Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет46/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

-«Қорқыт ата» кітабы оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Бүкіл Орта Азиядағы түркітілдес халықтарға, Әзербайжан, Осман түріктері арасында кеңінен тараған.
-«Қорқыт ата» кітабын1815 жылы тұңғыш зерттеген неміс ғалымы Н.Диц.
-12 жырдан тұрады. Жырдың мазмұны оғыздардың құрамына енген тайпалардың ертегі-аңыздарынан құрастырылған.
- « Қорқыт ата» дастанының12 тараудан тұратын нұсқасы Дрезден қаласында, 6 тараудан тұратын нұсқасы Ватиканда сақтаулы.
-1999 жылы «Қорқыт ата» дастанының 1300 жылдығы ЮНЕСКО аясында атап өтілді.

«Оғызнама» дастаны

-Түркі халықтарының ежелгі шежіресін аңыздар негізінде баяндайтын эпостық шығарма. Сақтар, ғұндар дәуірінде, орта ғасырларда орын алған тарихи оқиғалар баяндалған.
-Оғызнаманыңекі нұсқасы бар. Біріншісі көне ұйғыр қарпінен ХІІІ-ХІVғасырларда көшірілген. Шығарма Париждің ұлттық кітапханасында сақтаулы. Бұл нұсқаны орыс тіліне алғаш рет В.В.Радлов аударған. Екіншісі- Хиуа ханы Әбілғазының араб қарпімен жазған нұсқасы.

АЛҒАШҚЫ ТҮРІК ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР

Йоллығ-тегін

-Йоллығ-тегін- түркі тілдес әдебиеттер тарихында өз атымен аталған алғашқы автор. Әйгілі «Күлтегін» және «Білге қаған» ескерткіштерінің мәтіндерін жазған.Жырау жазған ескерткіштерде түркі тайпалары жөнінде қыруар мәлімет берілген.

Тоныкөк



-Тоныкөк төменгі түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қытай жерінде туып, сол жерде оқып, әскери білім алған адам. Қытай оқу нұсқаушыларының жазғандарына қарағанда Тоныкөкті келешектегі Қытай елінің қауіпті адамдарының бірі деп санаған.Жырау Елтерiс, Бiлге қағандардың ақылгөй дем берушiсi болған. Талай жорықтарға бiрге қатынасып, жауды талқандаған қолбасшы батыр атанған. Жазған еңбегiне қарағанда, ол – Бұқар сияқты әйгiлi жыраулардың бiрi. Өзi өмiр сүрген кездегi әлсiреп бара жатқан түркi мемлекетiнiң жағдайын ойлап, оның жандануына көп еңбек сiңiрген. Мәселен: «Түнде ұйықтамадым, Күндiз отырмадым, Қызыл қанымды ағыздым, Қара терiмдi төктiм», – деген шумақтан оның елi үшiн қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша күрескенiн көремiз. Жырау өзiнiң шығармасында «Жұқаны таптау оңай, Жiңiшкенi үзу оңай» деп елдi бiрлiкке шақырады. Егер ел бiрiгетiн болса, оны таптау оңай емес екендiгiн жырлайды. Жырау шығармашылығы қазақ жыраулықөнерiнiң бастауы деп айтуға толық негiз бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет