Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


жылы - Батыс Түрік қағанаты



бет31/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

656 жылы

- Батыс Түрік қағанаты.ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне бастады. Қимақтар тайпасының басшысы шад-түтік( билеуші көсем)лауазымын иеленді.

VII ғ. ортасы

-Қимақтар Монғолияның солтүстік-батысынан Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне.көшті.

VIIІғ. соңы

-Қимақ бірлестігіне қыпшақ тайпалары енді.

VIIІ-ІХ ғасырлар

-Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында қимақ тайпалар одағы қалыптасты.Ертістен Жоңғар қақпасы аралығындағы аумаққа берік орнықты.

766-840 жылдары

-Қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанады.
-Қимақтардың батысқа қоныс аударуына- жайылымдар қажеттігі, Енесей қырғыздарымен қақтығыстар, Ұйғыр қағанатының қысымы ықпал етті.

840 жылы

- Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар: эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажлар, имек, қыпшақтайпалары қимақ бірлестігіне енеді. 
-Осы жеті тайпа негізінде Қимақ қағанаты қалыптасады. Қимақ тайпалық одағының басшысы қаған лауазымын иеленеді.



ДЕРЕКТЕР

Әбу Дулаф
араб саяхатшы

-«Рисала» («Жазба») еңбегінде(Х ғ.) : «Үйлерін теріден жасайды. Сарыбұршақ, қой және ешкі етін жейді. Жүзім өсіреді, оның бір жағы- ақ, екінші жағы- қара болып келеді. Магнит таспен жауын шақырады, қар жаудырады. Жазу жазатын ерекше қаламдары бар»- деп жазған.

«Худуд әл-аләм»

-«Худуд әл-аләм» Х ғасырдағы парсы тіліндегі шығарма.
-Қимақтар туралы: «Олардың шығысында қырғыз деп аталатын өзгеше бір халық тұрды, оңтүстігінде Ертіс өзені мен Сырдария бар. Оның батысында қыпшақтардың бірсыпырасы тұрады. Адамдар қысы-жазы киіз үйлерде тұрады, жайылым мен су іздеп көшіп жүреді. Бұлардың байлығы- бұлғын мен қой. Олардың мансабы атадан балаға мұра болып қалады»-деп жазылған.

Қытай деректері

-Яньмо -қимақтардың атауы.

Гардизи (ХІғ.)
парсы тарихшысы

- «Зейн Әл-Ахбар» ( «Баяндау көркі») еңбегінде Қимақтардың шығу тегі туралы, олардың тайпалық одағының қалыптасуы туралы жазған.
-«Қимақ елінің құрамында 7 (жеті) тайпа болған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар».

Әл-Идриси
Араб географы

-«Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі» (ХІІ ғ.) еңбегінда қимақтар туралы мәлімет береді.
-Қағанаттың тарихи картасын сызған. Қимақтардың 16 қаласын атайды.



Әл-Қимақи



-ХІ ғ.басында Қимақ қағанатынаншыққан ғалым.
-Ол өзінің кітабында қалалар, бекіністер, сауда жолдары, егін шаруашылығы, діни наным-сенімдермен әдет-ғұрыптар туралы құнды деректер қалдырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет