Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет12/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

Қаған

-Қағанаттың жоғарғы билеушісі, әскердің бас қолбасшысы, жоғарғы сот болып саналды.
- Билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Ашина әулетінен шыққан.

Ұлық

- қаған сайлаған, қағаннан кейінгі билік иесі.

жоғары лауазымды ақсүйектер

-Қаған руынан шыққандар:

  • Ябғу-қаған мұрагері.

  • Шад-тайпа көсемі (таңбасы алтын жебе).

  • Елтебер-ру басы.

Сот істерін атқарушылар

Тархан-қала әкімі.
Бұйрықтар-сот қызметшісі.

Бек

–Ру-тайпа басқарушысы. Жергілікті жердегі қағанның негізгі тірегі.

Тұдындар

-Елден мемлекет қазынасына салық жинаушылар.

Түменбасы

-Әскер басы. Әр түменде 10 мың қол болды.



Қара бұдын

-Қарапайым халық. Алым-салық төлейтін, ауыртпалықты көп көретін осы «қара бұдындар» болды.
-Түрік қағанатында салықтың «қанмен өтейтін» түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан шебінің алдыңғы қатарында жүрген.




- ТатҚұлдар. Түрік қоғамында «Бассыз бөрік болмас, татсыз түрік болмас» деген сөз тіркесі болған.
-«Күлтегін» жазуында«Бек ұлдарының құл болды, Пәк қыздарың күң болды»деген жазужолдарынан түрік қоғамында құлдықтың болғандығын аңғарылады.

-Қағанатта түркілер халықтың аз бөлігін құрады.



ШАРУАШЫЛЫҒЫ,МӘДЕНИЕТІ

Шаруашылығы



-Батыс Түрік қағанатының шаруашылығы жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Отырықшылық пен көшпелілік қатар дамыды.
-VІІ ғ. бас кезінде түріктердің жаппай отырықшылануы басталды.
-636 жылы Тан әулеті «Суйшу» кітабын жаздырды. Оны әзірлеген- Вей Чжен басқарған қытай тарихшыларының тобы. Деректе түріктер туралы былай деп жазылды: «Олар мал шаруашылығымен айналысады. Тұрақты мекен-жайлары жоқ.Киіз үйлерде тұрады. Шаштарын қоя береді. Ет жейді, сүт ішеді. Киімдерін теріден тігеді, жүннен тоқиды».

Мәдениеті



-Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерінде дами бастаған түркі қалалары: Испиджаб, Тараз, Талхир, Алмалық.
-VІ-VІІІ ғасыларда Шу алқабында түркі, соғды, сириялықтар мен парсылар қоныстанған 20-ға жуық ірі қалалар мен қоныстар болды.
- Батыс Түрік қағанатта Ұлы Жібек жолындағы сауда арқылы мемлекеттің экономикалық өмірін өз қолына ұстаған соғдылықтар ерекше жағдайды иеленді. Соғдылықтар ақша соғу ісін жүзеге асырды.
-627-630 жылдары Тон қаған сарайында болған Қытай монахы Сюань Цзянь«Бұл жатжерліктердің жылқылары әдемі. Қаған жасыл жібек шапан киген, басы ашық, жібек мата ғана ораған. Оған сәнді шапан киген, шаштарын бұрым етіп өрген екі жүзден астам тархандар еріп жүрді. Түйелер мен жылқыларға мінгендердің санында есеп жоқ, көзбен шолу мүмкін емес.Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген нөкерлері де қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс» деп таңдана жазады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет