Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТЕРДІҢ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ МЕН ДІНІ



бет47/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТЕРДІҢ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ МЕН ДІНІ

Көк Тәңірі

-Түркілерде басты дін тәңірге табынушылық (тәңіршілдік)- көк Тәңірге табыну. Тәңірге табынушылардың түсінігі бойынша ғалам жоғарғы, орта және төменгі әлемге бөлінеді. Тәңір- жоғарғы әлемнің әміршісі, адамдардың тағдыры мен дүниеде болып құбылыстардың бәрін басқарады. Орта әлемдегі басты құдірет-қасиетті Жер-Су (Йер-Суб). Төменгі әлемнің әміршісі адамдардың өлімін билеп-төстейтін Еркілік болды. Осы үш құдіретке сиыну Тәңірге табынушылықтың мәнін құрайды.
-Ышбара баға (Ешбар) қағаныҚытай императорына жолдаған хатында: «Көк Тәңірі Түрікті құрғалы 50 жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында кең даланы иеленіп, жеке дара билік етіп келеміз. Мемлекетіміздің ұзындығы 10 мың лиден асады. Әскеріміз бен жылқымыздың саны 10 млн-ға толады. Көшпелілер арасында бізден күшті ел жоқ».
-Қағандар Көктің еркімен билік құрады деп есептелініп, олар Көк тектестер және көкте туғандар» аталынды.
-Дін тарихын зерттеуші француз ғалымы Жан Поль Рудың пікірінше, көне түркілердің арғы ата-бабалары Көк Тәңірге табынған.
-Қытай тарихшылары Тәңірге табынудың пайда болуын б.з.б. ІІІ ғасырға жатқызады.
-Неміс ғалымы Г.Дерфердің пікірінше: «Тәңіршілдік- адамзаттың бір құдайға табынушылық діндердің бірі. Бсақа әлемдік діндерге әсерін тигізіп, оларды жетілдірді». Қыпшақ тайпалары Тәңірге табыну дәстүрін ұзақ уақыт сақтап келді.

«Ұмай ана»

-Отбасы мен бала-шағаның қорғаушысы, ұрпақ жалғастырушы және береке-молшылықтың иесісаналды.
-Ежелгі түріктер табынған құдіретті үш күштің бірі болды. Тоныкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар»,-деп жазылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет