-Сырдарияның орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары туралы жазған. Ол «қала тұрғындары ешқайда көшпейді, ешкіммен соғыспайды, олар нағыз жатақтар» деп жазады.
-Оғыздарға жатжерліктердің келу тәртібі туралы: «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық-түлік әкеліп береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше мал жеткізіп береді», – деп жазды. Бұл дерек түркілер жерінен өтетін Ұлы Жібек жолы тармағының сенімді де қауіпсіз болғандығын көрсетеді.
-Қимақтардың шығу тегі туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оларды қыпшақтарға туыстас түркі тілдес халық деп есептейді. Басқалары, қимақтар Даланың қазақстандық бөлігінде түркіленуге ұшыраған моңғол тілді қидандардың батыс тармағы деген болжам жасайды. Қидандардың жылжуы Ұйғыр қағандығының ыдырауынан туындаған.