қылған екі - үш ауыз үйреншікті жел сөзі келтіріледі : “ сені көруге құмармын ” , “ жұмысыңа дайынмын ” , “ белсенді кедеймін ” . Бәрі өтірік ! Шынында , Мұқыш - әкесі Арыстанбай секілді , күні кешеге дейін “ осы ауылды бір шыбықпен айдап келген ” атқамінер , қу , ел жегіш парақор ; бүгінде “ колхоздан шыққан , жеке шаруа ” . Бақ қаны - өсек , ғайбат , іздегені — ПӘле , жанжал , жұрт арасына іріткі салып , біреуді біреуге соқтығыстырып , атыстырып шабыстырып жүрген усойқы , жалақор , бұзық . Мұндай алаяқ әр тұста да , әр ортада да бола беретіні мәлім . Соның Өз кезіндегі бір типтік түрін Бейімбет осылай орасан шебер мүсіндеген .


26. Спандияр Көбеев шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін талдаңыз.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады.
С.Көбеевтің жаңашылдығы, жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ берген соң, жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды.
ӨЗ шығармаларында ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің педагогтік үлгісін басты үлгі етіп алып, халықты оқыту, оқушыға үйрету дәстүрін жалғастырды.
Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен жаңалығы – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген.
Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген, яғни елдегі келеңсіздікті жазу дәстүрін жалғасытырды. Сол арқылы жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен.
Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романының сол кезеңде өмірге келген басқа романдардан ерекшелігі – романның негізгі кейіпкерлер – бірін-бірі сүйген екі жас Қожаш пен Ғайша алға қойған мақсаттарына жетіп, бақытты өмір сүреді. Роман соңында тігулі тұрған отау маңында ойнап жүрген балалар, жайылып жүрген мал, ас қамымен жүрген Ғайша, шөп шауып келе жатқан Қожаш суреттелген. Оқиға жастардың бас бостандығы жолындағы күресінің жеңісімен аяқталған. Бұл сол кездегі әйел теңсіздігі тақырыбы үшін үлкен жаңалық болды.
С.Көбеевтің “Қалың мал” роман бізге қазақ романы құрылымындағы әлеуметтік мазмұн қызметін ашуға көмек береді. Біріншіден, онда С.Көбеев тәрізді қазақтың ағартушылық-демократтық бағыттағы жазушыларының роман тәрізді көлемді прозалық шығарма келу жолы, мақсаты бар. Ол туралы қаламгер былай деп жазады:

“Надандыққа, феодалдыққа ескішіл, өрескел сорақы салтқа қарсы күрес жүргізудің бірден бір жолы халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәдениет сатысына аяқ бастыру деп ұғушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз-тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін феодалдық салтпен күресу үшін тек бір ғана балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне әбден көзім жетті. Бұл күресте санаға күштірек әсер ететін басқа да құралдар керек сияқты көрінеді. Іздене келе, мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралының бірі – көркем әдебиет екен деген ой түйдім.


... Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап “Қалың мал” романын жазуға кірістім. Романды себеп болған негізгі ойдың бірі – роман сияқты қазақ тілінде елдің тұрмыс жағдайынан алынып, көркем шығармалар жазылса, олар халық арасына неғұрлым көп тараса, ескіліктің, феодалдық әдет-ғұрыптың тамырына балта шабылар еді, еңбекші елдің санасы оянып, мәдениетке талпынар еді деген қорытындыдан туды”. Қаламгер алдына қойған салмақты, келелі әлеуметтік осы мақсат шығарманың, мазмұны ғана емес, көркем құрылымына, поэтикасына әсер еткен.

С.Көбеев революциядан бұрын жазылған романына 30-жылдары қайта оралғанда негізгі объектісіне жаңа көзқараспен келген. Сөйтіп, бүгінгі оқырманға жақсы таныс “Қалың мал” романындағы қақтығыс, елге тізесін батырып отырған озбыр бай – Тұрлығұл мен кедей тобы Медеу ауылы арасындағы таптық тартыс пайда болған. Контрасты стильде баяндалатын бұл қақтығыс 1913 жылғы “Қалың мал” романында өте солғын, онда бай-болыстармен, билердің момын елге істеп отырған қиянаттары ағартушылық-демократтық көзқараста ғана айтылады.

Тұрлығұлға Ғайша жайын айтып, Байғазы мен Құрымбайлар келетін уақиғаны еске түсірейік:


“Бұл келген, сол елдің: Байғазы, Құрымбай деген ақсақалдары еді, өздері және де бетіне жан келмейтін билер.


Елден шыққалы бір жетідей болып еді, ауылнай жағына барып келеміз. Сиязден, халық ішінде бір-біріне ауысқан-түйіскен бар, тоқты-тұрымдай жанжалдары бар сондайларды бітіріп, елде мұндай дау көп болар ма, халық бұзылып біткен ғой, Құрекеңнің пышағы май үстінде, қалтасы да толған шығар, деп Байғазы көзін қысып қалжыңдады. Құрымбай қасқырды қойға тимес деп ешкім айтпас деп қарқ-қарқ күлді”.


Олар осы келгенде Ғайшаның ғана емес, Есмұраттың келінінің деп тағдырын саудаға салып, Оны Жиенбайға ақшаға алып бермек болып уәделеседі.


Бұлардың осы қалжыңдары мен сөздеріне қарағанда айтқандары болмай қалмайтын тәрізді. Бірақ ел ішінде олардың жолсыздығына қарсылық көбейіп келеді. 1913 жылғы басылымда осы қарсылық көріністері өте әлсіз, солғын болса, кейінгі басылымда негізгі желіге айналған.


