Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет27/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

VIII ғ. ІІ жартысында

-Оғыздардың Жетісудан Сырдария бойына ығысуына Қарлұқ қанатының құрылуыықпал еткен.
-Сырдария бойында жергілікті кангар – печенегтердің қарсылығына тап болды.Оғыздармен болған ұзақ жылдарға созылған күрес нәтижесінде кангар-печенегтер жеңіліп, батысқа қарай жылжуға мәжбүр болған.

ІХ ғ.басында 

-Оғыздар қимақтармен бірлесіп кангар–печенегтерді талқандап Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңын жаулап алды.

Тайпалар атауы

-Оғыздардағы тайпалық және рулық бөлімшелер атауы:«бой», «оба», «көк».
-Оғыздар ұрықтар мен аймақтарға бөлінген. Ұрық атауымен рулық атақты тұқымдар, әулеттер аталған.
- Ел–оғыздардағы тайпалық одақтар атауы.
- Тілі жағынан түркілене бастаған, арғы тегі финн-угорлар, үнді-еуропалық тайпалар құрамына енген.

«Оғыз» сөзінің шығуы

Әр түрліпікірлер бар:

  1. «уыз» сөзінен шықты;

  2. «садақтың оғы»;

  3. «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болған.

-Оғыздардың тотемі- қой.

ДЕРЕКТЕР

«Оғызнама»
дастаны

-Оғыздар тарихындағы бірқатар оқиғалар баяндалады.
-Оғыз мемлекетін құрған Оғызхан есімді тарихи тұлғаның ерліктері жырланады.«Оғыз қаған Ұлығ құрылтай шақырды. Оғыз қаған үлкен ордада отырды...Оң жаққа Бозоқтар отырды,сол жаққа Үшоқтар отырды. Бұдан соң ұлдарына жұртын үлестіріп берді».

Қытай деректері

-Оғыздардың құрамына кірген тайпалар: байандұр, имур, қайлар.

«Күлтегін» жазуы

-Күлтегінде жерлеу салтына қатынасқан түрік тайпаларының ішінде «оғыз білге таңбашының» (мөрші) болғандығы жазылған. Мұнда «таңбашының» немесе мөршінің оғыздардың атынан баруы оғыздардың көрнекті мемлекеттік дәрежеде болғандығын көрсетеді. Бұл жазбадағы «Тоғыз-оғыз халқы өзіме тән еді», «Күлтегін бек...оғыздардың арасына кірді»деген сөздер оғыздар мен Шығыс Түрік қағанаты арасында жақсы қарым-қатынастың болғандығын дәделдейді .

Әбу Дулаф
араб саяхатшы

-« Қаласы тастан, ағаштан салынған. Патшалары халыққа салық салып, алым жинайды. Үндістан және Син мемлекеттерімен сауда жүргізеді. Бидайды асқа қолданады, олардың елдерінде көкөністер жоқ»

М.Қашғари

-Оғыздардың тайпалық құрамы туралы деректерді береді.«Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде оғыздардағы 24тайпадан тұратындығы жазылған. ( бұл оғыздардың жаңадан әр түрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі).
-Жетісу және Ыстықкөл мен Шу аралығынмекендегені.
-М. Қашғари және әл-Марвази еңбектерінде оғыз тайпаларының қынық, баят, язғыр, имур, қарабұлақ т.б. атаулары көрсетілген.

Әл-Марвази 

-Оғыздардың 12 тайпасы жөнінде жазады (12 тайпаға түскен кезі-ол тайпалардың бір-біріне қосылып, халықтық дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет