-Оңтүстік Қазақстан және Жетісуерте ортағасырларда түріктердің қалалық мәдениеті дамыған аймақ. VI-IX ғасырларда қала мәдениетін дамытуда Ұлы Жібек жолы және халықаралық керуен саудасы маңызды рөл атқарды.
-Оңтүстік Қазақстанда ортағасырлық қала мәдениеті ежелгі қаңлылар дәстүрінде қалыптасты.Осы аумақта қала мәдениетін өркендетуде соғдылар маңызды рөл атқарды. Оңтүстік Қазақстанда түркі-соғдылық аталған мәдени кешен пайда болды. VI-IX ғасырларда отырықшылық мәдениет орталығы болған Отырар, Йасы, Сығанақ, Сауран, Янгикент қалалары орналасты.Қаратау баурайында VI –VIІІ ғасырлардаБаладж және Баба-Ата қалалары болды.
- Жетісу- VI-IX ғасырларда қалалық мәдениет дамыған, Тараз, Талхир (Талғар), Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан өңір.
-Қалалардың негізгі халқын түркілер құрады. Ең ірі Тараз «әйгілі түркі қаласы» деп аталды.
Цитадель-қаланың қорғаныс құрылыстарымен қоршалған орталық бөлігі. Қала билеушісінің сарайы, әкімшілік және діни ғимараттар орналасқан. Цитадельде қуатты қорғаныс жүйесі, салтанатты дәлдіздер, сақтау қоймалары болды. Цитадельдің сыртын шахристан қоршап тұрді.
Шахристан–қоғамдық ғимараттар, сауда және мәдени мекемелер орналасқан бөлігі. Шенеуіктер мен ақсүйектердің, әскери қызметкерлер мен дінбасылардың үйлері орналасты.
Рабад –қолөнер- сауда орны, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймағы. Қалының негізгі халықы өмір сүрді.Мұнда шеберханалар мен мекен-жайлар салынды.
-Қалалар туралы деректер руна жазуларында сақталған. Мәселен, көне түркі руна ескерткіштерінде «балық»-қала, «балықдақы»-қалалықтар, «барқ»-ғимарат деген түркілік атаулар берілген.