-Шығыс Түрік халқыныңбір бөлігі Қытайды мойындаса, келесі бөлігі Батыс Түрік қағанатына көшті. Шығыс Түрік қағанаты тәуелсіздігінен айырылып, Таң билігі жарты ғасырға созылды.
БатысТүрік және Шығыс Түрік қағанаттарының қарым-қатынасы
-VІІ ғ. ортасында екі қағанат арасындағы соғыс 16 жылға созылды.
-Шығыс Түрік қағандары Батыс Түрік қағанатының жеке мемлекет ретінде бөлініп кетуіне қарсы болып, әскери жорықтар ұйымдастырды.
-Осыны пайдаланған Таң империясы 659 жылы Жетісуды басып алып, өзінің ықпалындағы қағандарды таққа отырғызатын болған.
ЕКІНШІ ШЫҒЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (682-744 жж)
679 жыл
-Қытай ықпалына түскен түркілер 24 түркі тайпалары бірігіп, орталарынан қаған көтеріп, тәуелсіздік үшін күреске шығып жеңіледі.
682 жыл
-Ашина ҚұтлықҚытайға қарсы жаңа көтерілісті бастады. Қытаймен жүргізген азаттық соғыстың нәтижесінде Моңғолияда мемлекетін құрды.
Аумағы
Батыста-Қазақстанның шығысы;Шығыста- Шығыс Түркістан;
Оңтүстікте-Орталық Азия;Солтүстікте-Оңтүстік Сібір жерлері қарады.
САЯСИ ТАРИХЫ
Құтлық Елтеріс Білге (682-693 жж.)
-Екінші Шығыс Түрік қағанатының негізін қалаушы, алғашқы қағаны. Ашина тайпасынан шыққан.