Тұрлығұлдың үйінен Ғайшаны алып қашқаннан кейін оның артынан қуып барған Әбіш пен Байғазы пара беріп, сол елдің болыс билерін көндіргендей болса да, олар “қалың қараның” қарсылығынан жақсанып, Ғайшаны қайтара алмайды.


“Бұл ыңғайды көргесін кіли қара халық Қожаш жағына шығып, Ғайшаны бермеуге айналды, - деп жазады С.Көбеев, - Біздің елдің де, пәленше түгеншелердің де жесірлері кеткен деп, бұл қалыппен бес-алты күн тартысып көріп, істің аяғы зорайып бара жатқансын, есек дәмелі болып жүрген би, болыстар ақылына түсіп оңашада мәслихат етістілер: қой, былтырғы астан жаңа бір аллалап есімізді жиып отырғанда, тағы да кісі өлімі болып, айдаладағы біреудің қатыны үшін он, бес сом аламыз деп басымыз кетер деп тоқтастылар”.


Үзіндіде би-болыстарға автордың көзқарасы айқын. Олардың жаңа заманды, заңды сезуі, халықтан қорқа бастауы аңғарылады.


Ел ішінде олардың жүгенсіздігі мен әділетсіздігіне, жастарды бақытсыздыққа ұшыратушы көне салтқа деген қарсылық пісіп, жетіліп келеді. Ал Қожаштың Тұрлығұлға теңдік бермей кетуі, осы әлеуметтік жағдайдың да жемісі.


Бұған қосымша романдағы кейбір әлеуметтік жағдайды да есепке алу керек. Романның, әсіресе, 1913 жылғы нұсқасында Тұрлығұл елге-зорлық жасап, қаталдық көрсететін ызғарлы байдан гөрі, бәйбішесінің өліміне қатты қайғырған дәрменсіз шал. Сондықтан да Ғайшаға жаны ашып, көмектесуші жастар Әлкен, Бірке, Жүніс, Серғазылар оның әрекетсіздігін біліп, Қожашқа Ғайшаны Көкшетауға алып қаш деп кеңес береді. “Сонау Көкшетауға артынан іздеп кім барар дейсің. Еліңе бір жеткесін заңмен, болмаса қолмен бұл (Ғайша. –З.Б.) елінде қалады. Тұрлығұл болса шал, Итбай болса, мынау”.


“Итбай болса мынау” дегеннің өзінен автордың оған деген ирониясы, юморы байқалады.


Сонымен қатар, Қожаштың ағайындары да Тұрлығұлдан қорқып отырған жоқ. “Жарайды, талабың қайырлы болсын, мұнда аман-есен бір жетсең, Есіл елі біздің Қыр елінен зорлағанда ғана мал алады, болмаса олда жоқ қой”. Қарап отырсақ, Тұрлығұлдан ешкім де қорқып отырған жоқ. Атқамінер, ақсақалдар мен би-болыстардан да үрейленіп отырған кісі көрінбейді. Бұл сол дәуірдегі халық көңілі мен санасындағы өзгерістердің бірін көрсететін факті ғана.


ХХ ғасыр басында қазақ жастарының, әсіресе, қыздарының бостандық үшін күресінің соншалықты күшеюі де ғасырлар бойы тырп еткізбей келген салт-сананың, би-болыс, ауылнай, атқамінерлер тобының билігінің бұрыңғыдай шексіз болмай солқылдауында, олардың қаулап көтеріліп келе жатқан ел наразылығынан үрейленуінде, жоғары-төмен жалтақтауында.


“Қалың мал” романының қай басылымен алсақ та, Тұрлығұл жастарға қарсы тегеурінді қимыл көрсететін басты бейне емес. Кейінгі жөндеулерінде автор қосымша детальдар мен эпизодтар арқылы оны алдыңғы лекке шығармақ болса да, мақсатына жете алмаған.


Кейінгі басылымдарда Тұрлығұлға қосылған мінездемеге қараңыз: “Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай елге зәбірлі, көршілеріне мазақ, қатты адам еді”.


Ендеше осындай мінезді адамның жалшыларының еркін жүруін немен түсіндіруге болады.


Көркем шындықтың өзі бірімен бірі байланысып, үндесіп жатқан бөлек әлем. Сондықтан да ондағы басты кейіпкерлердің кейбір әрекетін өзгерту, мысалы, күшейту арқылы оны жаңартуға болмайтыны белгілі. Ол үшін сол характер сомдалатын басқа да компонеттерге, әсіресе әлеуметтік мазмұнға қажетті түзеулер енгізу керек.


С.Көбеев әлгіндей жаңа мінездеме жасаған Тұрлығұлдың әрекеттерін өзгертпей, сол алғашқы қалпында (1913 ж. романдағы) қалдырған. Роман басындағы шаруасын істейтін жалшылардың мал мен үйге қарауды біржола қойып “қонақ үйге су-су шұлғау, байпақтарын” жайып, байдың аса қадірлі аты, үлкен торыны (1913 ж. Рисак торы) мініп алып қақпан құрып, тышқан аулап, шілделікте жүруі қалай болар екен? Сол тәрізді, романда Тұрлығұл үнемі Әбіштен сұрайды. Ағайындарының оның малына қол сала бастауы қалай? Әлгіндей мінезді, әрекет адамына бұл тән емес.

https://adebiportal.kz/kz/retailing/view/349

С.Көбеев шығармаларындағы негізгі көркемдік дәстүр - Абай негізін салған реалисттік дәстүрді шебер қолдана отырып, мысал,юмор,кейіпкерлерді суреттеу,фольклорлық дәстүрдің негізгі белгі-нышандарын жаңа қырынан көрсетті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет